Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Құрметті сайт қонақтары! "ҰЗМИ"РМК жақын арада халықаралық өтінімді Халықаралық бюро және Халықаралық іздеу органына РСТ рәсімі бойынша e-PCT сервистің электрондық формасында қабылдауды жүзеге асыратын болады

$
0
0
Бүгінгі күні «ҰЗМИ» РМК қабылдау Ведомствосы ретінде өнертабысқа өтінімдерді аударып  жіберу мәселесін , е-РСТ рәсімі бойынша тек қана қағаз формасында өтініштерді қабылдау арқылы ғана емес, сондай-ақ электронды өтінім функциясын электронды РСТ-сервис арқылы қолдана отырып жүзеге асыруды қарастыруда.
      Бұл өтінім берудің барысын тездетуге, сәйкесінше өтінім басымдылығын анықтауға, сондай-ақ электронды РСТ-нің қосымшаларына төлемдердің азаюына байланысты өтініш берушілердің шығындарын азайтады.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген қызметте кез-келген ақпаратты көрсететін  өтініштерге қатысты қабылданатын әрекеттер туралы көрсететін тіркеу функциясы бар.
      2017 жылғы 20-21 қыркүйекте Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдері Ұлттық зияткерлік меншік институтымен бірлесіп, Халықаралық бюроға электронды е- РСТ-сервис арқылы өнертабысқа өтінімдерді электронды түрде беру тәртібі туралы семинар өткізді.
Семинар шеңберінде ДЗМҰ өкілдері РСТ рәсімінің электрондық файлдық функциясын пайдаланудың негізгі мәселелерін көрсетті.
    2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 қаулысымен бекітілген өнертабыстар мен пайдалы модельдерге өтінімдерді қарау Ережесінің тиісті ережелеріне өзгерістер енгізілгеннен кейін осы функцияны жүзеге асыру туралы ақпарат  «ҰЗМИ» РМК сайтында орналастырылады.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles