Бүгін 2019 жылдың 14 қазанында «Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасында үздік эссе республикалық конкурсының қорытындысы анықталды. Конкурс 2019 жылдың 2 қыркүйегінде басталған.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың арасындағы шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, жас ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту.
Конкурсқа 8-11 сынып жас санатындағы оқушылар қатысты. Конкурсқа Республика бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 260 тан астам эссе түсті.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында 2019 жылдың 25 қазанында конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Комиссия шешімі конкурстың сайтында жарияланды: http://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy
Жеңімпаздарды, сондай-ақ балаларды лайықты дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!