Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕР МЕН МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын ескертеді.

Құжаттар келесі тәсілдердің бірімен ұсынылуы мүмкін:

  • пошта арқылы («Қазпочта» АҚ немесе басқа пошта компаниялары);
  • қолма-қол «ҰЗМИ» РМК кеңсесіне;
  • «электрондық үкімет» www.egov.kzвеб-порталы арқылы.

ҚР «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 1 бабының 12) тармақшасына сәйкес электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.

kazpatent@kazpatent.kzэлектрондық мекен-жайына жіберілген құжаттар электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылмайды, демек, ол электрондық құжат болып табылмайды және назарға алынуы мүмкін емес.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles