Бүгін 26 маусым 2020 жылы «ҰЗМИ» РМК директоры Ермек Куантыров Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.
Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу саласындағы сараптама ұйымымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, оның ішінде өтініш берушілермен электрондық өзара іс-қимыл, мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдер сараптамасы, Апелляциялық кеңес қызметі талқыланды.
Тараптар өткізілген талқылаулардың нәтижелілігін атап өтіп, осындай форматта тұрақты түрде кездесулер өткізуге келісті.