Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Қазақстан делегациясы Женевада ДЗМҰ-ға мүше мемлекеттер ассамблеясының отырысына қатысуда

$
0
0

Қазақстан делегациясы Женева қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Ассамблеясы отырыстарының 63-ші сериясына қатысуда. Делегация құрамында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік департаменті директорының орынбасары Гүлнар Каймулдина және Qazpatent өкілдері атынан директор Ербол Оспанов, директордың орынбасары Айша Жумабековажәне даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Инкара Шертышевабар. 

суретте: Инкара Шертышева, Айша Жумабекова, Ербол Оспанов, Гүлнар Каймулдина

 

ДЗМҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіне ДЗМҰ тұрақты комитеттерінің есептерін, зияткерлік меншік саласындағы жаһандық қызметтерді және ДЗМҰ Бас директоры ұсынатын халықаралық шарттарды жүзеге асыру әкімшілігіне және ДЗМҰ Конвенциясы шеңберіндегі басқа да тиісті функцияларға қатысты іс-шараларды қарау кіреді.

 Бас Ассамблея әкімшілік функцияларын ДЗМҰ атқаратын ДЗМҰ конвенциясына және басқа да халықаралық келісімге қатысушы мемлекеттерден тұрады.

https://www.wipo.int/about-wipo/ru/assemblies/2022/a-63/index.html


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles