Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

Определены победители Республиканского конкурса среди школьников «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019»

$
0
0

В период с 25 по 27 июня 2019 года в Назарбаев Университете прошел финальный отбор Республиканского конкурса среди школьников «Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019» (далее – Конкурс). В нем приняли участие школьники со всех областей Казахстана и городов Нур-Султан, Алматы и Шымкент.

Конкурс проводится по эгидой Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы. Организаторами Конкурса являются Министерство юстиции РК и РГП «НИИС» совместно с Назарбаев Университетом и британским Университетом Крэнфилда. Партнерами Конкурса выступают национальный авиаперевозчик Казахстана «Air Astana» и Фонд развития социальных проектов «Samruk – Kazyna Trust».

В состав жюри финального отборочного тура вошли: представитель Университета Крэнфилда, член Королевского авиационного общества, капитан Ян Холлингворт, старший менеджер по техническому обслуживанию Air Astana Руслан Шаяхметов, начальник Бизнес-инкубатора Nazarbayev University Research and Innovation and Innovation System, руководитель программы бизнес-инкубирования стартапов на ранней стадии «ABC Incubation» Анарбек Утегулов, а также главный менеджер департамента проектного управления «Samruk-Kazyna Trust» Жанар Жаксылыкова.

По итогам трехдневного тура победителями признаны команды учеников из Павлодарской и Акмолинской областей, а также ученики от других региональных команд, отмеченные жюри.

Победителям (40 человек) в качестве приза предоставляется возможность посетить Великобританию в рамках учебно-познавательной поездки в Университет Крэнфилда с 19 по 26 августа 2019 года.

В завершении с поздравительной речью выступили Вице-министр юстиции Республики Казахстан Наталья Пан, Вице-президент по инновациям Назарбаев Университета Ерден Құсаин, директор РГП «НИИС» Ербол Оспанов, координатор по международному сотрудничеству Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Анастасия Мамлютова, которые пожелали удачи и дальнейших успехов всем участникам Конкурса.

В свою очередь, руководители и участники команд выразили благодарность организаторам и отметили важность проведения подобных Конкурсов.

Список победителей размещен на портале Конкурса в рубрике «Победители 2019» (http://shapagat.kazpatent.kz/ru/nfsc).

 

На фото: Ербол Оспанов, Наталья Пан, Ерден Құсаин

 


Оқушылар арасындағы "Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019"республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

$
0
0

2019 жылдың 25-27 маусым аралығында Назарбаев университетінде оқушылар арасында "Nazarbayev Fund Schools Challenge – 2019"республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) финалдық іріктеуі өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының оқушылары қатысты.

Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қамқорлығымен өткізіледі. Конкурсты ҚР Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК Назарбаев Университеті мен Крэнфилд Британдық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. «Air Astana» Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы және «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры конкурстың серіктестері болып табылады.

Финалдық іріктеу турының қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің өкілі, Корольдік авиация қоғамының мүшесі, капитан Ян Холлингворт, Air Astana техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға менеджері Руслан Шаяхметов, Nazarbayev University Research and Innovation System Бизнес-инкубаторының бастығы, "ABC Incubation"бастапқы сатысындағы стартаптарды бизнес-инкубациялау бағдарламасының жетекшісі Анарбек Утегулов, сондай-ақ "Samruk-Kazyna Trust"жобалық басқару департаментінің бас менеджері Жанар Жақсылықова кірді.

Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Павлодар және Ақмола облыстарынан келген оқушылар командалары, сондай-ақ қазылар алқасы белгілеген басқа да аймақтық командалардың оқушылары жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарға (40 адам) жүлде ретінде 2019 жылғы 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд Университетіне оқу-танымдық сапар шеңберінде Ұлыбританияға баруға мүмкіндік беріледі.

Соңында Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі Наталья Пан, Назарбаев Университетінің инновация жөніндегі Вице-президенті Ербол Құсаин, "ҰЗМИ"РМК директоры Ербол Оспанов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Анастасия Мамлютова құттықтау сөз сөйледі.

Өз кезегінде, команда жетекшілері мен қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай конкурстарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Жеңімпаздар тізімі конкурс порталында "2019 Жеңімпаздары"айдарына орналастырылған (http://shapagat.kazpatent.kz/ru/nfsc).

 

                

 

Фотосуретте: Айдын Артыкова, Анастасия Мамлютова, Ербол Оспанов, Наталья Пан, Ерден Құсаин

 

 

Павлодар және Ақмола облыстарының конкурс жеңімпаздарының командалары
 

 

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы үш күндік семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 26, 27, 28 маусым күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау, сақтау және пайдалану»тақырыбында үш күндік семинар өткізді.

Семинарға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: Д. Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті РМК,     С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті РМК,«Семей медицина университеті» КеАҚ, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан қ., GRATA International – халықаралық заң фирмасы.

Семинардың негізгі бөлімі аясында өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық объектілері бойынша дәрістер оқылды. Филиал сарапшылары өнертабысқа қатысты зат, тәсіл, құрылғы объектілері және қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырып, сондай-ақ мысалдар арқылы патенттік ақпарат пен құжаттамаға іздеу жүргізу методикасын көрсетті. Өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі, тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары, селекциялық жетістікті қорғау, құқықтарды пайдалану және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді электронды түрде беру мәселелері талқыланды.

Семинар қатысушылары өтінімді рәсімдеу, беру және зияткерлік меншік объектілерін қорғауға қатысты көптеген сұрақтар қойды. Филиал лекторлары барлық сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілері бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

2019 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша электрондық өтінім беру белсенділерінің тізімі жарияланды

"Gen Z Insights: Брендтер және контрафактілік өнімдер"тақырыбында жастар арасында зерттеу өткізілді

$
0
0

Тауар таңбаларының халықаралық ассоциациясы (INTA) "Gen Z Insights: Брендтер және контрафактілік өнімдер"зерттеуін жүргізді.

Z ұрпағы 1995 жылдан 2010 жылға дейін туған адамдардың ұрпағы. Бұл ұрпақ өкілдері - "сандық аборигендер"болып табылады. Есептерге сәйкес, 2020 жылға қарай Z ұрпағы тұтастай алғанда тұтынушылардың едәуір санын құрайтын болады, сондықтан тауар таңбалары жөніндегі мамандарға Z ұрпағы мен брендтер арасындағы өзара байланысты, Z ұрпағының контрафактілік өнімге қатынасын және контрафактілік өнімді сатып алу кезіндегі мінез-құлыққа әсер ететін әртүрлі факторлардың маңыздылығы дәрежесін түсіну маңызды.

Зерттеу нысаны 10 елде: Аргентина, Қытай, Үндістан, Индонезия, Италия, Жапония, Мексика, Нигерия, Ресей және АҚШ-та 18-23 жас аралығындағы Z ұрпағының бөлігі болып табылады.

Зерттеу 2018 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін және 2018 жылдың қараша айында жүргізілді. Оған барлығы 4 500-ден астам адам қатысты.

Зерттеу нәтижелері әлемдегі орта есеппен 85% Z ұрпағының 10 елдің әрқайсысында, кем дегенде, зияткерлік меншік туралы кейбір білімі бар екенін көрсетті. Z ұрпағының 93%-ыадамдардың идеялары мен туындыларының құндылығын терең құрметтейді. Z ұрпағының өкілдері Жапония, Нигерия және Италияда моральдық себептер бойынша контрафактілі өнімді сатып алуға қарсылық білдіруде.

Алайда іс жүзінде Z ұрпағы олардың моральдық және табыс сияқты практикалық ойлары арасындағы ішкі қақтығысқа тап болады. Бес ұрпақтың үш өкілі қалайтын өмір салтын өзіне бере алмайды деп санайды.

Сауалнама жүргізілген жылы сұралғандардың 79%-ыконтрафактілік өнім сатып алды. Контрафактілік тауарлардың ең жиі сатып алынатын екі түрі киім және аяқ киім/аксессуарлар болып табылады. 

Контрафактілік өнімдерді сатып алудың артықшылықтары туралы сұраққа респонденттердің 57%-ыкейбір брендтердің жалған нұсқасын ғана бере алатынына жауап береді.

