Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

2017 жылдың 24 қазанында Алматы қ. ҰЗМИ филиалында «EXPO-2017 қатысушыларымен кездесу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

$
0
0
 
2017 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» (ҰЗМИ) Алматы қ. филиалында «EXPO-2017 қатысушыларымен кездесу» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті.
Аталған іс-шарада ҚР-ң өнертапқыштары, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-ң, «МИР» телеарнасының өкілдері, ғылыми-зерттеу инситуттарының патенттанушылары мен «ҰЗМИ» Алматы қ. филиалының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысында тұрақты энергия көздерін дамыту, энергиямен жабдықтауда сапа мен тиімділікті арттыру, баламалы энергия көздерін пайдалану және оларға қатысты ынталандыру жұмыстары турасында мәселелер қарастырылды.
Шара бағдарламасына сәйкес Оқу орталығының басшысы Ж.А. Серікбаева «ЭКСПО тарихы» жөнінде ақпарат берді. ҚР өнертапқыштары А.В. Болотов пен Н.С. Буктуков «EXPO-2017» Халықаралық көрмесінде көрсетілген өздерінің өнертабыстары туралы кеңінен айтып берді. Сондай-ақ, ИТП АЭА Комитетінің инфрақұрылымдық мәселелер бойынша директоры С.Д. Рашев «Инновациялық жобаларды коммерцияландыру» тақырыбында баяндама жасады.
Дөңгелек үстел қатысушылары халықаралық тіркеу, шетелдік патенттеудің артықшылықтары, өнертабыстарды қандай елдерде тіркеу қажеттілігі жөнінде және т.б. сұрақтар қойды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға шақырылған өнертапқыштар практикалық тәжірибеге сүйене отырып жауап берді.
         

Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles