10 қарашада Назарбаев Университетінде «Шапағат» республикалық форум- конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздар 3 республикалық конкурстың қорытындысы бойынша анықталды: «Шапағат» өнертапқыштар онлайн – конкурсы; транспорт саласы бойынша мектеп оқушылары арасындағы конкурс және «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол!» оқушылар арасындағы конкурсы.
Транспорт саласы бойынша мектеп оқушылары арасындағы бірінші конкурс ағымдағы жылдың 20-22 маусымы аралығында Назарбаев Университетінде өткізілді. Аталған шараға Қазақстанның барлық облыстарынан 80 оқушы қатысты. Шараның қорытындысы бойынша соңғы шешуші турға 40 оқушы өтті. Конкурсты ҚР Әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (әрі қарай – «ҰЗМИ» РМК) Cranfield (Ұлыбритания) университетімен бірге ұйымдастырды. Тамыз айында 40 финалист оқу- танымдық сапармен Ұлыбританиядағы Cranfield университетіне барды.
Транспорт саласы бойынша мектеп оқушылары арасындағы республикалық конкурстың жеңімпаздары
№ | Аймағы | Жеңімпаздар | Оқу орны |
1 | Астанақаласы | 1. Қалиев Мағжан | №48мектеп- лицей |
2. Жағыпарова Әлия | №4мектеп- лицей | ||
3. Күншығарова Нұрсила | №72мамандандырылған мектеп- лицей | ||
4. Сұлтан Алихан | №58мамандандырылған мектеп- лицей | ||
2 | Актөбе облысы | 1. Ахметов Мирас 2. Жанабай Иса | Ақтөбе облысы «Білім инновация» дарынды балаларға арналған мектеп |
3. Қами Нұр 4. Ибраев Асланбек | № 21мектеп- гимназия |
Конкурс туралы барлық ақпарат «Шапағат»форумының http://shapagat.kazpatent.kz/ruсайтында орналастырылды.
Осы форматтағы конкурстарды әлемнің үздік білім мекемелерімен серіктесе отырып, тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. «Шапағат» өнертапқыштардың республикалық онлайн-конкурсы Халықаралық зитякерлік меншік күніне орай 2017 жылдың 26 сәуірінде басталды. Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін қатысушылар өздерінің патенттелінген өнертабыстары, пайдалы модельдері және өнеркәсіп үлгілері туралы бейнероликтерді ұсынды. Аталған бейне роликтерде өнертабыстардың, пайдалы модельдердің және өнеркәсіп үлгілерінің жаңашылдығы, өзектілігі, әлеуметтік маңыздылығы, өзін өзі ақтауы, тиімділігі, мақсатты аудиториясы, құрылған немесе құрылып жатқан жұмыс орындары және т.б. туралы ақпараттар келтірілді. Жүлделі орындар халықтың онлайн дауыс беруі арқылы өзара бөлінді. Конкурстың қортындысы 2017 жылдың 16 қазанында жарияланды. Конкурсқа ғылымның 32 саласы бойынша 115 бейнеролик келіп түсті. Көп дауыс жинаған 10 өнертапқыш жеңімпаз болып танылды. Толығырақ http://shapagat.kazpatent.kz/ru.

«Шапағат» өнертапқыштардың республикалық онлайн-конкурсының жеңімпаздары
п/п | Аты- жөні | Өнертабыстың атауы | Дауыс саны | Патент | Саласы | Аймақ |
1 | Жүсіпбеков Өмірзақ | Микроэлементті кешенді тыңайтқыш алу тәсілі | 6618 | Пайдалы модель | Ауыл шаруашылығы | Алматы |
2 | Булатов Нуржан; Нурушев Бостан | Биогаз қондырғысы | 6413 | Өнертабыс | Механика | Көкшетау |
3 | Әлімханова Роза | Балалардың табанының артрогрипозды өзгеруін емдеуге арналған тарту құралғысы | 5962 | Өнертабыс | Медицина | Қарағанды |
4 | Покусов Виктор | Жеке компьютер | 5016 | Пайдалы модель | IT-технология | Алматы |
5 | Жүсіпбеков Өмірзақ | Мұнаймен ластанған топырақты тазарту тәсілі | 4534 | Өнертабыс | Мұнай- газ және тау-кен өндіру өнеркәсібі | Алматы |
6 | Покусов Виктор | Компьютерлік жабдықтың салқындату жүйесі | 3755 | Пайдалы модель | IT-технология | Алматы |
7 | Әлтайұлы Сағымбек | Сүтқышқылды өнімді өндіру тәсілі | 2287 | Өнертабыс | Азық-түлік өнеркәсібі | Астана |
8 | "Микробиология және вирусология институты "ШЖҚ РМК | Композициялық вирусқа қарсы "вироспан "өсімдік тектес дәрілік зат | 2215 | Инновациялық патент | Фармацевтика | Алматы |
9 | Бектенов Несіпхан | Топырақ - бетонды қоспа | 1413 | Инновациялық патент | Құрылыс | Алматы |
10 | Бүркеев Мейрам | Наноөлшемдіникель және полипропиленгликольмалеинат пен акрил қышқылының сополимерлі негізіндегі каталитикалық жүйелерді алу әдісі | 770 | Пайдалы модель | Химия | Қарағанды |
«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол!» оқушылар арасындағы үшінші байқау да 2017 жылдың 26 сәуірінде басталды. Аталған шараның мақсаты оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру және зияткерлік меншік саласында білімді тарату, жеткіншектерге патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру болып табылды. Байқауға 8-11 сынып оқушылары арасынан 190 оқушы қатысты. 16 қазанда байқаудың қорытындысы шығарылды. Комиссия мүшелерінің онлайн дауыс берулері арқылы 5 оқушы жеңімпаз болып танылды.
«Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» оқушылар арасындағы үздік эссе республикалық онлайн- конкурсының жеңімпаздары
I орын | |
II орын | |
III орын | |
Сонымен қатар, Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар жәрмеңкесін өткізді. Өнертабыстар жәрмеңкесі бойынша өнертапқыштар қосымша ақпараттар бере отырып, өз өнертабыстарын таныстыру, өндіріске өнертабыстарын енгізу үшін бизнес- серіктестер іздеп табу мүмкіндіктеріне ие болды. Ал инвесторлар жәрмеңке алаңында орналастырылған өнертабыстар туралы ақпарат ала алады.
Байқауды ҚР Әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Назарбаев Университетімен бірге ұйымдастырды. «Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық байқауы өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, зияткерлік меншіктің рөлін, қоғамның өнертапқыштық қызмет туралы хабардарлық деңгейлерін арттыру және болашағы бар өнертабыстардың қолданылуына жәрдемдесу мақсатында 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. «Шапағат» конкурсы осы жылы жаңа форматта өткізілді. Осы жылдар аралығында бірінші рет жеңімпаздарды комиссия емес онлайн дауыс беру арқылы қазақстандықтар анықтады. Өнертапқыштар өз өнертабыстары туралы бейнероликтер ұсынды.
ҚР Әділет министрлігі
Баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru