Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

«ҮЗМИ» РМК қызметкерлері машина жасаушылардың VII форумына қатысты

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 12-13 қыркүйек күндері ЕХРО Конгресс-Орталығында Қазақстандық машина жасаушылардың VII форумы өтті. Форумды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі және Қазақстанның машина жасаушылар одағы. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ форумның бас серіктесі болды. «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің қызметкерлері форумның бағдарламасына белсенді қатысты.

Осы жылғы форум "Машина жасау-Қазақстанның индустриялдық драйвері"ұранымен өтті.

Форумда қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында саланы дамытудың стратегиялық бағыттары сияқты маңызды және импортты алмастыру, өндірісті ынталандыру, жас мамандардың мәртебесін көтеру, цифрландыру аясындағы тәсілдерді талқылау туралы өзекті тақырыптар талқыланды. Кездесуге Германия, Чехия, Ресей, Қытай және басқа да әлемнің 20 дан астам елінен мыңнан аса шетелдік делегаттар қатысты. УПЭФиМ сарапшылары инженерлік кәсіпорындардың жетістіктерін экспозициялау барысында жетекші салалық компанияларға зияткерлік қызмет нәтижелерін қорғауға, стартегиялық тәсіл, коммерциализация мен дамуды экспорттауға қалай ықпал ететіні туралы айтып берді, соңына қарай мұнай газ саласы, электротехника, тау-кен металлургия және машина жасаудың басқа да бағыттары бойынша пікірталас алаңдарына қатысты.


Құрметті әріптестер! Сіздерді шын жүректен Ұлттық зияткерлік меншік институтының құрылған күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, өркендеу және кәсіби салада сәттілік тілейміз!

«Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ арналған семинар өткізілді

$
0
0

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Ынтымақтастық туралы келісім аясында Алматы қ. IT-Квартал ғимаратында Оқу орталығы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Парктің әр түрлі жобалар бойынша стартаперлері қатысты.

Лекторлар ретінде «ҰЗМИ» РМК филиалының сарапшылары мен мамандары дәріс оқып, тауар таңбалары, өнеркәсіптік үлгілер мен авторлық құқық объектілерінің түсінігі мен оларды құқықтық қорғау туралы айтып берді. Дәріс соңында әрбір лектор семинар қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.

Шара аяқталған соң ИК «Инновациялық технологиялар паркі» қатысушыларын бақылау бойынша бас менеджер С.Д. Рашев пен қатысушылар лекторларға берген ақпарат үшін алғыс білдірді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

«ҰЗМИ» РМК өкілі АҚШ және Орталық Азия елдерінің зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сұрақтар бойынша жұмыс тобы сарапшыларының отырысына қатысты

$
0
0

Алматы қаласында 2019 жылдың 17-18 қыркүйегінде АҚШ Сауда Департаментінің Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы (CLDP) АҚШ Сауда министрлігі сауда өкілі кеңсесінің үйлестіруімен (USTR), АҚШ патенттік-тауарлық белгілері бюросы (USPTO), АҚШ Сауда министрлігінің халықаралық сауда басқармасы (DOC/ITA),  ұйымдастыруымен  АҚШ пен Орталық Азия зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және АҚШ үкімет делегациялары, сондай-ақ патенттік ведомство өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының өкілдері: ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының м.а. Куантыров Е.С., ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының басшысы Алмасова А.А., ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті өнеркәсіптік меншік басқармасының сарапшысы Кокжалов Р.А. қатысты.

АҚШ өкілдері: Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының адвокат-консультанты Майкл Кофилд, Коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасының халықаралық бағдарламасы бойынша маманы Юлия Мелара, АҚШ патент және тауар белгілері бойынша ведомствосының саясат және халықаралық қатынастар басқармасы Техас өңірлік кеңсесінің адвокат-консультанты Дж. Тодд Ривз, АҚШ Сауда өкілдігінің зияткерлік меншік және инновация бюросының директоры Анжам Азиз, АҚШ Сауда өкілдігі көмекшісінің орынбасары Зеба Реязуддин, АҚШ Халықаралық сауда басқармасының маманы Рейчел Сальзман қатысты.

Күн тәртібінде: Орталық Азия елдері бойынша арнайы 301 есеп беру, лицензияланбаған бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдалану,  авторлық құқық және контрафактілік мәселелер, осы аймақтағы зияткерлік меншік құқығын қорғау және қорғау саласындағы  тақырыптар талқыланды.

2019 жылдың 19 қыркүйегінің екі күндік отырысы барысында АҚШ өкілдерінің |Орталық Азия елдері делегаттарымен екі жақты кездесу өткізіліп, жұмыс тобының зияткерлік меншік құқығы туралы сұрақтары қойылды, нәтижесінде әрі қарай жұмыстар талқыланып отырыс қорытындыланды.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті мен Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған семинар өтті

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірге ұйымдастырылған семинары өтті. Семинардың негізгі спикері ДЗМҰ Медиация және Арбитраждық орталығының директоры Эрик Уилберс, зияткерлік меншік саласындағы дауларды медиация және төрелік арқылы шешу, соның ішінде тауар белгілерінің сквоттингі бойынша дауларды шешудегі тәжірибені талқылау жөнінде сөз сөйледі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиевқұттықтау сөзімен ашты.

 

                                                                       

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының судьялары, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және патенттік сенім білдіргендер қатысты.

Семинарда сондай-ақ «ҰЗМИ» РМК өкілдері, «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Калия Батаева, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Мақпал Шугаипова, және Тауар таңбалары және тауар щығарылған жерлердің атауларын сараптау басқармасының аға сарапшысы Абзал Әбдімүтәліп, Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының бас маманы Нұркелді Темірханқатысты.

Сонымен қатар заң ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Қасым Мауленовжәне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Өнеркәсіптік меншік басқармасының басшысы Асемгуль Абеноваспикерлер ретінде сөз сөйледі.

 

 

ДЗМҰ (WIPO) медиация және арбитраждық орталығының директоры Қазпатент кәсіпорнында болды.

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 25 қыркүйегі күні Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) медиация және арбитраждық орталығының директоры Эрик Уилберс«ҰЗМИ» РМК болды.

Кездесуді құттықтау сөзімен «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспановашты.

ДЗМҰ (WIPO) өкілінің сапары Қазақстандағы зияткерлік меншік саласындағы дауларды медиация және арбитраж арқылы тиімді шешудің тәжірибелік мәселелері жөніндегі сараптамалық миссияның құрамында болды. Эрик Уилберсмырза «ҰЗМИ» РМК сараптамалық бөлімдеріне барып, ұйымдағы бөлім сарапшыларының жұмыстарымен танысты.

Кездесу барысында «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Қалия БатаеваҚазақстан Республикасындағы зияткерлік меншікті қорғау және қорғау саласындағы дауларды шешу тәжірибесі туралы, атап айтқанда, тауар таңбаларын тіркеу туралы даулар, зияткерлік меншік заңнамасында ағымдағы өзгерістерді атап өтті және статистикалық мәліметтерді келтірді. Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкері Данияр Какимов қонаққа ведомствоның негізгі қызметі туралы ақпаратпен таныстырды.

Жұмыс сапары барысында зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы дауларда медиацияны қолдануға байланысты мәселелер талқыланды. Эрик Уилберсмырзаға Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын бұзу саласындағы сот істерінің саны туралы сұрақтар қызығушылық танытты, осы іс жүргізудің мәні мен сипаты; атап айтқанда, қандай зияткерлік меншік нысандарына және осы даулар келісім-шарттық қатынастарға байланысы.

Тараптар зияткерлік меншік саласындағы Қазақстандық медиация институтын қалыптастыру, дамыту және осы саладағы шетелдік тәжірибенің озық үлгілерін құру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу соңында Эрик Уилберсмырза Қазақстандық патенттік ведомствосы қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының көлемі мен сапасына таңданып және «ҰЗМИ» РМК басшылығына кездесу үшін алғысын білдірді. 

 

        
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы медиация және арбитраждық орталығының директоры Эрик Уилберс

 

ҰЗМИ Алматы қ. филиалында 3 күндік оқыту семинары өткізілді

$
0
0

2019 жылдың 24-26 қыркүйек күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалында «Өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлер атауларын құқықтық қорғау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Семинар жұмысына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің патенттеу бойынша маманы, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ң бас менеджері, «Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы – «Қазтелепорт» акционерлік қоғамының өкілі, «АлматыЭкспертиза» ЖШС-ң маркетологі, «Kaspi Bank» АҚ-ң қызметкерлері қатысты.

Семинар өнеркәсіптік үлгілерді, тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлер атауларын тіркеуді насихаттау мен сараптама өткізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу процедурасымен және зияткерлік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларын отандық тауар өндірушілерінің жұмысымен таныстыру мақсатында «ФудМастер» АҚ өкілі Ж.М. Байгунова мен «Бахус» АҚ өкілі А.В. Лисицкая шақыртылып, ал олар тәжірибесімен бөлісіп, өз қызметтеріндегі зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығы мен артықшылықтарын атап өтті.

Үш күндік семинар қортындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауар беріліп, тәжірибелік сабақтар өткізіліп, консультациялар берілді.

Семинар соңында қатысушылар ҰЗМИ филиалының қызметкерлеріне зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне енгізілген өзгерістерге қатысты өз уақытында берілген ақпарат үшін алғыс айтты.

                                                                                

Сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз

$
0
0

Құрметті достар, әріптестер және әділет ардагерлері!

Ұлттық зияткерлік меншік институты сіздерді Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтайды!

Әділет қызметкерлері әрдайым Қазақстан Республикасындағы мемлекеттілікті нығайту мен дамытудың, заңнаманы жетілдірудің, әділеттіліктің принциптерін орнатудың, азаматтардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау жөніндегі маңызды міндеттерін орындады.

Осы айтулы мереке күнінде сіздерге зор денсаулық, сәттілік және жаңа жетістіктер, жақындарыңызға амандық, бақыт тілейміз!

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 29 қыркүйегінде кәсіби мерекеге орай Әділет органдарының қызметкерлері арасында мини-футбол мен волейболдан спорттық жарыстар өтті.

Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының командалары достық кездесуге қатысты.

Кездесу нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институты Ақмола облысы Әділет департаментіне есе жіберіп, мини-футболдан 2 орын алды және Қызылорда облысы Әділет департаментіне есе жіберіп, волейболдан 2 орын алды.

Айта кететін болсақ, «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.

Мерекелеріңізбен!


Қазақстандық делегация Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ):59 серия мүше-мемлекеттер Ассамблеясы отырысына қатысуда

$
0
0

Қазақстандық делегация, Қазақстан Республикасы Әділет министрі Марат Бекетаев, Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Ермек Куантыров, «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспанов және «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Макпал Шугаипова Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ):59 серия мүше-мемлекеттер Ассамблеясы отырысына қатысуда. Отырыс аясында Бас Ассамблея ДЗМҰ қызметі туралы Бас директорының есептерін қарайды және бекітеді, бюджеттік және қаржылық реттеуді қабылдайды, сондай-ақ Бас директор ұсынған іс-шараларды растайды, ДЗМҰ құрған халықаралық келісім-шарттарды орындау және Конвенцияға сәйкес басқа да функцияларды орындайды.

Бас Ассамблея құрамына кез-келген одақтың (Берн одағы, Париж одағы және ДЗМҰ басқаратын басқа да халықаралық келісімдер) мүшелері болып табылатын Конвенцияға қатысушы мемлекеттер кіреді

ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында ҰЗМИ және ЕАПВ арасында Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойылды

$
0
0

2019 жылдың 30 қыркүйегінде ДЗМҰ Бас Ассамблеясының аясында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры  Е. Оспанов және Еуразиялық патенттік ведомствосының президенті С. Тлевлесова  арасында Электрондық құжат алмасу туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге еуразиялық өтінімдерді жіберудің электронды форматына көшу мақсатында қол қойылды. Осы міндеттерді орындау үшін Тараптар веб-сервистер арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, ұлттық өтінім берушілердің еуразиялық патент алуға өтінімдер беру процесін жеңілдету мақсатында Пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтініштерді қабылдау функционалдығы іске асырылды https://newcab.kazpatent.kz/.

 

Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы болып өтті

$
0
0

2019 жылдың 3-4 қазан күндері  Алматы қаласында «Авторлық және сабақтас құқықтар: сот (арбитраж) тәжірибесінің өзекті проблемалары» үшінші халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараны «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша коммерциялық емес ұйымы» жеке мекемесі және «Братусь, Сагадиев, Демеубаев и Партнёры» заң фирмалары ұйымдастырды.

Конференцияда ғылыми қызметкерлер, тәжірибеден өтіп жүрген заңгерлер, арт-индустрия өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, алыс және жақын шет елдерінің құқықтарды ұжымдық басқару бойынша ұйымдарының өкілдері қатысты. «ҰЗМИ» РМК атынан Оқу орталығының  бас маманы Б.О. Назаров қатысып, «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу» тақырыбында баяндама оқыды.

Шара барысында келесідей тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды:

  • зияткерлік құқықтар: заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің жекелеген мәселелерін концептуалды талдау;
  • еңбек құқығы аясында қызметтік туындыны құру;
  • Қазақстан Республикасында зияткерлік құқық бойынша сот тәжірибесін нығайтудың жалпы мәселелері
  • Ресей, Үндістан, Молдова, Өзбекстан және т.б. өкілдерінің айрықша құқықтары бойынша баяндамалары.

Баяндамалар соңында қатысушылармен аталған тақырыптар бойынша пікір алмасып, қойған сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар конференцияға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс айтып, ал қатысушылар өз кезегінде осындай кездесуді  өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы басшылығымен жұмыстық кездесу өтті

$
0
0

Бүгін 2019 жылдың 9 қазанында Ұлттық зияткерлік меншік институтында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы басшылығымен жұмыстық кездесу өтті.

Кездесудің басты тақырыбы тауар таңбаларының нормативтік актілерін тіркеу және қорғау саласын сот-сараптамалық тауартану зерттеулерімен үйлестіру жөніндегі сұрақтар болды.

Кездесуде құттықтау сөздерімен «ҰЗМИ» РМК директоры Ербол Оспановжәне ҚР ӘМ Сот сараптама орталығы Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Сот сараптамасы орталығының қызметін бақылау басқармасының басшысы Темирболат Кожамжаров сөйледі.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артыкова«ҰЗМИ» РМК қызметіне шолу» туралы тақырыбына, сондай-ақ тауар таңбалары департаменті және тауар шығарылған жердің атаулары басшысының м.а. Айгерим Сашкен  «Зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының тауар таңбаларын ауыстыру дәрежесіне сәйкестендіру және ұқсастығын анықтау» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу барысында тараптар қолданатын тауар таңбаларының ауыстыру дәрежесіне ұқсастығы мен ұқсастығын анықтау әдістемелері талқыланды.

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Өнеркәсіптік меншік басқармасының  басшысы Асемгуль Абеновасараптама барысында тауар белгілерінің ұқсастықтары немесе ұқсастықтарын анықтау кезінде туындайтын негізгі даулы мәселелерді атап өтті.

Талқылау нәтижесінде, жиналысқа қатысушылар тауар таңбаларының ауыстыру дәрежесіне ұқсастығын айқындау әдістемесін бірлесіп әзірлеу туралы келісімге келді.  

«Шапағат-2019» өнертапқыштар республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды

$
0
0

Бүгін 2019 жылдың 11 қазанында Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай осы жылдың 26 сәуірінде басталған«Шапағат» өнертапқыштар республикалық онлайн  конкурсы жеңімпаздарының қорытындысы анықталды.

Конкурс өнертапқыштық қызметін үгіт-насихаттау мақсатында, қоғамда өнертапқыштық ақпараттың деңгейін арттыру.

Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар 2019 жылдың 26 тамызынан бастап 2018 жылы патенттелген өнертабыстар, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгі туралы өтініш берді.

Интернет-ресурсты  пайдаланушылар арасында дауыс беру осы жылдың 1 қыркүйегімен 10 қазан аралығында өтті.

Жоғары дауыс жинаған он өнертапқыш, жеңімпаз болып танылып, конкурстың қорытындылары сайтта жарияланды http://shapagat.kazpatent.kz/ru/contest

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған «Қазақстанда авторлық құқықтың негіздері» семинары және қауіпсіздік мәселелері бойынша VI IP-форумына қатысты.

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 10 қазанында  қауіпсіздік мәселелері бойынша ITV Axxsonsoft, Intel, Gruding Security, Twin Pro, Commax, NODER және «Рубикон» компаниялар тобы ұйымдастырған VI IP-форумы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар жүзеге асырылған жобалар және баяндамалары бойынша сөз сөйледі, тыңдаушыларға «Интеллект» интеграцияланған қауіпсіздік жүйесінің тиімділігі, жаңа технологиялар мен әзірлемелер туралы айтып, соңғы әзірленген “ақылды” технологияларды көрсетті.

«ҰЗМИ» РМК атынан іс-шараға физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшылары Ш. Бахтияр, Н. Бактыбаеважәне А. Салим,ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының бас сарапшысы А. Белғара, Патенттік ақпарат және сараптама кезеңдерін автоматтандыру басқармасының бас маманы

С. Әжібекқызыжәне халықаралық тауар таңбаларын сараптау басқармасының аға сарапшысы Д. Чанышевақатысты.

ITV Axxsonsoft коммерциялық директоры А. Христофоровбағдарламалық және техникалық қауіпсіздік құралдары синергиясының маңыздылығын және одан әрі әзірлемеде жасанды интеллектінің маңызды рөлін атады.

Іс-шараның соңында жаңа технологияларды дамыту жетістігінің ажырамас бөлігі ретінде оқыту, тағылымдамадан өткізу және көшпелі семинарларды ұйымдастыру маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ 2019 жылдың 10 қазанында авторлық құқық басқармасының басшысы С. Шидербеков «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған  «Қазақстандағы авторлық құқықтың негіздері» семинарына қатысып, қатысушыларға Қазақстандағы авторлық құқықтың негіздері және авторлық құқықты тіркеу және қорғау туралы айтып берді.

Семинар аясында «Атамекен» ҚР ҰКП «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ бірігіп ұйымдастырған «ALTYN OIMAQ» конкурсының қорытындысы бойынша осы кезеңде анықталған үздік киім дизайнерлері марапатталды,

Айта кетейік,  «ALTYN OIMAQ» конкурсы Қазақстанда алғаш рет өткізіліп, алты номинация бойынша үш кезеңде өтеді. Конкурсты өткізу бәсекеге қабілетті брендтерді құруға дайын мамандардың жаңа буынын анықтауға мүмкіндік береді.

 

      

 

Авторлық құқық басқармасының басшысы С. Шидербеков

 
       

Физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшылары Ш.Бахтияр, Н.Бактыбаева және А.Салим, ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының бас сарапшысы А.Белғара

 

 

ҰЗМИ бірінші күзгі «Run for Jusitce-2019» жүгіруді өткізді

$
0
0

Бүгін 2019 жылдың 12 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай күзгі «Run for Jusitce-2019» атты жүгіруді өткізді. Стартқа 100 аса әуесқой жүгірушілер шықты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі - Акерке Ахметовақұттықтау сөзімен ашты. «ҰЗМИ» директоры - Ербол Оспановәріптестерін мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Құттықтау барысында Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың  29 қыркүйегінде өткен Әділет органдары арасында мини-футбол және волейбол бойынша спорт жарыстарында жүлделі орындарға ие болған үшін «ҰЗМИ» РМК бірнеше қызметкерлеріне грамоталар тапсырды.

Старттың алдында жаппай дене сергіту ұйымдастырылды.

Спорттық бағдарлама 2,5 және 10 км арақашықтықтардан тұрды.

Атап айтарлығы, маусымдық жүгіруге ҰЗМИ қызметкерлерінің отбасы мүшелері де қатысты. Бірінші сынып оқушысы Арман Құралбай спорттық атмосферадан тыс қалмай, ол Триатлон саябағындағы 2 километр арақашықтықты бағындырды. Ал ең спорттық отбасы болып Омарова Ботагөздің отбасы танылды, ол әйелдер арасында 5 км арақашықтықты бағындырды, жұбайы - Кансейтов Болатжәне ұлы – Алматы Рауансондай-ақ 5 километр арақашықтықты бағындырды. Мұндай отбасылар ересектер мен өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салты үшін үлгі болады.

Сонымен, күзгі «Run for Jusitce-2019» жүгірудің абсолюттік есепте жеңімпаздары:

  • Ерлер арасындағы 2 километрге - Жумабаев Сьездбек;
  • Әйелдер арасындағы 2 километрге - Дюсенбаева Кулпаран;
  • Ерлер арасындағы 5 километрге  -  Шидербеков Саят;
  • Ерлер арасындағы 10 километрге - Ныгметов Дархан;
  • Әйелдер арасындағы 10 километрге - Шугаипова Макпал.

Белгілей кететін нәрсе, жүгіруде ҚР ӘМ «ЗҚАИ» РМК әріптестер қатысып, олардың әйелдер арасынан екі қатысушы 5 км арақашықтыққа жүгіруден 2 және 3 орын алды.

Жүгіру аяқталғаннан кейін Ербол Оспанов барлық жүгірушілер мен жанкүйерлерге қатысқандары үшін алғыс айтып, мерекелерімен құттықтады, сондай-ақ жүгірудің жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттады.

Өзінің қорытынды сөзі кезінде Ербол Оспанов 2020 жылдың мамыр айына қалалық марафонға қатысу үшін спорттық команда құруды тапсырды.

Сондай-ақ Ербол Оспановөз сөзінде: «Біз бәріміз кезекті рет тағы да дәлелдедік, біз мұны істей аламыз, біз мықтымыз, біз ортақ командамыз! Бұл үлкен еңбек, бастауы қаланды, қане, бір-бірімізді құттықтайық! Мұндай мерекелер әріптестердің көңілінен шықты, бұл туралы сенімді айтуға болады» - деп атап өтті.

 


«Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасындағы үздік шығарма конкурсының жеңімпаздары анықталды

$
0
0

Бүгін 2019 жылдың 14 қазанында «Болашақ сенің қолында: ойлан тап та жасампаз бол» оқушылар арасында үздік эссе республикалық конкурсының қорытындысы анықталды. Конкурс 2019 жылдың 2 қыркүйегінде басталған.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың арасындағы шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, жас ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту. 

Конкурсқа 8-11 сынып жас санатындағы оқушылар қатысты. Конкурсқа Республика бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 260 тан астам эссе түсті.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында 2019 жылдың 25 қазанында конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Комиссия шешімі конкурстың сайтында жарияланды: http://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursy

Жеңімпаздарды, сондай-ақ балаларды лайықты дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!

 

ҰЗМИ онлайн-сауалнаманы іске қосты

$
0
0

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

Біз сіздерді өнертабысқа арналған өтінім сараптамасы бойынша ҰЗМИ қызмет көрсету сапасына қанағаттану туралы

онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

Бұл ақпарат біздің жұмыс әдістерінің тиімділігін талдау үшін баға жетпес маңызға ие болады.

Біз сіздің пікіріңізге өте мүдделіміз, сондықтан сіз ұсынылған сауалнаманы толтыруға бірнеше минутынызды бөле аласыз деп үміттенеміз.

Біз сізге сауалнаманың барысында жасалған барлық пікірлер қатаң түрде анонимді болады деп сендіреміз.

Сіздің бағалы пікірлеріңізді асыға күтеміз.

Жауаптар 2019 жылғы 1 қарашада сағат 15:00-ге дейін қабылданады.

Сауалнамаға сілтеме.

Назарбаев орталығында салтанатты түрде үш республикалық конкурстардың және «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

$
0
0

Бүгін 2019 жылдың 25 қазанында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастыруымен, республикалық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

  1. Назарбаев Қорының оқушылар арасындағы конкурсы/ Nazarbayev Fund  Schools Challenge;
  2. «Шапағат» өнертапқыштар Республикалық-онлайн конкурсы;
  3. Оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» Республикалық онлайн-конкурсы.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Алькей Марғұланұлы, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Наталья Пан, «Назарбаев Университеті» ДББҰ инновациялар жөніндегі вице-президенті Ерден Құсаин, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директорының орынбасары Асель Шильдебаеваашып, жеңімпаздарды құттықтап, сондай-ақ Қазақстанның жастар және ересектер арасында  өнертапқыштық қызметті ынталандыру және көтермелеу мақсатында конкурстарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Алькей МарғұланұлыНаталья Пан
Ерден ҚұсаинАсель Шильдебаева
                                                                                      
Ербол Оспанов 

 

Бірінші Nazarbayev Fund Schools Challengeконкурсы 2019 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Назарбаев Университетінде өткізілді. Конкурстың мақсаты қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және  жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру болып табылады. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының командалары қатысты. Қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілдері, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының және «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді. Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарынанкелген оқушылардың командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір облыстық командаларынан оқушылар жеңімпаз атанды. Қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілдері, сондай – ақ "Samruk-Kazyna Trust"корпоративтік қорының және "Эйр Астана"ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді. Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарынан келген оқушылар командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір облыстық командаларының оқушылары жеңімпаз атанды. Финалистерге жүлде ретінде 2019 жылдың 19-26 тамызы аралығында Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапар шеңберінде Ұлыбританияға бару мүмкіндігі ұсынылды.

Nazarbayev Fund Schools Challenge - 2019 жылдың жеңімпаздары

 

Екінші "Шапағат"өнертапқыштар Республикалық онлайн-конкурсыХалықаралық зияткерлік меншік күніне сәйкес 2019 жылдың 26 сәуірінде басталды.  Конкурс өнертапқыштық қызметті насихаттау және өнертапқыштық қызмет туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. 2018 жылы берілген патенттелген Өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы бейнероликтер 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында онлайн-дауыс беру жүргізілді. Ең көп дауыс жинаған медицина, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, дизайн салалары бойынша он өнертапқыш жеңімпаз деп танылды. Ең көп дауыс жинаған «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК Коммерцияландыру және трансферттік технологиялар бөлімінің бас маманы, техника ғылымдарының кандидаты Шильдебаева Ляззат Кадырбековнаның «Ұлттық ою-өрнегі бар әйел пальтосы» атты өнеркәсіптік үлгі патенті ең көп дауыс жинаған жеңімпазы болып танылды.  (5271 дауыс).

«Шапағат» өнертапқыштар онлайн-конкурсы 2019 жылдың жеңімпаздары

 

Үшінші Оқушылар арасында "Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап және жасампаз бол"атты үздік эссе Республикалық конкурсы 2019 жылдың 24 қыркүйегінде бастау алды. Конкурстың мақсаты-оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өсіп келе жатқан ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту. Бұл байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Республика бойынша конкурсқа мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 260-тан астам эсселер түсті. 2019 жылдың 14 қазанында конкурстың қорытындысы жарияланды. Конкурс комиссиясы Павлодар қ. Дарынды балаларға арналған «Білім Инновация» лицейінің оқушысы Ратбек Шамшитовтыңшығармасын үздік деп таныды, өз кезегінде жас жасына қарамастан, өнертапқыш атанған. Ол аутизмге шалдыққан балаларға арналған «TRAINAUT» қосымшасын жасап қазіргі уақытта Қазақстанда, Ресейде, Грузияда 90 аса отбасылар осы қосымшаны пайдаланады.

 Оқушылар арасындағы үздік эссе конкурсының жеңімпаздары

 

Іс-шара барысында сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР ҰҒА академигі, Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Николай Буктуковқа В. И. Блинниковтың "өнертабыстық және патенттік іске қосқан үлесі үшін"алтын медалі және С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 4-ші курс студенті  Асель Жумагазееваға"Болашаққа көзқарас"атты Еуразиялық патенттік универсиадасының дипломы тапсырылды. 

ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, доктор Николай Садвакасович Буктуков  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті фармацевтикалық технология өндірісі факультетінің 4-ші курс студенті  Асель Жумагазеева

 

Конкурс туралы толық ақпарат, жеңімпаздардің есімдері мен фотоесептері  «Шапағат» форумның алаңында орналастырылған shapagat.kazpatent.kz.

                                                                                                                                       

Оқу орталығы 3 күндік оқыту семинарын өткізді

$
0
0

2019 жылдың 22, 23, 24 қазан күндері «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды рәсімдеу: өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, халықаралық тіркеу процедурасыме және  өнеркәсіптік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Семинарға "Алматы технологиялық университеті"АҚ, "Қарағанды медицина университеті"КЕАҚ, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мекемесі, "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті"РМК, «АлматыЭкспертиза» ЖШС ұйымдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинар аясында өнеркәсіптік меншік объектілері мен авторлық құқық бойынша дәрістер оқылды. Филиал сарапшылары зат, тәсіл, құрылғы және қолдану сияқты өнертабыстар объектілерін қарастырды, сондай-ақ патенттік ақпарат пен құжаттамаға іздеу жүргізу әдістемесінің мысалдары, сот дауларының мысалдары бар өнеркәсіптік үлгілер бойынша сот тәжірибесі көрсетілді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану және өтінімдерді электронды түрде беру мәселелері де қаралды.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және зияткерлік меншік саласындағы техникалық шешімдерді енгізу және коммерцияландыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинардың практикалық бөлігіне ҚР өнертапқыштары мен еңбек сіңірген өнертапқыштары шақырылды. Н.С. Буктуков , Ж.С. Садықов, Е.С. Аскаров коммерцияландыру әдістері және өздерінің кейбір енгізілген жобалары туралы айтып берді.

Ұйымдастырушылар семинар жұмысына қатысқаны үшін өнертапқыштарға алғыс білдіріп, алғыс хаттар табыс етті. 

Семинар соңында «Қарағанды медициналық университеті» КЕАҚ сарапшы-патенттанушы А.Н. Чичканова қатысушылар атынан ұйымдастырушыларға алғыс айтып, семинардың өзектілігін атап өтті.

 

 

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «ҚазМұнайгаз Инжиниринг» ЖШС тренинг өтті.

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 24 қазанында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қызметкерлері зияткерлік меншік обьектілерін құқықтық қорғау сұрақтары бойынша тренингке қатысты. Құттықтау сөзімен «ҚазМұнайгаз Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Хасанов Бакытжан Кенесович сөз сөйледі, ол мұнай-газ секторында тренингтің қатысушыларына кәсіпорынның ғылыми әзірлемелерімен кешенді сүйемелдеу мақсатында арнайы құрылған жаңа бөлімнің ашылғаны туралы хабарлады және өнертапқыштық белсенділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«ҰЗМИ» РМК атынан спикерлер есебінде Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова және Авторлық құқық басқармасы басшысының м.а. Саят Шидербеков сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында ГульданаИльясова зияткерлік меншік обьектілері туралы егжей-тегжейлі айтып түсіндіріп, артықшылықтары мен кемшіліктерін қоса алғанда, қолданылу мерзімі және тіркеу шарттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар тренингке қатысушыларға мұнай-газ саласындағы Қазақстан кәсіпорындарының патенттік белсенділігі туралы ақпарат берілді. Талқылау кезінде, нарықтағы бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ету үшін зияткерлік меншік обьектілерін қорғаудың әр түрлі құралдарының комибинациясын пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Кезекті сөз сөйлеу барысында Саят Шидербеков авторлық құқық обьектілерінің түрлері және авторлық құқықтарды тіркеу рәсімі туралы толық айтып берді. 2018 жылдан бастап ҚР заңнамасына өзгертулер енгізіліп және қазіргі уақытта тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатындығын, сондай-ақ авторлық құқықпен қорғалатын обьектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізу және жасау фактісіне байланысты туындап, автордың ізгі еркі болып табылатындығын айтты.

Тренинг соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп «Қазмұнайгаз Инжиниринг» ЖШС қызметкерлеріне арналған оқыту тренингтерін өткізу мәселелері бойынша «ҰЗМИ» РМК  ынтымақтастақты жалғастыруды ұсынды.

 

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live