2018 жылдың 30 қаңтарында Алматы қ. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институтының Алматы қаласы филиалының Оқу орталығы (ҰЗМИ филиалы) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.
Аталған семинарды өткізудегі мақсат – қызығушылық танытқан тұлғалардың зияткерлік меншік саласындағы білімін арттыру және зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілетін негізгі өзгерістер туралы мәлімет беру.
Семинарға мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми зерттеу институтарының өкілдері және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылатын болады. Дәрістерді аталған саладағы үлкен тәжірибелік жұмыс өтілі бар «ҰЗМИ» РМК Алматы қаласы филиалының өндірістік бөлімдерінің басшылары мен сарапшылары оқиды.
Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:
өнеркәсіптік меншік түсінігі;
зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілетін негізгі өзгертулер;
патенттік құжаттаманы дайындау тәртібі;
селекциялық жетістік объектісін қорғаудың артықшылықтары;
Қазақстан Республикасы аумағынан тыс аймақта өнеркәсіптік меншік объектісін қорғау;
өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған шарттар түрлері;
зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім берудің негізгі артықшылықтары.
Оқыту семинарың соңында Алматы қаласы «ҰЗМИ» филиалының сарапшылары зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау мәселелері бойынша кеңес беріп, тәжірибелік көмек көрсететін болады.
Оқыту семинардың басталу уақыты: 2018 жыл 30 қаңтар, сағат 10.00-де.
Оқыту семинар бағдарламасы мен өтінім формасы көрсетілген хабарлама қосымшасында берілген. Өтінімдер 26 қаңтарға дейін қабылданады.
Семинарға қатысу тегін.
Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды семинарға шақырамыз.
Семинар өтетін жер: 050002, Алматы қаласы, Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы), «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы.
Семинарға қатысу өтінімін жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша немесе 8 (727) 397-73-76 факсі арқылы немесе edu.center@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жіберуге болады.
Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» Алматы қаласы филиалының Оқу орталығына 8(727) 397-75-23 және 397-74-30 телефондары бойынша хабарласа аласыз.