Кәсіпкерлер мен барлық мүдделі тұлғалардың назарына!
Сіздерді ағымдағы жылдың 29 сәуірінде сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3Б-ғимараты, 501 конференц залында тауар таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінім беру және тіркеу рәсімі мәселелері жөніндегі семинарға шақырамыз.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылатын болады:
- тауар таңбасы, тауар шығарылған жердің атаулары мен өнеркәсіптік үлгіге электронды өтінім беру рәсімі;
- тауар таңбасы, тауар шығарылған жердің атаулары мен өнеркәсіптік үлгіге өтінім беруге қойылатын талаптар;
- тауар таңбасы, тауар шығарылған жердің атаулары мен өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге сараптама жүргізу рәсімі мен кезеңдері;
- тауар таңбаларын халықаралық тіркеу рәсімі.
Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Республикаының Әділет департаментінің қызметкерлері қатысады.
Байланыс үшін тұлға: Асем Капбасова, жұм.: 8-7172-62-15-69, ұялы телефон.:8-702-162-93-03, эл. пошта: a.kapbasova@kazpatent.kz.