Құрметті әріптестер!
Сізді Казпатент қызметінің басталу күнімен құттықтаймын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 756 қаулысымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институты құрылып, 2003 жылғы 19 қыркүйектеөз жұмысын бастады.
2022 жыл Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік жүйесінің ерекше мерейтойы - 30 жылдығымен (23 маусым) ерекшеленеді.
Тәуелсіздік жылдарында халықаралық стандарттарға жауап беретін зияткерлік меншіктің берік жүйесін құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда Казпатент – уақыт талаптары мен пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап бере алатын заманауи ведомство.
Баршаңызға Қазақстанның игілігі үшін зияткерлік меншік саласында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін!
Құрметпен, Ербол Оспанов