Құрметтеу және мадақтау мәдениетін дамыту, сондай-ақ өнертапқыштық, шығармашылық және инновациялық қызметті дәріптеу, сондай-ақ интеллектуалды еңбекті мойындау мақсатында Ұлттық зияткерлік меншік институты (KAZPATENT) келесі марапаттарға үміткерлерді ұсынуға өтінімдер қабылдайды:
1. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) алтын медалі және / немесе сыйы.
Марапат туралы толық ақпарат: https://www.wipo.int/ip-outreach/ru/awards/
2. В.И. Блинников атындағы Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПҰ) алтын медалі
Медаль туралы толық ақпарат: https://www.eapo.org/ru/documents/norm/medal_polog_2015.html
Марапаттауларға лайық үміткерлерді ұсыну құқығы министрліктерге, ведомстволарға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, ғылыми-техникалық қоғамдарға және Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдарына беріледі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ұйым бір ғана үміткер ұсына алады!
Номинациясы көрсетілген ұсыныстар басшылық қол қойған және электронды түрде мөрмен бекітілген бланкіде ұсынылады. Сонымен қатар, ұсынысқа ғылыми кеңестің немесе еңбек ұжымының жалпы жиналысының хаттамасынан үзінді немесе үміткерді ұсыну туралы шешім қоса жіберіледі.
Ұсыну мерзімі: 2020 ж. 1 қарашасы.
Анықтама телефоны: +77014967675 - Ділдә Нұралина
Электрондық поштасы: d.nuralina@kazpatent.kz