10 қараша күні сағат 12.00-де Назарбаев Университетінде «Шапағат» республикалық форумының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.
Шараны ҚР Әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Назарбаев университетімен бірге ұйымдастырды.
Жеңімпаздар 3 республикалық конкурстың қорытындылары бойынша анықталды: «Шапағат» өнертапқыштардың онлайн- конкурсы; транспорт саласы бойынша мектеп оқушылары арасындағы конкурс және «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол!» оқушылар арасындағы байқауы.
Өтетін орны: Астанақ-сы, Тұран даңғылы,64/1, Назарбаев Университет, “BallRoom”залы, С2ғимараты.
Журналистерді аккредиттеу 2017 жылдың 9 қарашасы сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігі
Баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91
pressgov@mail.ru