Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Хабарландыру! 2018 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласында (ҰЗМИ филиалы) оқыту семинары өткізіледі

$
0
0

2018 жылдың 27ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Дараландыру құралдары: тауар таңбалары, тауар шығрылған жерлер атаулары мен өнеркәсіптік үлгілер. Авторлық құқық негіздері»тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

Аталған семинар бизнес-құрылымдардың өкілдеріне, атап айтқанда, өндірушлерге, дистрибьюторлерге және тұтынушыларға арналып отыр.

Шараға қонақ әрі лектор ретінде "KazFranch"Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице-призиденті шақырылып отыр. Сонымен қатар, «ҰЗМИ» филиалының білікті сарапшылары да дәріс оқитын болады. 

Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:

-тауар таңбасына өтінім беру рәсімі және оған қойылатын талаптар;

-тауар таңбасы саласындағы халықаралық келісімдер;

-тауар шығарылған жерлер атаулары ретінде тіркелетін белгілер;

-қорғау құжатын жарамсыз деп тану және оның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату;

-авторлық құқық объектілері; авторлық құқық объектілеріне жататын шығармалар;

-авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Шара соңында «ҰЗМИ» филиалының сарапшылары өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша консультация беріп, тәжірибелік көмек көрсететін болады. 

Семинардың басталу уақыты: 2018 жыл 27 ақпан, сағат 10.00-де.

Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер ағымдағы жылдың 25 ақпанынадейін қабылданады.

Семинарға қатысу тегін.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз.

Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.

Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-74-30телефондары бойынша хабарласуға болады.

Семинар бағдарламасы

Семинарға қатысу өтінімі

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles