«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК мен Түркия патенттер мен тауар белгілері жөніндегі ведомствосы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат ведомстволар арасында тәжірибе алмасуға, сарапшыларды оқытуға, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы ағартушылық және білім беру қызметіне қатысуға бағытталған.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Түркияның зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастығындағы үлкен қадам болып табылады.