Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

«Инновацияларды құру, оларды қорғау мен одан әрі дамытуды қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

$
0
0

2022 жылғы 9 қыркүйекте «Инновацияларды құру, оларды қорғау мен одан әрі дамытуды қолдаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел бір жағынан ғылыми, өнертапқыштық қоғамдастықтардың және екінші жағынан ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы саясатты айқындайтын және іске асыратын ұйымдардың өкілдері үшін диалог алаңын құру мақсатында өткізіледі.

Дөңгелек үстел шеңберінде өнертабыстарды патенттеу және коммерцияландыру процесінде туындайтын негізгі мәселелерді, сондай-ақ қорғау құжаттарының немесе техникалық, жаратылыстану, медицина ғылымдары саласындағы өнертабыстарға патенттік өтінімдердің болуы туралы талапты гранттық қаржыландыру бағдарламаларының конкурстық құжаттамасына енгізу мүмкіндігін талқылау жоспарлануда.

Дөңгелек үстел гибридті форматта өткізіледі.

Қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/86450179595?pwd=djVCbXJaZ3JHYy96OUY1UDd5MEx1QT09

Конференция идентификаторы: 864 5017 9595

Кіру коды: 113107


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles