Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

2017 жылдың 16-17 қазанында «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының Оқу орталығы көшпелі семинарлар өткізді

$
0
0
2017 жылдың 16 қазанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығыА.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына аталған орталықтың ғылыми қызметкерлері мен «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты. Лекторлар ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г. Джаманшалова мен Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқыды. Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
-         өнертабыс пен пайдалы модельді тіркеу;
-         өнертабыс пен пайдалы модельдің патентке қабілеттілік талаптары;
-         авторлық құқық объектілері;
-         авторлық құқық объектісі ретінде бағдарламаны тіркеу.
Сонымен қатар, лектор Л.Г. Джаманшалова семинар қатысушыларын зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен түзетулер жайында ақпарат берді. Қатысушылар өнертабыстарды шетелде патенттеу, «ҰЗМИ» РМК көрсететін жұмыстар мен қызметтер бағаларына берілген жеңілдіктер, өнертабыс авторы мен құқық иеленуші арасындағы қарым-қатынас,  бағдарламалық жасақтаманы тіркеу туралы сұрақтар қойды.Семинар соңында ғылыми орталық өкілдері ұйымдастырушыларға берілген ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.
2017 жылдың 17 қазанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы«Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалымен бірлесе Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің 6-7 сынып оқушыларына «Авторлық құқық негіздері» тақырыбында семинар өткізді.Семинар жұмысына аталған мектептің тәрбие істері жөніндегі директордың орынбасары, мұғалімдер және оқушылар қатысты. Лектор ретінде Оқу орталығының бас маманы Б.О. Назаров дәріс оқып, авторлық құқық объектілері туралы мысалдар арқылы кеңінен мәлімет берді. Оқушылар семинар жұмысына белсенді қатысып, автордың құқықтарын заңсыз пайдалану  және бұзу туралы көптеген сұрақтар қойды. Шара соңында мектеп директорының орынбасары Ә.Б. Абсадирова ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қызметте жеміс тіледі.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles