2021 жылғы 26-28 тамызда Нұр-сұлтан қаласында «Антиконтрафакт-2021» IX Халықаралық форумы өтеді. Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Үкіметі, Еуразиялық экономикалық комиссия және «Антиконтрафакт-2021» Халықаралық қауымдастығы болып табылады.
Форум алаңында Халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және ғылыми топтардың өкілдері 2021 жылғы сын-тегеуріндер тұрғысынан контрафактіге қарсы күрестің практикалық аспектілерін, таңбалау және тауарларды қадағалау жүйелерінің жұмыс істеуі мәселелерін, тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұрмалауға қарсы іс-қимыл мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде «Интернет» желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау ерекшеліктерін талқылайды.
Форум жұмысына барлық тілек білдірушілер күндізгі және қашықтықтан оқыту форматтарында шақырылады.
форумның ақпараттық порталына келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: http://forum-antikontrafakt.ru/reg-20/