Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

ҰЗМИ дарынды жастарды қолдайды

$
0
0

2019 жылы 15 мамырда «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов мектеп оқушылары арасындағы «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2018» байқауының финалисті Қызылорда қаласындағы облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Евгений Демиденкомен кездесті.

2018 жылдың шілде айында байқаудың финалында Евгений және оның командасы Boeing 757 базасында ұшақты физикалық және дизайнерлік безендіруді қамтитын жаңа ұшақтың концептін ұсынды. Конкурстан кейін бұл жобаны Boeing американдық компаниясы сатып алды, және бүгін ол Ұлыбританиядағы Крэнфилд аэроғарыш университетінде іске асырылуда.

Байқауды жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Назарбаев Университеті, Ұлттық зияткерлік меншік институты және Крэнфилд университеті (Ұлыбритания) өткізеді. Байғқаудың серіктестері – «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қоры және «Air Astana» ұлттық әуетасымалдаушысы болып табылады. Байқау қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және қалың жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру мақсатында өткізіледі. Ағымдағы жылы «Nazarbayev Fund Schools Challenge» оқушылар байқауы Мемлекет басшысының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында өткізіліп отырғанын атап өту керек, осыған сәйкес 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

Кездесу барысында Ербол Қанатұлы Евгениге зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар берді, алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тіледі. 

- Қазақстан болашағы – сен сияқты балалар. Бүгінде жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып отыр. Өз кезегінде жастардан белсенді және тиімді қайтарым күтуде. Біз сендерді мақтан тұтамыз, саған сәттілік тілейміз, сіздердің барлық жоспарларыңыздың жүзеге асырылып, оқы және еліміздің игілігі үшін жұмыс істе, - деп атап өтті Ербол Оспанов.

Евгений Ербол Қанатұлына алдағы жоспарлары туралы айтып, жан-жақты әңгімесі үшін алғысын білдірді.

- Мен байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын, және маған байқау финалистерінің оқу-танымдық сапары аясында Крэнфилд Британдық университетіне баруға мүмкіндік туды, - деп атап өтті Евгений.

Сондай-ақ, Евгений Демиденко «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі, ҚХА XXVII сессиясының спикері болып табылады. Бүгінгі таңда Евгений  «ILEARN» деп аталатын контент пен медиа саласымен аяқталатын, оқудан бастап, барлық салаларда әрекет ете алатын қосымшаны әзірлеумен айналысады, қазір ол прототип сатысында. Евгений өз өмірін IT-мен мығым байланыстыруда.

 


Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында семинар өткізілді

$
0
0

2019 жылдың 16 мамырында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер Департаментінің қызметкерлері ұлттық және шетелдік патенттеу мәселелері бойынша баяндама жасады.

«Шетелдік патенттеу. Еуразиялық патенттік конвенция және Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес өнертабыстарды патенттеу» тақырыбында өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының басшысы Д.К. Алимжанова баяндама жасады.

Ұлттық патенттеу мәселесі бойынша химия, биология және медицина саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Г.Т. Калтаева «Медицина саласындағы өнертабыстарды патенттеу кезінде өтінімдерді рәсімдеудің талаптары мен ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

ҰЗМИ қызметкерлері тыңдаушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, одан әрі келешектегі ынтымақтастықты талқылады.

АҚШ судьялары мен Патенттік ведомствосының өкілдері «ҰЗМИ» РМК сапарымен келді

$
0
0

2019 жылы 22 мамырда АҚШ делегациясы: Калифорния орталық округі бойынша АҚШ Федералдық округтік сотының судьясы Дэвид О. Картер, Миннесота орталық округі бойынша АҚШ Федералдық округтік сотының судьясы Бэкки Р. Торсон, АҚШ Әділет министрлігінің Компьютерлік қылмыс және зияткерлік меншік бөлімінің аға заң кеңесшісі Мэтью А. Ламберти, сондай-ақ АҚШ патенттер мен тауар таңбалары бойынша ведомствосының (USPTO) Саясат және халықаралық қатынастар басқармасының аға кеңесшісі Дженни Блэнк «ҰЗМИ» РМК сапарымен келді.

Кездесуді «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов пен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Ермек Қуантыров ашып, іс-шараға қатысушыларды «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Калия Батаеваға, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Нурдаулет Абулкаировқа, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаиповаға таныстырды.

«ҰЗМИ» РМК директорының кеңесшісі Алия Хабиденова институт қызметінің негізгі бағыттары туралы презентациямен сөз сөйледі, Америка әріптестерін Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасындағы өзекті өзгерістермен таныстырды, зияткерлік меншік объектілерін ұлттық және халықаралық тіркеу бойынша статистикалық көрсеткіштерді көрсетті.

«ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов 2016 жылы қол қойылған екі елдің ведомстволары арасындағы өзара түсіністік пен екі жақты ынтымақтастық туралы Меморандум және Қазақстанның Патенттік ведомствосы делегациясының 2018 жылдың мамыр айында USPTO-ға ресми сапары шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға институттың бейілділігі мен дайындығын атап өтті.

«ҰЗМИ» РМК басшылығы      АҚШ судьялары мен Патенттік ведомствосының өкілдері 

 

«ҰЗМИ» РМК филиалында оқыту семинары өтті

$
0
0

2019 жылдың 23 мамырында Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау және сақтау»тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілі, кәсіпкерлер, патенттік сенім білдірілген өкілдер, патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттар және кәсіпорындардың заңгерлері қатысты. 

Семинар тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу рәсімін, зияткерлік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесін таныстыру мақсатында өткізілді.

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді тіркеу, сараптамалар, пайдалану және электронды түрде беру мәселелері бойынша Ж. Е. Омарбекова, Т. В. Горбунова, Ж. А. Серікбаева, А. М. Куренкеева баяндама жасады.

Семинарға Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Г. Д. Оңғарбаева қатысып, баяндама жасады.

Соңында қатысушылар филиал қызметкерлеріне семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, оның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Проведен круглый стол по вопросам экспертной деятельности в сфере объектов интеллектуальной собственности

$
0
0

24 мая 2019 года департаментами интеллектуальной собственности и организации экспертной деятельности Министерства юстиции, а также РГП «Национальным институтом интеллектуальной собственности» и РГКП «Центром судебных экспертиз» проведен круглый стол по вопросам экспертной деятельности в сфере объектов интеллектуальной собственности.

Предметами обсуждения были судебно-товароведческое исследование и анализ товарных знаков на предмет определения тождества, сходства до степени смешения среди аналогичных обозначений.

Участниками круглого стола отмечена важность объективного и всестороннего подхода при проведении указанных исследований. Сторонами обсуждены проблемные вопросы в данной сфере и возможные пути их решения.

Кроме того, на примере разной категории товарных знаков специалистами предметно изучены методы и подходы, применяемые экспертными организациями в ходе своей экспертной деятельности.

По результатам встречи представителями Министерства было решено  продолжить работу по совершенствованию уровня экспертных услуг, оказываемых РГП «НИИС» и РГКП «ЦСЭ», путем гармонизации некоторых вопросов вышеуказанных экспертиз с одним предметом исследования.

Оқу орталығы көшпелі семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 24 мамырында М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін  құқықтық қорғау және оларға электронды түрде өтінім беру»тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының оқытушылары қатысты.

Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан басталады, осы жылы Алматыда Түркістан-Сібір теміржолы үшін кадрлар даярлауға арналған теміржол, механикалық және өндірістік мамандықтары бар Орталық Азия теміржолшылар инженерлері институтының филиалы ашылды.

Бүгін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Қазақстан Республикасы экономикасының көліктік-коммуникациялық секторы үшін жоғары білікті мамандарды даярлайтын негізгі база болып табылады.

Семинар жұмысында Өнертабыстар бойынша патенттік зерттеулер басқармасының бас сарапшысы Р.К. Жетібаева және Оқу орталығының маманы Ә.М. Куренкеева презентациялық материалдарды пайдаланып баяндама жасады.

Семинар барысында өнертабысқа, пайдалы модельге өтінім беру тәртібі, өнеркәсіптік меншік объектілерінің мерзімдері, сараптама жүргізу, мемлекеттік тізілімге ақпарат енгізу және өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды өтінім берудің артықшылықтары туралы сұрақтар көтерілді.

Семинар қатысушылары филиал қызметкерлеріне оқыту іс-шарасын ұйымдастырғаны  үшін және бұл іс-шараның  Академия қызметкерлері үшін маңыздылығын атап өтіп, алғысын білдірді.

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды

$
0
0

Ағымдағы жылдың 25 мамырында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «ҰЗМИ» РМК қызметкерлер Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды.

Кешеннің жұмыскерлерімен, кәсіпорын қызметкерлеріне музей экспозицияларына экскурсия жүргізіп және де «АЛЖИРдің» сұрапыл аязы деректі фильмі көрсетілді.

Аталған еске алу күніне орай «ҰЗМИ» РМК-ның қызметкерлері тоталитарлық қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз зардап шеккен тағдырлар туралы және кешеннің тарихи музейімен танысып қайтты.

 

Балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық акциясы өткізілді

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК-ның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ 2019 жылға арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында балаларды қорғау күні қарсаңында «ҰЗМИ» РМК-ның қызметкерлері  арасында  балалар үйіне кітап жинау және беру қайырымдылық акциясы өткізілді.  
Аталған акцияға сәйкес ағымдағы жылдың 28 мамырында «SOS Астана Балалар ауылы» қорындағы балалар мен қараусыз қалған жетім балаларға барлығы 173 кітап (4 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған танымдық және көркем тақырыптық кітаптар) және кеңсе заттары тапсырылды.

 

                                                              


«Nazarbayev Fund Schools Challenge-2019» оқушылардың өңірлік байқауының айналымы қорытыланды

$
0
0

«Nazarbayev Fund Schools Challenge-2019»  2019 жылғы 15 наурызбен 10 мамыр аралығында өткен оқушылардың өңірлік байқауының іріктеу айналымы қорытыланды.

Өңірлік байқауы айналымында Қазақстан Республикасының орта және жалпы білім беретін мектептерінің 16 дан 18 жасқа дейінгі, ағылшын тілін жетік меңгерген, физико-математикалық, жаратылыстану ғылымы және өзіндік жобалық қызметі салаларында жетістіктері бар  оқушылар қатысты.

Аталған конкурс 2019 жылдың аэроғарыштық тақырыбына арналған.

Өңірлік іріктеу айналымы онлайн режимінде өтті.

Финалдық іріктеу айналымы мен жеңімпаздарды анықтау, 2019 жылдың 25-27 маусымында өтеді.

Финал жеңімпаздары Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне жеті күндік оқу-танымдық сапарына барады.

Финалшылардың байқау тізімі онлайн-платформасында орналастырылған.

 http://shapagat.kazpatent.kz/ru/nfsc/finalisty-2019 

«ҰЗМИ» РМК мамандарының «Хабар 24» телеарнасындағы «Экономика» бағдарламасына қатысуы

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК-ның мамандарымен 2019 жылы 4 маусымда «Хабар 24» телеканалының «Экономика» бағдарламасына «Зияткерлік меншік» тақырыбына сұхбат берілді. «Хабар 24» телеканалының «Экономика» телевизиялық бағдарламасына  қатысты.                                Өз сұхбатында  тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Казиева Асемгуль тауар таңбалары, оның функциялары, өтінімді қалай беру, құны, тауар таңбаларына өтінімнің өту тәртібі, тауар таңбаларын тіркеудің артықшылықтары, тауар таңбаларының иесіне қандай құқық берілетіндігі, және де тауар таңбалары жөнінде заңнамадағы кейбір өзгертулер туралы айтып өтті.

Авторлық құқық басқармасының басшысы Тайшева Алтынай «Авторлық құқықпен қорғалатын, құқық обьектілерінің Мемлекеттік реестріне өзгертулер енгізу» мемлекеттік қызметтер көрсету заңнамасында соңғы өзгертулер туралы атап өтті, Авторлық құқық обьектілерін тіркеу мемлекеттік қызметі 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап «ҰЗМИ» РМК-да көрсетіледі, қызметтер көрсетуге өтінімді беру толықтай электрондық форматқа ауыстырылған.  Бұл өз кезегінде өтінішті берген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде қызмет көрсетіліп, қажетті уақытты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берді, сондай ақ біздің авторларымыз үшін ресми және әкімшілік кедергілерді алып тастау мүмкіндігі туды.

 

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» конкурсының құрмет атағын беру нәтижесі қорытыланды

$
0
0

Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы директорының 2019 жылғы 3 маусымдағы №172-нқ бұйрығымен конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» атағы ең көп балл жинаған екі кандидатқа берілді:              

Исагулов Аристотель Зейнуллинович – техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия»      кафедрасының профессоры.

Балджи Юрий Александрович– «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең көп қажетті және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторы болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында сарапшы ұйыммен жыл сайыңғы II тоқсанында конкурс нәтижесімен тағайындалады.   

Кандидаттың өнертабыстық қызметіне салған маңызды критериялары мыналар болып табылады:     

1) авторлық куәлік және де өнертабыстарға алынған әрекеттегі патенттердің жалпы көлемі;

2) әр түрлі экономика саласында патенттелген өнертабыс, аса маңызды және кеңінен енгізу мен қолдану нәтижесі (мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың пікірлері), өнертабысты енгізу актісі, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті іске асыратын тұлғалар);

3) өнертабысты қолдануға  құқық беру және аударымдарды тіркеу мөлшері;

«ҰЗМИ» РМК-ы 2018 жылдан бері конкурс комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде дипломмен және естелік ленталармен марапаттау рәсімі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның конференц-залында 21 маусымда сағат 16:00де өтеді (Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3А ғимараты)

 

Құттықтаймыз!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» конкурсының құрмет атағын беру нәтижесі қорытыланды

$
0
0

Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы директорының 2019 жылғы 3 маусымдағы №172-нқ бұйрығымен конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» атағы ең көп балл жинаған екі кандидатқа берілді:               

Исагулов Аристотель Зейнуллинович-техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия»      кафедрасының профессоры. 

Балджи Юрий Александрович- «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең көп қажетті және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторы болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында сарапшы ұйыммен жыл сайыңғы II тоқсанында конкурс нәтижесімен тағайындалады.    

 Кандидаттың өнертабыстық қызметіне салған маңызды критериялары мыналар болып табылады:      

  1. авторлық куәлік және де өнертабыстарға алынған әрекеттегі патенттердің жалпы көлемі;
  2. әр түрлі экономика саласында патенттелген өнертабыс, аса маңызды және кеңінен енгізу мен қолдану нәтижесі (мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың пікірлері), өнертабысты енгізу актісі, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті іске асыратын тұлғалар);
  3. өнертабысты қолдануға  құқық беру және аударымдарды тіркеу мөлшері;

«ҰЗМИ» РМК-ы 2018 жылдан бері конкурс комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде дипломмен және естелік ленталармен марапаттау рәсімі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның конференц-залында 21 маусымда сағат 16:00де өтеді (Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын тас жолы, 3А ғимараты)

 

Құттықтаймыз!

 

2019 жылдың 26,27,28 маусым күндері филиалдың Оқу орталығы оқыту семинарын өткізеді

$
0
0

2019 жылдың 26, 27, 28 маусым күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» филиалында «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау және пайдалану, құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

Аталған семинар мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша халықтың зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және қорғау маңызы туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Семинар барысында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау бойынша сұрақтар талқыланды:

- ҚР Өнертабыс пен пайдалы модельді құқықтық қорғау;

- Шетелде патенттеу;

- Селекциялық жетістікті құқықтық қорғау;

- Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау;

- Өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі. Тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот даулары бойынша мысалдар;

- Тауар таңбасы ұғымы, тауар таңбалары саласындағы заңнама нормалары;

- Белгілер бойынша ұқсастыққа және араласып кету деңгейіне дейінгі ұқсастыққа салыстырмалы талдау жүргізу;

- Авторлық құқық;

-Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру және ұсыну;

-Зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім беру.

Семинардың басталу уақыты: 2019 жыл 26,27,28 маусым, сағат 10.30-да.

Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.

Семинарға қатысу құны бір адамға 16 485 теңгеніқұрайды.

Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!

Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-00 және 344-30-15 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kzэлектронды поштасына хабарласуға болады.

 

«ҰЗМИ» РМК-ның "Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы"КЕАҚ-та фронт офисінің ашылуы

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК мен «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2018 жылдың маусым айында орталық аумағында «ҰЗМИ» РМК фронт офисі өз жұмысын бастады.

Фронт офисінің негізгі мақсаттары жасыл технологияларды патенттеу мәселелері бойынша кеңес беру, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және өтінімдерді ресімдеу бойынша көмек көрсету болып табылады.

Офистің жұмыс істеу кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі күндері сағ. 14.00 ден 18.00-ға дейін.

 

МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

$
0
0

Украинада 2019 жылдың 12 шілдесінен бастап зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғауға байланысты барлық іс-әрекеттер: авторлық құқықтарды тіркеу, патенттеу, сауда маркаларын тіркеу, өзгерістер енгізуге, құқықтарды беруге және ұзартуға байланысты іс-әрекеттерді қоса алғанда, мемлекеттік баж салығы 2-4 есегеартатынын хабарлаймыз.

