2019 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында (ҰЗМИ филиалы) «Авторлық құқық» тақырыбында оқыту семинары өтеді.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:
- авторлық құқық объектілерінің түрлері;
- мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі;
- авторлық құқық объектісіне куәлік алу.
Семинардың басталу уақыты: 2019 жыл 26 ақпан, сағат 10.30-да.
Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.
Семинарға қатысу құны бір адамға 3297 теңгені құрайды.
Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!
Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына +7 (727) 344-30-07 және 344-30-00 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kzэлектронды поштасына хабарласуға болады.
Семинар бағдарламасы қоса беріледі.