2018 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қ. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалы «ХХІ ғасырдағы инновациялар мен зияткерлік меншік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
Ғылыми-тәжірибелік семинар келесідей мәселелерге арналды:
- инновациялық процестердегі өнертабыстардың рөлі және оларды құқықтық қорғау;
- өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің артықшылықтары;
- инновациялық қызметтегі зияткерлік меншік;
- жоғары оқу орындарының өнертапқыштық қызметі;
- ғарыштық техника және технология институтының инновациялық әзірлемелері;
Семинар жұмысына университет өкілдері, патенттанушылар, өнертапқыштар және ҰЗМИ филиалының қызметкерлері қатысты.
Аталған шараға спикер ретінде:
- Б.С. Құрманғали, Зияткерлік меншік иелері қауымдастығының президенті;
- С.А. Юсупов, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ң патентанушысы
- Д.Г. Кемешова, Ғарыштық техника және технология институтының ғылыми қызметкері;
- И.И. Гирина, Физика-техникалық институтының патенттанушысы
- Г.У. Жакитова, Алматы қ. «ҰЗМИ» филиалының Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының басшысы;
- Т.В. Горбунова, Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы сөз сөйледі.
Бұдан бөлек, 2018 жылғы Халықаралық зияткерлік меншік күнінің«Өзгеріс күшінің қозғалтқышы: Инновация және шығармашылық саласындағы әйелдер» тақырыбына орай аталған шараға М.К. Алимарданова қатысты. М.К. Алимарданова өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат-2016» Республикалық байқауының «Өнертапқыш әйел» номинациясының жеңімпазы. Ол өз кезегінде зияткерлік меншік саласындағы әйел өнертапқыштардың техникалық, шығармашылық және тәжірибелік жұмыстарын атап өтті.