Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

2017 жылдың 07 қарашасында «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының көшпелі семинар өткізді

$
0
0
2017 жылдың 07 қарашасында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығында «Өнертабыс пен пайдалы модель өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына аталған Орталық директорының орынбасары, лабораториялар меңгерушілері, қызметкерлері және «ҰЗМИ» филиалының қызметкерлері қатысты. Лектор ретінде Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Л.Г. Джаманшалова дәріс оқыды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылды:
-         өнертабыс пен пайдалы модельді тіркеу;
-         өнертабыс пен пайдалы модельдің патентке қабілеттілік талаптары;
-         зияткерлік меншік саласындағы жаңа заң жобасы.
Қатысушылар сараптама ұйымымен хат жазысу, мәні бойынша сараптама барысындағы ұсынылған техникалық деңгейдің жаңалығын анықтау, өнертабысқа берілген өтінімді қарау мерзімі, авторлық құқық ретінде өздерінің ғылыми зерттемелерін (ғылыми мақалалар, монографиялар және т.б.) қорғау туралы сұрақтар қойды.
Семинар аяқталған соң Орталық директорының орынбасары Л.Ж. Орақбай филиал қызметкерлеріне берілген ақпарат үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да ынтымақтастықты дамытуға сенім білдірді.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565