Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Astana Hub IT стартаптар Халықаралық технопаркінде оқыту семинары өтті

$
0
0

2019 жылдың 23 желтоқсанында Astana Hub  IT стартаптар Халықаралық технопаркінде Ұлттық зияткерлік меншік институты сарапшылары «IT-шешімдерді зияткерлік меншік ретінде тіркеу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара 2019 жылдың «ҰЗМИ» РМК және Astana Hub  IT стартаптар Халықаралық технопаркімен жасалған меморандум аясында өткізілді. Өнертабыстар және селекциялық жетістіктер департаменті физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Замира Срайылтехнопарктің қызметкерлерімен тыңдаушыларын IT-шешімдерді патенттеудің процесімен таныстырды. Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының аға сарапшысы Ляззат Тутешеваөз баяндамасында шетелде патенттеудің негізгі ретін түсіндірді. Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары Саят Шидербековавторлық құқықты тіркеу жөнінде түсіндірді.

 Семинардың соңында IT мамандар және стартапшылар IT-шешімдерді тіркеу және құқықтық сауаттылық, зияткерлік меншік саласында өз обьектілерін қорғау және сақтау бойынша сұрақтарға толықтай консультациялар алды.

 

Тутешева ЛяззатСрайыл Замира
Шидербеков Саят

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles