Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

ЕПК Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың Қырғыз Республикасы, Азербайжан Республикасы және Армения Республикасы үшін күшіне енуі туралы

$
0
0

2021 жылдың 17 наурызында, 2019 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласындағы дипломатиялық конференцияда қабылданған Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама күшіне енді.

Депозитарийдің хабарламасына және Хаттаманың 22(4) бабына сәйкес, аталған халықаралық шарт Қырғыз Республикасы, Азербайжан Республикасы және Армения Республикаларына қатысты күшіне енді. Хаттама Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасына байланысты тиісінше 2021 жылдың 11 және 12 сәуірінде  күшіне енеді.

Өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патенттерді ау үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі, отырысы 2021 жылдың 14 сәуіріне жоспарланған, ЕАПҰ Әкімшілік кеңесімен айқындалатын болады және оның шеңберінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау мәселелері бойынша ЕАПҰ нормативтік құқықтық актілері қабылданатын болады.

ЕАПВ-ның өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патентті алуға өтінімдерді қабылдап бастау мерзімі туралы ақпарат ЕАПҰ веб-порталында орналастырылатын болады.

 


ЕАПВ ЕПК Мүше-мемлекеттердің патенттік ведомстволары, технопарктер мен инновациялық орталықтар үшін тренинг өткізді

$
0
0

2021 жылдың 16 және 18 наурызы аралығында Еуразиялық патенттік ведомствосы (ЕАПВ) онлайн режимде, ЕАПВ-ның және басқа өнеркәсіптік меншік ведомстволарының ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы өнертабыстардың сараптамасын жасау тәсілдерін қарастыруға арналған тренинг өткізді.

Тренингке ЕПК Мүше-мемлекеттері патенттік ведомстволарының жұмыскерлері, технопарктер және инновациялық орталықтар қатысты. Қазақстан Республикасынан «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті жұмыскерлері, «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласындағы филиалы жұмыскерлері, Назарбаев Университеті бизнес-акселараторы өкілдері және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің коммерциялизациялау кеңсесі және профессорлық-мұғалімдік ұжымы қатысты.

Тренинг барысында компьютерлік программалардың патенттік құқық негізіндегі мәселелері, патенттік жіктеу, компьютерді қолдану арқылы жүзеге асатын өнертабыстарды халықаралық патенттік жіктеудің ерекшеліктері, жасанды сана саласындағы өнертабыстар, аппараттық-программалық шешімдер мәселелеріне жалпы шолу және блокчейн талқыланды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың ұсынылған материалмен толық көлемде таныса алуы үшін тренингтің тақырыптарына тәжірибелік тапсырмалар дайындаған екен.

2021 жылы ЕАПВ өнертабыстарды және өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу саласындағы өзекті тақырыптарда бір қатар қашықтық нысанындағы семинарлар және тренингтер өткізуді жоспарлағанын атап өту қажет

КАЗПАТЕНТ қатысушылар атынан тренингті ұйымдастырудың және өткізудің жоғары деңгейі үшін ЕАПВ-ға алғысын білдіреді.

 

С праздником Наурыз!

Қазақстандық жас өнертапқыштар «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасында жүлделі орындарға ие болды

$
0
0

Еуразиялық патенттік ведомство Еуразиялық патенттік ұйымның 25 жылдығына арналған «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиаданы қорытындылады.

Универсиадаға Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттерден 18-25 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.

Универсиада бірнеше тақырып бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық нәтижелері баяндалған шығармашылық жұмыстар байқауы түрінде өткізілді.

Шығармашылық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша қазақстандық жастардың өкілдері үш тақырып бойынша жүлделі орындарға ие болды:

 

Сеитов Санат Қайырғалиұлы«Біз - Н. Тесланың ұрпағымыз. Табиғаттың барлық заңдарын біздің қолымызда» тақырыбы бойынша жұмыстарды ұсынған қатысушылар арасында «Өсімдік ауруларын анықтауға және онымен күресуге арналған ауыл шаруашылығы роботы» жобасымен 1 орынды иеленді.

Айта кететін жайт, 2019 жылы Сеитов Санат «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік Универсиадасында «Қалмақия Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес мақсатында сидеральды дақылдарды егуге маманданған робот» жобасымен жеңіске жетті. 2020 жылы ММУ экономика факультеті агроэкономика кафедрасының аспиранты ретінде Санат «Bayer» байқауында жеңіске жетті (Ресейдің агрономиялық жоғары оқу орындарының талантты жастарын қолдауға бағытталған байқау).

 

Ержан Диана Ержанқызы«Біз- Д. Менделеевтің ұрпағымыз. Нахимичим? Иә! Өмір сүру ұзақтығын арттырамыз!» тақырыбындағы жұмыстар арасында «Шұбаркөл көмірінен электр сульфидтеу әдісімен сирек кездесетін және шашыранды металдарды алу» жобасымен 3 орындыиеленді.

 

Мұсатай Есенгелді Амангелдіұлы «Вирустан қорғау - жау кетпейді! Дәрігерлер мен пациенттерді жұқтырудан жеке қорғау жүйесін» тақырыбы бойынша жұмыстар арасында «Вирустан қорғау - жау кетпейді! Дәрігерлер мен пациенттерді инфекциядан жеке қорғау жүйелері (жусан сығындысы қосылған дезинфекциялық құрал)» жобасымен 3 орындыиеленді.

 

«Болашаққа көзқарас» Универсиадасының қорытындысы келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.eapo.org/ru/info/univers2021_results.php

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Отандастарымызға жаңа шығармашылық идеялар мен жеңістер тілейміз!

 

Казпатент Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосымен (EUIPO) екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

$
0
0

 

        

 

Бүгін 2021 жылғы 6 сәуірде бейнеконференция байланысы форматында Ұлттық зияткерлік меншік институты (КАЗПАТЕНТ) мен Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы (EUIPO) арасында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 Қол қою рәсімін құттықтау сөзімен EUIPO атқарушы директоры Кристиан Аршамбо мырза ашты. КАЗПАТЕНТ директоры Ербол Оспанов өз кезегінде Меморандумның екі ведомствоның арасындағы әріптестіктің артуына оң ықпал ететініне және зияткерлік меншік саласының дамуына үлесі мол болатынынын айта кетті. Тараптардың назарына ведомстволардың қызметіне шолулар ұсынылды.

Меморандум өзінің зияткерлік меншік жүйелері мен қызметтерін жетілдіру мақсатында ЗМ басқару саласында неғұрлым тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға бағытталған. Ведомстволар тауар таңбалары мен  өнеркәсіптік үлгілермен байланысты екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.

 

ЕАПҰ әкімшілік кеңесі Еуразиялық өнеркәсіптік үлгіні іске қосу туралы шешім қабылдады

$
0
0

Бүгін 2021 жылдың 14 ақпанында Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің (ЕАПҰ ӘК) отыз жетінші (оныншы кезектен тыс) отырысы орын алды.

Отырысты ЕАПҰ ӘК Төрағасы, ЕАПҰ ӘК-дегі Тәжікстан Республикасының өкілетті уәкілі, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі «Ұлттық патенттік-ақпараттық орталық» мемлекеттік мекемесінің директоры М.Х. Исмоилзода ашты.

Отырысқа Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Түркменстанның ЕАПҰ ӘК-не өкілетті уәкілдері, Азербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының ЕАПҰ ӘК-не өкілетті уәкілдердің орынбасарлары, және де Беларус Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының делегация мүшелері қатысты.

Әкімшілік кеңестің мүшелері ЕАПК-ға Патенттік нұсқаулықтың II-бөлігін «Өнеркәсіптік үлгілер» және ЕАПҰ-ның еуразиялық өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер және еуразиялық өнеркәсіптік үлгілерге байланысты жүргізілетін құқықтық маңызы бар және өзге әрекеттер үшін төлемдер туралы ережелерін бекітті.

Протокол шеңберінде өтелетін Төлемдерді бөлу мәселелері, сондай-ақ еуразиялық өнеркәсіптік үлгілеріне өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі мәселелері қарастырылды. ЕАПВ ақпараты бойынша, өтінімдерді қабылдаудың 2021 жылдың 1 маусымынан басталуы жоспарланып отыр.

Толықтай алғанда, Протокол өтінім берушіге ЕАПВ-ға берілген біртұтас өтінім арқылы өнеркәсіптік үлгінің құқықтық қорғалуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 9 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Дипломатиялық конференцияда қабылданған Еуразиялық патенттік конвенциясына (ЕАПК) Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы протокол, 2021 жылдың 17 наурызында Қырғызстан, Азербайжан және Армения үшін күшіне енді, 2021 жылдың 11 сәуірінде Ресей үшін және 2021 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан үшін күшіне енді. Документ Тәжікстанда ратификацияланған, Протоколға қосылу туралы мәселе Беларусияда және Түркменстанда қарастырылуда.

 

Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар

$
0
0

2021 жылдың 20 сәуірінде Халықаралық ЗМ күні мерекесі орайында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті қызметкерлері мен оқытушылары үшін ЗМ-ті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізілді.  Казпатент қызметкерлері атынан спикерлер тыңдаушыларды Халықаралық ЗМ күнімен құттықтап және Казпатенттің қызметі, қызметтік өнертабыстар, өнертабыстық деңгейді айқындау және лицензиялық келісімшарттарды тіркеу туралы айтып берді. Инновацияның және өнердің дамуына үлес қосатын ЗМ-тің маңыздылығын атап өтті.

Вебинар бағдарламасы

Қазпатенттің Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне арналған вебинары

$
0
0

Бүгін 2021 жылдың 21 ақпанында Халықаралық зияткерлік меншік құқығы күні қарсаңында Қазпатент спикерлері А. Артыкова, А. Батырбекова, Ф. Кенжеханова, С. Шидербеков Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессорлік-оқытушылық құрамына вебинар өткізді. Вебинарды қарсы алу сөзімен Басқарманың мүшесі, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің ғылыми жұмыс бойынша проректоры Еркебулан Тажабаев ашты. Үлкен қызығушылықпен Қазпатенттің қызметі, ЗМ саласындағы заңнамалардағы туындылар бойынша лекциялар, өнертабыстарды және пайдалы моделдерді патенттеу процедурасы, өзінің туындыларына авторлық құқықты тіркеу процедурасы тыңдалды. Өзекті сұрақтар қозғалып, ұсыныстар енгізілді. Спикерлер тыңдаушыларды Халықаралық ЗМ күнімен құттықтады, ал ЖОО өкілдері өз ретінде Қазпатентке сапалы деңгейде өткізілген вебинар үшін алғыс айтты.

Вебинар бағдарламасы

 


ШОБ өкілдеріне арналған «ЗМ объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбындағы онлайн-конференция

$
0
0
Бүгін 2021 жылдың 22 сәуірінде КАЗПАТЕНТ спикерлерінің қатысуымен ШОБ өкілдеріне арналған «ЗМ объектілерін құқықтық қорғау» тақырыбында конференция өтті. Іс-шара Нұр-сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасының платформасында өтіп, 8 мыңнан астам қатысушысы бар «Нұр-Сұлтандағы Бизнес» (Facebook) көпшілікке қолжетімді тобында тікелей трансляциямен көрсетілді. Конференцияны Нұр-сұлтан қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Талғат Шахабаев ашты. Конференция Халықаралық зияткерлік меншік күніне орайластырылған.

Вебинар бағдарламасы

Қазпатент директорының Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтауы

«Шапағат-2021» өнертапқыштар конкурсына қатысу үшін онлайн-өтінім қабылдау басталды

$
0
0

2021 жылдың 26 сәуірі мен 26 тамызыаралығында «Шапағат-2021» өнертапқыштар конкурсына қатысу үшін онлайн-өтінім қабылдау басталды

Депутаттар, ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелерін талқылады

$
0
0

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ҚР Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мүшелерінің ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Қазпатент) басшылығымен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау бойынша кездесуі өтті.

Кездесуді алғы сөзбен Комитеттің хатшысы Қанатбек Сафинов ашты. Ол өз сөзінде Парламент депутаттарының бір тобымен (С. Айтпаева, В. Волков сенаторларымен)қазіргі уақытта Мәжілісте қаралып жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына бастамашылық етілгенін атап өтті.

 

Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова зияткерлік меншік саласы бойынша жоспарланған реформалар туралы баяндама жасады және зияткерлік меншік мәселелері бойынша Заң жобасымен ұжымдық ұйымдардың қызметі мен олардың тиімділігін жоғарылату; «географиялық көрсеткіштер» жаңа объектісінің енгізу; тіркелмеген өнеркәсіптік үлгілерді қысқамерзімде қорғау; патенттік сенім білдірілген өкілдерінің жұмысын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтыруларды қарастырылатындығын атап өтті.

 

Қазпатент директоры Ербол Оспанов депутаттарға зияткерлік меншік саласына деген қызығушылығын білдіргендері  үшін  алғыс білдірді және Қазпатент қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Депутаттар зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.

Қорытындылай келе, депуттар заң жобасымен қарастырылған «географиялық көрсеткіштер» сияқты зияткерлік меншік объектісінің енгізілуі бойынша, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мерзімдерінің қысқартылуы және патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметтерін жетілдіру бойынша өзгерістердің уақытылы және тиімді екенін атап өтті.

 

Қазпатент ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен вебинар өткізді

$
0
0

Қазпатент Ауыл шаруашылығы министрлігімен (АШМ) бірлесіп ауыл шаруашылығы мамандары үшін селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізді. Бұл шара Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтуге орайластырылды.

Шараға ғылыми-зерттеу институттары, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары және зерттеу институттары ауыл шаруашылық мамандары қатысты.

Вебинардың модераторы ретінде «ҰЗМИ» РМК директорының кеңесшісі Калия Батаева қатысты. АШМ тарабынан алғы сөзбен «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ төрағасы Талғат Ажғалиев қатысты.

Вебинардың барысында селекциялық жетістіктердің патентке қабілеттігіне, автолық құқығына, беру шарттарын жасасуға қатысты өзекті сұрақтары қарастырылды.

Сонымен қатар Мемлекеттік комиссияның сорттарды сынау бойынша қызметіне байланысты сұрақтар талқыланды.

Үйретуші семинарды тәмәмдауда Қазпатент сарапшылары семинар барысында қарастырылған объектілерді құқықтық қорғау сұрақтары бойынша консультациялар берді.

Шараға толығымен 100-ге жуық адам қатысты.

    
 

Вебинар бағдарламасы

Қазпатент Қазақстан Республикасының шығыс аймағына арналған вебинар өткізді

$
0
0

2021 жылдың 30 сәуірінде «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен Қазақстан Республикасы шығыс аймағының кәсіпкерлеріне арналған зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізілді.

Вебинар Халықаралық зияткерлік меншік (ЗМ) күнін атап өтуге орайластырылды және бизнес үшін маңызды тақырып – зияткерлік меншік және оны қорғау механизмдеріне арналған.

Шара барысында Қазпатент спикерлері зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелерін, өз туындысына авторлық құқықты тіркеуді, мемлекеттік тізілімді жүргізуді,  айрықша құқыққа билік ету туралы келісімшарттарды жасасуды, сондай-ақ Қазпатент құрамындағы IPR Center мүмкіндіктерін  қозғады.

Вебинар бағдарламасы

 

    

Қазпатент және КАЗГЮУ арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

$
0
0

Бүгін, 2021 жылдың 30 сәуірінде Ұлттық зияткерлік меншік институты және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты зияткерлік меншік саласындағы жоғары білікті заңгерлер кадрлерін дайындау, кадрлық резервті қалыптастыру, тәжірибе алмасу, сондай-ақ қонақ лекциялар, семинарлар, тренингтер және ынтымақтастықтың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы өзара ынтымақтасты дамыту болып табылады

Документке Қазпатент директоры Ербол Оспанов және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талған Нәрікбаев қол қойды.

Меморандумға қол қою Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтуге орайластырылды (26 сәуір).

   
      
   

 


ДЗМҰ вебинары. PCT жүйесін қолдану арқылы халықаралық патенттеудің артықшылықтары. PCT жүйесінің жалпы ережелері

$
0
0
25 мамырда Мәскеу қаласының уақытымен сағат 11:00-12:00-де тегін ДЗМҰ вебинары өткізіледі: PCT жүйесін қолдану арқылы халықаралық патенттеудің артықшылықтары. PCT жүйесінің жалпы ережелері.
 
Бұл 2021 жылға жоспарланған PCT жүйесі бойынша вебинарлар сериясының біріншісі болып табылады жән ол шетелдік патенттеудің бар жолдарына шолу жасауға, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне, сондай-ақ PCT жүйесімен патенттеудің артықшылықтарына арналған.
 
Вебинар барысында PCT жүйесінің негізгі қадамдарына қысқаша ақпарат берілетін болады, бұл жүйе бойынша халықаралық өтінімдер беру динамикасына қысқаша шолу жүргізілетін болады және PCT жүйесіндегі соңғы өзгерістер айтылатын болады.
 
Вебинар орыс тілді өтінім берушілерге, патенттік сенім білдірілген өкілдерге, ЗМ басқармасы қызметкерлеріне және өнертапқыштарға, сондай-ақ зияткерлік меншікке байланысы бар ЖОО және Университеттер студенттеріне бағытталған.
 