Негізінен, ұлғаю тауар маркаларын тіркеу және ұзарту құнынаәсер етеді.

Украина Министрлер Кабинетінің 12.06.2019 ж. № 496 тиісті қаулысы жарияланды және бір айдан кейін күшіне енеді.

 

Тегін кеңес алу үшін байланыс телефондары: 

+38 (068) 177 92 00

+38 (098) 915 04 15

+38 (044) 362 67 02

+38 (095) 865 94 37

+38 (061) 270 47 96

 


«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – 2019» құрметті атағын беру конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

$
0
0

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-да  2019 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы-2019» құрмет атағын беру туралы конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімін құттықтау сөзімен ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары Гүлнәра Кәкенашты.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» директорының бірінші орынбасары, конкурс комиссиясының төрайымы Калия БатаеваҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК-ы директорының  «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру туралы бұйрығымен таныстырды. Калия Батаеваөзінің құттықтау сөзінде, конкурстық комиссияда жеті қолдау хаты мен құжаттарының қаралғандығын атап өтті. Дауыс беру, форма бойынша бағалау парақтарын толтыру арқылы атақ беру ережесіне сәйкес жүргізілді. Дауыс беру нәтижесінде комиссия «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын ең қажетті және кеңінен пайдаланылатын  өнертабыстар болып табылатын,  ең көп балл жинаған екі кандидатқа беру туралы шешім қабылдады.

Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік ленталар табыс етілді.

Исагулов Аристотель Зейнуллинович-техника ғылымдарының докторы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының профессоры

Балджи Юрий Александрович- «С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның «Ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты,  доцент, «NFT-KATU» ЖШС-і стартап-компаниясының директоры

 

Состоялось открытие финального отборочного тура Республиканского конкурса «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019»

$
0
0
Сегодня, 25 июня, в Назарбаев центре состоялось открытие финального отборочного тура Республиканского конкурса «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» (далее – Конкурс).
Конкурс проводится по эгидой Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы. Организаторами Конкурса являются Министерство юстиции РК и РГП «НИИС» совместно с Назарбаев Университетом и британским Университетом Крэнфилда. Партнерами конкурса выступают национальный авиаперевозчик Казахстана «Air Astana» и Фонд развития социальных проектов «Samruk – Kazyna Trust».
Целью Конкурса является стимулирование и поддержка интеллектуального потенциала казахстанской молодежи, а также формирование у школьников мотивации к осознанному выбору профессии.
В Конкурсе участвуют школьники со всех регионов страны в возрасте от 16 до 18 лет, владеющие английским языком, имеющие достижения в области физико-математических и естественных наук, а также опыт самостоятельной проектной деятельности.
На открытии финала с приветственной речью выступили заместитель исполнительного директора Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Игорь Рогов, Вице-министр юстиции РК Алмат Мадалиев, посол Великобритании в Казахстане Майкл Гиффорд, Вице-президент по инновациям Назарбаев Университета Ерден Құсаин, директор департамента корпоративных коммуникаций Фонда развития социальных проектов «Samruk – Kazyna Trust» Мирас Иргебаев, победитель Конкурса «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2018» Евгений Демиденко.
Кроме того, для школьников с лекциями о профессии авиатехника и об истории успеха выступили старший менеджер по техническому обслуживанию Air Astana Руслан Шаяхметови пилот Air Astana Кирилл Селезнев.
От лица Университета Крэнфилда выступил Ян Холлингворт, который поприветствовал участников и пожелал командам успехов на предстоящем финале.
Модератором данного мероприятия выступил директор РГП «НИИС» Ербол Оспанов.
Отборочный тур состоится в период с 25 по 27 июня 2019 года, по итогам которого финалисты, отобранные Комиссией, состоящей из представителей партнеров и спонсоров Конкурса, будут направлены в учебно-познавательную поездку в Университет Крэнфилда (Великобритания) в период с 19 по 26 августа 2019 года. 

Состоялось открытие финального отборочного тура Республиканского конкурса «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019»

$
0
0
Сегодня, 25 июня, в Назарбаев центре состоялось открытие финального отборочного тура Республиканского конкурса «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» (далее – Конкурс).
Конкурс проводится по эгидой Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы. Организаторами Конкурса являются Министерство юстиции РК и РГП «НИИС» совместно с Назарбаев Университетом и британским Университетом Крэнфилда. Партнерами конкурса выступают национальный авиаперевозчик Казахстана «Air Astana» и Фонд развития социальных проектов «Samruk – Kazyna Trust».
Целью Конкурса является стимулирование и поддержка интеллектуального потенциала казахстанской молодежи, а также формирование у школьников мотивации к осознанному выбору профессии.
В Конкурсе участвуют школьники со всех регионов страны в возрасте от 16 до 18 лет, владеющие английским языком, имеющие достижения в области физико-математических и естественных наук, а также опыт самостоятельной проектной деятельности.
На открытии финала с приветственной речью выступили заместитель исполнительного директора Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Игорь Рогов, Вице-министр юстиции РК Алмат Мадалиев, посол Великобритании в Казахстане Майкл Гиффорд, Вице-президент по инновациям Назарбаев Университета Ерден Құсаин, директор департамента корпоративных коммуникаций Фонда развития социальных проектов «Samruk – Kazyna Trust» Мирас Иргебаев, победитель Конкурса «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2018» Евгений Демиденко.
Кроме того, для школьников с лекциями о профессии авиатехника и об истории успеха выступили старший менеджер по техническому обслуживанию Air Astana Руслан Шаяхметов и пилот Air Astana Кирилл Селезнев.
От лица Университета Крэнфилда выступил Ян Холлингворт, который поприветствовал участников и пожелал командам успехов на предстоящем финале.
Модератором данного мероприятия выступил директор РГП «НИИС» Ербол Оспанов.
Отборочный тур состоится в период с 25 по 27 июня 2019 года, по итогам которого финалисты, отобранные Комиссией, состоящей из представителей партнеров и спонсоров Конкурса, будут направлены в учебно-познавательную поездку в Университет Крэнфилда (Великобритания) в период с 19 по 26 августа 2019 года.

«Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» республикалық конкурсының финалдық іріктеу турының ашылуы өтті

$
0
0

Бүгін, 25 маусымда Назарбаев орталығында «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) финалдық іріктеу турының ашылуы өтті.

Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қамқорлығымен өткізіледі. Конкурсты ҚР Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК Назарбаев Университеті мен Крэнфилд Британдық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. «Air Astana» Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы және «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры конкурстың серіктестері болып табылады.

Конкурстың мақсаты қазақстандық жастардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, сондай-ақ оқушылардың бойында кәсіпті саналы таңдау уәждемесін қалыптастыру болып табылады.

Конкурсқа еліміздің барлық аймақтарынан 16-18 жас аралығындағы, ағылшын тілін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері, сондай-ақ өзіндік жобалық қызмет тәжірибесі бар оқушылар қатысады.

Финалдың ашылуында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР Әділет Вице-министрі Алмат Мадалиев, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Гиффорд, Назарбаев Университетінің инновация жөніндегі Вице-президенті Ерден Құсаин, «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Иргебаев, «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2018» конкурсының жеңімпазы Евгений Демиденко құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, оқушылар үшін Air Astana техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Руслан Шаяхметов пен Air Astana ұшқышы Кирилл Селезнев авиатехник мамандығы және табыс тарихы туралы дәрістер оқыды.

Крэнфилд университетінің атынан Ян Холлингворт сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған іс-шараның модераторы «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов болды.

Іріктеу туры 2019 жылдың 25-27 маусым аралығында өтеді, оның қорытындысы бойынша конкурстың серіктестері мен демеушілерінен тұратын комиссия іріктеген финалистер 2019 жылдың 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танымдық сапарға жіберіледі.

Байқауға қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

«Қауіп-қатердің мінез-құлыққа қатысты факторларының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 маусымында «ҰЗМИ»  РМК-да Нұр-сұлтан қаласының салауатты өмір салты орталығының шақырылған қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіп-қатердің мінез-құлыққа қатысты факторларының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлерді алкогольдің зияны, вейп және кальянды қоса алғанда, темекі шегудің зияны туралы хабардар ету.

Семинар барысында СӨС орталығының мамандарымен СӨС аспектілері бойынша ақпараттық-білім беру материалдары таратылды және темекі шегудің, нашақорлықтың және маскүнемдіктің алдын алу бойынша бейнефильмдер көрсетілді.

 

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live