Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Казпатент Үлбі металлургия зауытының патент жүргізушілеріне арналған кезекті вебинарын өткізді

$
0
0

2021 жылғы 20 мамырда «Үлбі металлургия зауыты» АҚ патент жүргізушілеріне арналған зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізілді.

Вебинар барысында Казпатент спикерлері өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау, өз туындысына авторлық құқықты тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды берудің негізгі нысандары мәселелерін қамтыды.

Шара барысында тыңдаушылар авторлық құқықтар, өнертабыстар, өтінім берушілердің жеке кабинеті  және шарттарды тіркеуге қатысты сауалдар қойды.

Кездесу соңында қатысушылар спикерлерге мазмұнды және пайдалы баяндамалары үшін алғыс айтып, одан әрі жемісті жұмыс тіледі.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles