2018 жылдың 21 желтоқсанында «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» («ҰЗМИ» филиалы) Алматы қ. филиалында «Ашық есік күні» өтті.
Алғы сөзді филиал директоры З. Орынбекова алып, зияткерлік меншік саласындағы ҚР-ң кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып берді.
Сонымен қатар, «ҰЗМИ» РМК филиалының басқарма және бөлім басшылары келесідей тақырыптар бойынша ақпарат берді:
- Оқу орталығының қызметі туралы;
- Өнертабысқа патент алу құқығы;
- Тауар таңбаларын тіркеу;
- Өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды өтінім беру.
Шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-ң, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Биокарбон» ЖШС-ң өкілдері мен «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты.