Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы қаласының №35 гимназиясында 9 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді

$
0
0
2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы Алматы қаласының №35 гимназиясында 9 сынып оқушыларына арналған «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына аталған мектептің тәрбие істері жөніндегі директордың орынбасары және оқушылары қатысты. Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, авторлық құқық объектілері туралы мысалдар арқылы кеңінен мәлімет берді. Оқушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, авторлық құқық объектілерін қорғау, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану туралы сұрақтар қойды.  Шара соңында тәрбие істері жөніндегі директордың орынбасары А.А. Мендешова ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, қызметте жеміс тіледі.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles