Қазақстандық делегация, Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Ермек Куантыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ):59 серия мүше-мемлекеттер Ассамблеясы отырысына қатысуда. Отырыс аясында Бас Ассамблея ДЗМҰ қызметі туралы Бас директорының есептерін қарайды және бекітеді, бюджеттік және қаржылық реттеуді қабылдайды, сондай-ақ Бас директор ұсынған іс-шараларды растайды, ДЗМҰ құрған халықаралық келісім-шарттарды орындау және Конвенцияға сәйкес басқа да функцияларды орындайды.
Бас Ассамблея құрамына кез-келген одақтың (Берн одағы, Париж одағы және ДЗМҰ басқаратын басқа да халықаралық келісімдер) мүшелері болып табылатын Конвенцияға қатысушы мемлекеттер кіреді