Респонденттердің 52%болашақта контрафактілі өнімді сатып алу көлемін қысқартуды жоспарлап отыр.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша INTA өкілдері Z ұрпағының контрафактілік өнімге қатынасын өзгерте алатын негізгі факторларды анықтады: өнім қауіпті немесе денсаулыққа нашар әсер етеді, жалған өнімді сатудан түскен ақша қаражаты ұйымдасқан қылмысты қаржыландыруға бағытталады, жалған өнім қоршаған ортаға теріс әсер етеді; сондай-ақ әлем жастарын контрафактілік өнімді сатып алмауға шақырды.

Толық ақпарат INTA ресми сайтында орналастырылған: https://www.inta.org/Communications/Pages/Impact-Studies.aspx.

 

Ақпараттық хабарлама

$
0
0
ҚР ӘМ "Ұлттық зияткерлік меншік институты"РМК 2019 жылғы 22 сәуірде "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Енгізілген өзгерістермен зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің баламасыз нысаны – электрондық түрде көзделген.
Қазіргі уақытта зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің тиісті стандарттары мен регламенттерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар бекітілген сәттен бастап қағаз тасығышта берілген өтініштерді қабылдау жүзеге асырылмайды.

«ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС арналған семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 31 шілдесінде «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығы «Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг» ЖШС арналған «Тауар таңбалары дараландыру құралдары ретінде. Шарт түрлері және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану» тақырыбында семинар өткізді.

"Бритиш Американ Тобакко Казахстан Трейдинг"ЖШС "British American Tobacco PLC"тобының еншілес компаниясы болып табылады. BAT тобының штатында бүкіл әлем бойынша 55 000 адам бар. Компания 39 елде орналасқан 44 фабрикаға ие.

Семинар жұмысына «ҰЗМИ» филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Т.В. Горбуноватауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары, тауар таңбаларының түрлері мен оларға қойылатын талаптар, өтінім беру рәсімдері, басқаның тауар таңбасы бойынша құқықбұзушылық туралы, ал Оқу орталығының басшысы Ж.А. Серікбаевашарт түрлері мен өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану турасында айтып берді.

Аталған шараға компанияның Корпоративтік мәселелер бойынша бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Семинар қатысушылары тауар таңбасын қорғау, бұзу, тауар таңбаларын халықаралық тіркеудің Мадрид жүйесінің артықшылықтары, жалпыға белгілі тауар таңбасы, тауар таңбасына формальды және толық сараптама, шарт түрлері мен оларды пайдалану туралы көптеген сұрақтар қойды.

Семинар соңында Корпоративтік мәселелер бойынша бөлімінің қызметкерлері берілген ақпарат үшін ұйымдастырушыларға зор ризашылығын білдірді.

 

Ақпараттық хабарлама

$
0
0

ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ы Сіздердің назарларыңызға, 2019 жылдың 2 тамызында ҚР Әділет министрлігінің «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 қазандағы №1481 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы»  бұйрығының әрекеті енгізілді.

Бұйрыққа сәйкес «ҰЗМИ» РМК-мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелерін беру формасы-электронды.

Осылайша, қағаз жеткізгіште ұсынылған мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштер қаралмайды.

Бұл талаптар «ҰЗМИ» РМК-ның 2019 жылдың 2 тамызына дейін хабарлама негізінде берілген өтінішке қолданылмайды, (тіркеу туралы, ішінара тіркеу, патенттер беру жөнінде)

 


Қазақстан Республикасы азаматтарының дәрілік препараттарға қолжетімділігін жақсарту мәселелері бойынша Ұлттық диалог өткізілді

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 31 шілдесінде Қазақстан Республикасының азаматтарының дәрілік препараттарға қолжетімділікті жақсарту жөніндегі сұрақтар бойынша СК Фармация, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, «ҰЗМИ» РМК-ы, зияткерлік меншік саласы бойынша халықаралық  эксперттер, «Answer» қоғамдық  қорының филиалы, «AGEP’C»  қоғамдық қоры, «АИВ мен тұратын адамдардың Орта-Азиялық Ассоциациясы» ЗТБ-нің қатысуымен Ұлттық диалог өткізілді.

Ұлттық диалогтың өткізілу мақсаты: АИС және С вирустық гепатитін емдеу бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарына дәрілік препараттардың сатып алу процессін оңтайландырудың қажеттілігі және талқылау жолдары.

Кездесу барысында төмендегідей ақпараттар таныстырылды:

  • Қазақстан Республикасында генерикалық препараттарға қолжетімділігі, зияткерлік меншік бойынша тосқауылдарын талдау;
  • Орталық Азия және Шығыс Еуропа аймағында зияткерлік меншік және дәрілердің қолжетімділігі бойынша өзекті сұрақтар;
  • Малайзия және басқа елдерді мысалға ала отырып дәрінің бағасын төмендету бойынша икемді үлгілік халықаралық келісімдердің ережелерін пайдалану тәжірбиесі;
  • С вирустық гепатитін емдеуге препараттарды сатып алуды зерттеу;
  • АИС-инфекциясын емдеуге антиретровирустық препараттарды сатып алуды зерттеу.

 

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы оқыту семинарын өткізді

$
0
0
     2019 жылдың 27 тамызында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау. Авторлық құқық негіздері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
 
   Аталған шараға Металлургия және кен байыту институты АҚ, «Михайлюк» ЖШС, «Сороколат и серіктестіктері – патенттік сенімді өкілдер» өкілдері мен жеке тұлғалар қатысты.
 
     Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
 
-өнертабыс пен өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде пайдалы модельдер;
 
-өнеркәсіптік үлгіні тіркеу және оның патентке қабілеттілік талаптары;
 
-шетелдік патенттеу рәсімдері;
 
-өнеркәсіптік меншік объектілеріне электронды түрде өтінімдер беру рәсімдері;
 
-авторлық құқық негіздері.
 
     Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 
 
   

Өнертабыс саласындағы жетістіктерінің жыл сайыңғы «Шапағат» конкурсы басталды

$
0
0

Қыркүйектің 1-нен бастап өнертапқыштық қызметті насихаттау және өнертапқыштық қызмет туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында жыл сайынғы «Шапағат» өнертабыс саласындағы жетістіктер конкурсының қатысушыларына SMS-дауыс беру ашық деп жарияланады.

Конкурс «ҰЗМИ» РМК ресми сайтының «Шапағат өнертапқыштар байқауы» бөлімінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар 2018 жылғы Қазақстан Республикасының қолданыстағы өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер патенттерінің иелері.

Дауыс беру үшін,  http://shapagat.kazpatent.kz/ru/contest сайтының конкурс парақшасына кіріп қатысушының бейнеролигін таңдап, ұялы телефоннан нөмірді еңғізіп дауыс беруге болады.

Дауыс беру 2019 жылдың 10 қазанына дейін жалғасады.

SMS дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған ақтық сынға қатысушылар, «Шапағат» мүсіні және дипломымен марапатталады.

 

 

Жыл сайынғы оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» үздік шығарма конкурсы басталды.

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК жыл сайынғы оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» конкурсының басталғандығы туралы жариялайды.

Конкурстың мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру және зияткерлік меншік саласындағы білімді арттыру.

Конкурстың негізгі тақырыбы оқушылардың зияткерлік меншік саласындағы білімдерін кеңінен насихаттау; жас ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Жұмыстарды өткізу мерзімі (ЭССЕ) 2019 жылдың 2 қыркүйегімен 10 қазаны аралығында.

Конкурстың шарты сілтемеде: http://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy

Барлығыңызды конкурсқа қатысуға шақырамыз! Сәттілік!

«Шапағат» Республикалық форумы сайтының сілтемесі: http://shapagat.kazpatent.kz/kk

 

2019 жылдың 29-30 тамызы аралығында «ALTYN OIMAQ» форум-көрмесі өтті

$
0
0

     2019 жылдың 29-30 тамыз аралығында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Азиялық даму банкінің қолдауымен «Көрме» көрме орталығында «ALTYN OIMAQ»  көрме-форумы өткізілді, іс-шараның серіктесі Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры болды.

     Бүгінгі таңда Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту, экономиканың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2018 жылдың 11 желтоқсанында Президент «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіл өнеркәсіпте импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін тағы да атап өтті. Жәрмеңке-көрмеде 80 тауар өндіруші-отандық компаниялар «Барлығы отбасы мен үй үшін» киім, аяқ киім және текстиль категориялары бойынша қатысты.

     Форумды ҚР Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Скляр Роман Васильевич құттықтау сөзімен ашты, және де «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Квятковский Эдуард Олегович, Қазақстандағы Азиялық даму банкі өкілдігінің директоры Капаннелли Джованни, «Mimioriki» қазақстандық балалар киімі брендінің негізін қалаушы және директоры Аленко Инна және «Таразкожобувь» коммерциялық директоры Оразалиев Ерлан қатысты.

   Форумның іскери және экспозициялық бағдарламасы сондай-ақ қолөнер бойынша шеберлік сабақтар, сонымен қатар зияткерлік меншікті құқықтық қорғау бойынша семинарлар өткізілді. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК мамандары, қатысушыларға өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың ерекшеліктері, авторлық құқықты қорғау, электрондық өтініш беру талаптары, сондай-ақ зияткерлік меншік туралы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып түсіндірді. Шеберлік класты А.Артыкова, Л.Салкен, Д.Кусайнова, А.Нурахметова, С.Әжібекқызы, С.Айтмагамбетова өткізді.

     Шеберлік-класс қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілер өнеркәсіптік үлгілерге патент алу үшін өтініш беретіндігін ескертті.

     Қатысушылар көрменің үйымдастырушылары мен серіктестеріне алғыс айтып, мұндай шараларды Қазақстанда өткізудің маңыздылығын атап өтті және болашақта мұндай көрмелерді тұрақты негізде өткізу туралы ұсыныс жасады.     

 

2019 жылдың 24, 25, 26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары

$
0
0

2019 жылдың 24, 25, 26 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өтеді.

            Аталған семинар зияткерлік меншік объектілерін, атап айтқанда өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау мен сақтау мақсатында өткізіледі.

            Бұл шараға бизнес құрылымдар, отандық өндірушілер өкілдері және қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылатын болады.

       Семинар барысында келесідей мәселелер қарастырылатын болады:

  • тауар таңбасының түсінігі, тауар таңбалары саласындағы заңнама нормалары;
  • ұлттық жүйе бойынша сараптама рәсімі;
  • белгілер бойынша ұқсастыққа және араласып кету деңгейіне дейінгі ұқсастыққа салыстырмалы талдау жүргізу;
  • тауар таңбаларды тіркеудің халықаралық жүйесі бойынша өтінім беру;
  • өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау;
  • өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі. Тіркелген өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот дауларының мысалдары;
  • тауар шығарылған жер атауын қорғау және тіркеу талаптары;
  • авторлық құқық;
  • зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беру;
  • зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім беру.

           

            Семинардың басталу уақыты: 2019 жыл 24, 25, 26 қыркүйек, сағат 10.30-да.

            Семинар ақылы түрде өтеді және ол бойынша сертификат беріледі.

            Семинарға қатысу құны бір адамға 16485 теңгеніқұрайды.

          Қызығушылық танытқан барлық тұлғаларды семинарға шақырамыз!

            Семинар өтетін жер: Алматы қ., Ришат және Мүслім Абдуллиндер к-сі 6/1 (Жібек жолы көш. бұрышы).

            Семинарға қатысты сұрақтар бойынша «ҰЗМИ» филиалының Оқу орталығына 8(727) 344-30-00 және 344-30-22 телефондары бойынша немесе edu.center@kazpatent.kzэлектронды поштасына хабарласуға болады.

Бағдарлама

 

Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ) Президенті Сауле Тлевлесова Қазақстандық патенттік ведомствосының сарапшысын құрмет грамотасымен марапаттады

$
0
0

Ұлттық зияткерлік меншік институты ғимаратында Еуразиялық патенттік ұйымы Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ)  Президенті Сауле ТлевлесоваЕуразиялық патенттік ұйымы мен Еуразиялық патенттік жүйесінің тиімді жұмысы мен дамуына қосқан үлесі үшін салтанатты түрде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының бас сарапшысы Камида Сагадатовна Искакованы құрмет грамотасын тапсырды.

