2019 жылдың 30 қыркүйегінде ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Е. Оспанов және Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С. Тлевлесова арасында Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге еуразиялық өтінімдерді жіберудің электронды форматына көшу мақсатында қол қойылды. Осы міндеттерді орындау үшін Тараптар веб-сервистер арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Келісімнің ережелеріне сәйкес, ұлттық өтінім берушілердің еуразиялық патент алуға өтінімдер беру процесін жеңілдету мақсатында Пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтініштерді қабылдау функционалдығы іске асырылды https://newcab.kazpatent.kz/.