2018 жылғы 1-2 ақпан аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласында «Зияткерлік меншік жаңа технологиялық тәртіп» атты халықаралық конференция жұмысына Қазақстан Республикасы делегациясы Ұлттық зияткерлік меншік институты директоры Е.Қ. Оспановтың бастауымен қатысты.
Конференция жұмысына Ресей Федерациясы Үкімет Төрағасының орынбасары Аркадий Дворкович, ДЗМҰ Бас директорының орынбасары Джон Сэндэйдж, Еуразия патенттік ұйымының Еуразия патенттік ведомства президенті Сауле Тлевлесова, ұлттық патенттік ведомстволардың басшылары және сарапшы қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Ресей, Чили, Морокко, Ямайка ұлттық патентік ведомстоволарының басшылары, Аустралия, Ұлыбритания, Израиль университетерінің профессорлары, сондай-ақ Аустралия, Сингапур, Жапония және басқа елдердің зияткерлік меншік саласындағы сарапшылары сөз сөйледі.
Конференция зияткерлік меншік институтары экономиканың цифрлау және жаңа технология мүмкіндіктерінің пайда болу жағдайында қақтығысу мәселерін қарастыруға арналған.
Конференция қастысушыларымен патентерді сапалы беруді көтеру және өтінімдерді қарастыру рәсімін жеделдету мақсатында патенттік ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Қазіргі таңда сараптама жұмысы жасанды ақылмен ауыстыруға келмейді, жаңа технологиялық даму патентік заманауи жүйелері әсер ету жолдары көбінесе қоғамның дайындылығымен анықталады.