«Сіздің көпжылдық жемісті жұмысыңыз үшін шың жүректен ризашылығымды білдіремін, Сіздің шабыттандыру, ынталандыру және білікті қабілетіңіз бірнеше буынды мамандардың өсуіне көмектесті, бүгінде алған білімдерін жұмыс саласында қолданып жүр, Сіз Институттың өркендеуіне үлкен үлес қостыңыз және жастарға жарқын үлгі боласыз. Сіздің кәсіпқойлығыңыздың жоғары деңгейіне алғысымды білдіре отырып Еуразиялық патенттік ұйымы мен Еуразиялық патенттік жүйесінің табысты дамуына ықпал ететін-бірге маңызды миссияны орындай аламыз», - деді өз сөзінде Сауле Тлевлесова.


Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесінің отырысы өтті

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде, Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесінің отыз бесінші отырысы (кезекті жиырма алтыншы) өтті. Отырысқа Еуразиялық патенттік конвенцияның қатысушы-мемлекеттерінің уәкілдері бастаған Әзірбайжан Респбуликасының, Қырғыз Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының Ресей Федерациясы, Түрікменстанның ресми делегациялары, отырысқа Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өтпелі және дамыған экономикасы бар  елдер Департаменті директоры Михал Швантнер байқаушы ретінде қатысты. Қазақстан Республикасы атынан уәкілетті өкіл-әділет министрлігінің вице-министрі Алмат Мадалиев және уәкілетті өкілдің-орынбасары «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов қатысты.

Отырысты Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесінің төрағасы, Қырғыз Республикасы Үкімет жанындағы зияткерлік меншік және инновациялық қызметінің төрағасы Динара Молдошева ашты, ол өз сөзінде Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесі мүшелерінің делегациясын құттықтап, сондай-ақ Еуразиялық патенттік конвенциясының қол қойылған күннен бастап 25 жылдығымен және Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамасына қол қою туралы Дипломатиялық конференциясының табысты өтуімен құттықтады.

Кездесу барысында Еуразиялық патенттік ұйымының 2018 жылғы есебі бекітілді, Еуразиялық патенттік ұйымының 2020 жылға арналған бюджет жобасы тыңдалды, Еуразиялық патенттік ведомствосында ұзақ мерзімді тағылымдамадан өту туралы ережесінің жобасы, В.И.Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік бизнеске қосқан үлесі үшін» алтын медалі туралы ақпарат, Еуразиялық патенттік ұйымының халықаралық іздеу органы және халықаралық алдын-ала сараптама органы мәртебесін алу ниеті туралы мәселелері қарастырылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен осы жылдың 9 қыркүйегіндегі Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамасына қол қоюын назарға ала отырып, уағдаласушы мемлекеттердің аумағында өнеркәсіптік үлгіні қорғаудың бірыңғай қорғау жүйесін енгізу, нұсқаулықтар мен алымдар туралы ережелер жобаларын әзірлеу туралы басты сұрақтарды талқылау болды. Нұсқаулық жобалары және тарифтер туралы ережені әзірлеу мерзімі қабылданды.

Еуразиялық патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесінің отыз алтыншы (кезекті жиырма жетінші) отырысын өткізу 2020 жылдың тамыз айында Қырғыз Республикасында жоспарланған.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен дипломатиялық конференцияда Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамасына қол қойылды

$
0
0

Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 9 қыркүйегінде, 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенциясының Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференция өтті. (Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттама). Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың қабылдануы және қол қойылуы,  Еуразиялық патенттік конвенциясының 25 жыл бұрын қол қойылған күнімен тұспа-тұс келуі нышандық мағынаға ие.

