Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

2018 жылдың 30 қаңтарында Алматы қ. ҰЗМИ филиалы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді

$
0
0

2018 жылдың 30 қаңтарында Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мен сақтаудың негіздері»тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
         Аталған семинарды өткізудегі мақсат – қызығушылық танытқан тұлғалардың зияткерлік меншік саласындағы білімін арттыру және зияткерлік меншік мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілетін негізгі түзетулер туралы мәлімет беру.
         Семинарға мемлекеттік органдардың, ЖОО-ң, ҒЗИ-ң өкілдері және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылатын болады. Дәрістерді аталған саладағы үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар «ҰЗМИ» РМК филиалының өндірістік бөлімдерінің басшылары мен сарапшылары оқиды.
         Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:

  • өнеркәсіптік  меншік түсінігі;
  • ЗМ мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне енгізілетін негізгі түзетулер;
  • патенттік құжаттаманы дайындау тәртібі;
  • селекциялық жетістік объектісін қорғаудың артықшылықтары;
  • ҚР территориясынан тыс аймақта өнеркәсіптік меншік объектісін қорғау;
  • өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған шарттар түрлері;
  • ЗМО-не электронды өтінім берудің негізгі артықшылықтары.

Семинар соңында «ҰЗМИ» филиалының сарапшылары зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша консультация беріп, тәжірибелік көмек көрсететін болады.
Семинардың басталу уақыты: 2018 жыл 30 қаңтар, сағат 10.00-де.
Семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер 26 қаңтарға дейін қабылданады.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қ-сы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша немесе 8(727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-74-30 телефондары бойынша хабарласыңыз.2018 жылдың 30 қаңтарында Алматы қ. ҰЗМИ филиалы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мен сақтаудың негіздері»тақырыбында оқыту семинарын өткізеді


Viewing all articles
Browse latest Browse all 565

Trending Articles