 

Казпатент Үлбі металлургия зауытының патент жүргізушілеріне арналған кезекті вебинарын өткізді

$
0
0

2021 жылғы 20 мамырда «Үлбі металлургия зауыты» АҚ патент жүргізушілеріне арналған зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мәселелері бойынша вебинар өткізілді.

Вебинар барысында Казпатент спикерлері өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау, өз туындысына авторлық құқықты тіркеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды берудің негізгі нысандары мәселелерін қамтыды.

Шара барысында тыңдаушылар авторлық құқықтар, өнертабыстар, өтінім берушілердің жеке кабинеті  және шарттарды тіркеуге қатысты сауалдар қойды.

Кездесу соңында қатысушылар спикерлерге мазмұнды және пайдалы баяндамалары үшін алғыс айтып, одан әрі жемісті жұмыс тіледі.

Директор Казпатента принял участие в Международной Ассамблее молодых изобретателей стран ЕАЭС

Казпатент директоры ЕАЭО елдері жас өнертапқыштарының халықаралық ассамблеясына қатысты

$
0
0

2021 жылдың 20 мамырында Казпатент директоры Ербол Оспанов Ресейдің Великий Новгород қаласында өткен ЕАЭО елдері жас өнертапқыштарының халықаралық ассамблеясына қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары мен серіктестері ДЗМҰ, ЕАПҰ, РМЗМА, ЗМФИ, сондай-ақ Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының қауымдастығы (ТИҚО) болып табылады.

Ассамблея алғаш рет Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь Республикасы мен Арменияның жас өнертапқыштарын бірыңғай конференция алаңына жинады.

Еуразиялық патенттік универсиядасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасының  делегаты Санат Сеитов Еуразия өңірінің жас өнертапқыштарының инновациялық жобаларының халықаралық көрмесі аясында өзінің «Өсімдік ауруларын анықтауға және онымен күресуге арналған ауыл шаруашылығы роботы» жобасын ұсынды және жоғары бағалар мен оң пікірлер алды.

Универсияданың финалистерін Еуразия патенттік ведомствосының (ЕАПВ) Президенті С.Тлевлесова құттықтап, лайықты марапаттар тапсырды.

                                                                                          

Ербол Оспанов өз баяндамасында Қазақстандағы жас ұрпақ арасында өнертапқыштықты қолдау туралы айтып, оқушылар мен студенттердің креативті ойлауын дамытуға бағытталған өткізілетін іс-шараларды атап өтті.

Айта кетерлік, 2019 жылы Санат Сеитов «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиада «Қалмақия Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес мақсатында сидеральды дақылдарды егуге маманданған робот» жобасымен жеңіске жетті. 2020 жылы ММУ экономика факультетінің агроэкономика кафедрасының аспиранты ретінде Санат Bayer конкурсында жеңіске жетті (Ресейдің агрономиялық жоғары оқу орындарының талантты жастарын қолдауға бағытталған конкурс).

Ассамблея барысында Универсиядада жүлделі орындарға ие болған қазақстандық Диана Ержанова мен Есенгелді Мусатай да марапатталды.

Толық ақпарат Еуразиялық патенттік ведомствоның (ЕАПВ) сайтында жарияланды: https://www.eapo.org/ru/index.php?newspress=view&d=1153

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2021» атағын беру бойынша Байқаудың қорытындылары шығарылды

$
0
0

2021 жылы 31 мамырда «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру үшін конкурстық комиссияның отырысы өтті. Марапат - бұл ең маңызды және кең қолданылатын өнертабыстардың авторлары үшін сыйақы түрі.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын алуға үміткерлерге 9 өтініш комиссияның қарауына жіберілді.

Байқау комиссиясының шешімі негізінде, Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2021 жылғы 2 маусымдағы №147 НҚ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2021» атағы ең жоғары ұпай жинаған екі үміткерге берілді: техника ғылымдарының кандидаты,  Қарағанды ​​техникалық университетінің доцент міндетін атқарушы - Пак Дмитрий Юрьевич және техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды ​​техникалық университетінің «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры - Куликов Виталий Юрьевич.

Конкурстық комиссияның құрамына білім және ғылым саласындағы мемлекеттік органдар, индустриялық-инновациялық қызметті және энергетиканы мемлекеттік қолдау, патенттеу саласындағы қоғамдық бірлестіктер, әділет органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және сараптама ұйымының қызметкерлері (Қазпатент) кіреді.

Жеңімпаздарға дипломдар мен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» ескерткіш лентасы табысталатынын атап өтеміз.

 

Құттықтаймыз!

 

Бұйрық

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live