Дипломатиялық конференция барлық Уағдаласушы Әзірбайжан Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Қазақстан мемлекеттері үкімет делегацияларының қатысуымен, және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы делегациялары, Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосы, Еуропалық патенттік ведомствосы,  ұлттық патенттік ведомстволар және әр түрлі елдердің ұйымдарының өкілдері, Еуразиялық өнертабыс сыйлығының лауреаттары, сонымен қатар Еуразиялық патенттік ұйымының құрылуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлердің қатысуымен өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев, Еуразиялық патенттік ұйымы   Еуразиялық патенттік ведомствосының (ЕАПВ) Президенті Сауле Тлевлесова, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мүшесі Канатбек Сафинов, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өтпелі және дамыған экономикасы бар  елдер Департаменті директоры Михал Швантнер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов қатысты.

Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы Еуразиялық патенттік ведомствосы Еуразиялық патенттік ұйымының қатысушы-мемлекеттерімен бірлесіп әзірлеген және өңіраралық деңгейде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың Еуразиялық жүйесін құру мақсатын жасайды, бұл Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде патенттер алу тәртібін жеңілдетеді және өтініш берушілер үшін әкімшілік және қаржылық жүктемелерді азайтады.Осыған ұқсас жүйе өнертабыстар үшін 1994 жылдан бастап қолданылады.

 «Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қою зияткерлік меншік саласындағы тарихи оқиға болып табылады және еуразиялық кеңістік елдерінің арасындағы жемісті ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады. Бұл сегіз қатысушы мемлекет үшін бірыңғай патент негізінде өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғаудың өңірлік жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осылайша, осындай келісілген құқықтық жүйемен өнеркәсіптік үлгілердің саны мен сапасы сөзсіз артады»,-деді конференцияның ашылуының алдында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев.

Дипломатиялық конференцияны құттықтау сөздерімен ЕАПҰ Президенті Сауле Тлевлесова ашып, ол Қазақстан Республикасына Үкімет атынан қонақжайлық және Еуразия аймағы үшін маңызды іс-шараны өткізуге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

 

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Фрэнсис Гарри бейне хабарлама арқылы қонақтар мен қатысушыларға, ЕАПҰ-ға көпжылдық серіктестігі үшін алғыс білдіріп және Еуразиялық патенттік конвенцияның 25 жылдығына және дипломатиялық конференцияны өткізуге үлкен табыстар тіледі.

Дипломатиялық конференцияның төрағасы болып Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев сайланды. Әзірбайжан Республикасы зияткерлік меншік Агенттігінің басқарма төрағасы Камран Иманов және Зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметінің басшысы Григорий Ивлиев  дипломатиялық конференция төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Қолданыстағы өкілеттіктерге сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және ресей Федерациясы делегацияларының өкілдері 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразялық патенттік конвенцияға өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамаға қол қойды.

  

Сонымен қатар, 15-тен астам Еуразиялық сыйлықтың лауреаттарына түрлі номинациялар бойынша өнертабыс саласында; адам өмірі мен денсаулығын қорғау саласындағы өнертабыс үшін. өндірістік технологияларды дамыту және жетілдіру саласында, жоғары технологиялық және перспективалы технологиялар саласында, адам өмірінің сапасын жақсартатын технологиялар саласында», ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар саласында көптеген жылдар бойы ойлап тапқан еуразиялық патенттік жүйенің белсенділігі және белсенді қолданылуы, шетелдік өнертапқыш, сонымен қатар ЕАПҰ-ның бірінші президенті В.Блинниковтың құрметіне марапаттар В.П.Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік бизнеске қосқан үлесі үшін» алтын медалі салтанатты түрде тапсырылды. 

Қазақстан Республикасы атынан Білім және ғылым министрлгінің ғылым комитеті «Ұлттық биотехнологиялық орталығы» РМК, сондай-ақ Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағыты бойынша 12 сынып оқушысы Бақыт Жанасыл «Гидрологиялық апаттар кезінде адамдарды тасымалдауға арналған құтқару роботының прототипі» жобасы Еуразиялық сыйлығының лауреаттары атанды.

Айта кету керек, Марат Бекетаев Еуразиялық патенттік ұйымының В.И.Блинниковтың «Өнертапқыштық және патенттік бизнеске қосқан үлесі үшін» наградасымен марапатталды.

Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманың қабылдануы Еуразиялық патенттік ұйымының өнеркәсіптік меншік обьектілерін құқықтық қорғау саласындағы функцияларын кеңейтеді және Еуразиялық патенттік жүйесі пайдаланушыларының мүдделері үшін және ЕАПҰ мүше-мемлекеттерінің мүдделері үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған.

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласының Әділет департаменті семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласының Әділет департаменті тұрғындардың құқықтық білім деңгейін көтеру мен зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардар ету мақсатында кәсіпкерлерге, құқық иеленушілерге және зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушыларға арналған семинар өткізді. 

Семинар жұмысына мемлекеттік мекемелердің, бизнес құрылымдардың, отандық тауар өндірушілердің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. 

Шарада Алматы қ. Әділет департаментінің, "Ұлттық зияткерлік меншік институты"РМК Алматы қ. филиалының, Алматы қ. "Атамекен"ҰКП, "Болотов и Партнеры"ЖШС өкілдері баяндама жасады.

Аталған семинарда тауар таңбалары, жалпыға бірдей белгілі тауар таңбалары, авторлық құқықтарды тіркеу мен қорғау және тауар таңбасын пайдаланудағы мемлекеттік бақылау мәселелері талқыланды.

"ҰЗМИ"Алматы қ. филиалының Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдаулық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Т. В. Горбунова қатысушыларға тауар таңбаларын құқықтық қорғаудың ерекшеліктері, тауар таңбасына электрондық өтінім беру талаптары туралы айтып берді.

Шара соңында қатысушылар атқарылған жұмыс үшін оның өзектілігі мен халық үшін маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Тәжікстан Республикасының Патенттік ведомство делегациясы «ҰЗМИ» РМК сапармен келді

$
0
0

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының сауда және экономикалық даму министрлігінің Ұлттық патенттік-ақпараттық орталығы директорының м.а. Мирзо Исмоилзада, директордың кеңешісі Геннадия Купайи, халықаралық тауар таңбаларын тіркеу басқармасының басшысы Парвиз Миралиев, өнертабыстар және өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Баходур Назаров бастаған делегация «ҰЗМИ» РМК   сапармен келді.

Кездесуге «ҰЗМИ» РМК тарапынан директор Ербол Оспанов, директордың бірінші орынбасары Калия Батаева, директордың орынбасары Мақпал Шугаипова, сонымен қатар бөлім басшылары қатысты.      

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесімен, зияткерлік меншік саласындағы заңнамада соңғы өзгерістермен, патенттік іздеу, электронды өтінім берудегі Қазақстандық ведомствоның тәжірбиесімен танысу болды. 

Кездесу нәтижесінде тараптар жақын уақытта өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою арқылы екі ведомство арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

 

Ақпараттық хабарлама

$
0
0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Қ. Жұмағалиевпен 2019 жылғы 19 қарашада Зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жөніндегі Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілді. 

Жоғарыда көрсетілген Жол картасын іске асыру нәтижесінде зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен электрондық форматқа ауыстырылды.

Жол картасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізу, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰЗМИ ААЖ) және «электрондық үкімет» порталын (бұдан әрі – портал) түрлендіру, оңтайландырылған бизнес-процесті іске қосу және аталған жаңалықтарды іске асырумен жұртшылықты таныстыру көзделген.

2019 жылғы 22 сәуірде ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 382 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 1481 бұйрығымен бекітілген зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына өзгерістер енгізілді.

ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 455 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 1510 бұйрығымен бекітілген зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттеріне өзгерістер енгізілді.

Бұдан басқа, порталмен өзара іс-қимыл бөлігінде ҰЗМИ ААЖ бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша барлық қажетті техникалық жұмыстар аяқталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін толық автоматтандыру туралы тиісті ақпарат 2019 жылғы 8 тамызда ҚР ӘМ www.adilet.gov.kzсайтында 2019 жылғы 2 тамызда ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК www.kazpatent.kzсайтында орналастырылған.

Зияткерлік меншік саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес алу үшін ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК-ның Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 3Б ғимараты мекенжайында орналасқан +7(7172)62-15-15, 62-15-16 байланыс телефондарына хабарласу қажет.

Сілтемелер:  http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019038

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019349

 

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live