Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлерімен «Астана медицина университеті» КЕ АҚ семинар өтті

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылы «Астана медицина университеті» КЕ АҚ «Өнертабыстағы Болашақ. Инновациялар және денсаулық» семинары өтті. Семинарды «Астана медицина университеті» КЕ АҚ және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастырды.

Іс-шара «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясованың құттықтау сөзімен басталды. Спикер ретінде медицина бойынша патенттік сарапшы –Гулнар Калтаева, халықаралық патенттеу бойынша сарапшы – Ляззат Тутешова және Авторлық құқық басқармасы басшысының м.а. – Саят Шидербеков қатысты.

Семинарды тыңдаушыларға Гулнар Калтаева медициналық өнертабыстарды патенттеу рәсімі және медициналық инновацияларды дамыту үшін  перспективалық салалар туралы айтып өтті. Г. Калтаеваның  жеке тақырыбы тыңдаушыларды ДЗМҰ 2019 жылдың жахандық инновациялық индексі бойынша салауатты өмір салты: медициналық инновациялардың болашағы  бойынша  баяндамасымен таныстыру болды. Баяндамаға шолу жасап, медициналық инновацияның даму үрдістері туралы айтып, медициналық өнертабыстарды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Ляззат Тутешева шет елдерде өнертабысқа патент алу үшін  толық ақпарат берді. Өз сөзінде ол өнертабыстарды халықаралық патенттеу кезіндегі патент қолданысының аумақтық шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беретін стратегиялары мен шығындары туралы айтты. Сондай-ақ,  шетелдік патенттер алған қазақстандық өнертапқыштар туралы мысал келтірді. Мысалы, «Фитохимия» АҚ және ғалымдар тобы С.М. Адекеновтың басшылығымен "Арглабин"дәрілік препаратын  Еуразиялық патенттік ведомствосында, АҚШ, Грузияда, Еуропалық патенттік ведомствосында және т.б. мекемелерде патенттеді. Сонымен қатар,  Саят Шидербеков авторлық құқық туралы заңнама бойынша ақпарат берді және авторлық құқықпен қорғалатын нысандарының мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу рәсімі туралы көрсетіп өтті.

Спикерлердің баяндамалары университет оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының қызығушылығын тудырды, және спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 


Қытайдың авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өтті

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылдың 4 қарашасында Қытайдың (NCAC) авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясы құрамында NCAC авторлық құқығы департаментінің бас директоры Ю Сике мырза, NCAC бақылау және қамтамасыз ету басқармасының директоры Жао Жие мырза, NCAC халықаралық істер басқармасының директоры Ху Пинг ханым, Қытайдың жазбаша туындыларына авторлық құқық қоғамының бас директоры Жанг Хонгбо мырза іс-сапармен келді.

«ҰЗМИ» РМК тарапынан кездесуге директордың бірінші орынбасары Калия Батаева, директордың кеңесшісі Алия Хабиденова, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстанда авторлық құқықтың обьектілерін тіркеу жүйесімен, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнамада соңғы  өзгерістермен танысу болды.

Қытайлық делегация Қазақстанда авторлық құқықпен қорғалатын туындылардың тіркеу тәртібінің жетілдіруі туралы, өтініш мерзімінің 20 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқаруы, және де толық электрондық құжат айналымына көшу туралы жетістіктерін атап өтті.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге келді.

NCAC делегациясының «ҰЗМИ» РМК іс-сапары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне авторлық құқық жөніндегі Қытай ведомствосының ресми сапары шеңберінде жасалды.

 

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлерімен «Астана медицина университеті» КЕ АҚ семинар өтті

$
0
0

Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылы «Астана медицина университеті» КЕ АҚ «Өнертабыстағы Болашақ. Инновациялар және денсаулық» семинары өтті. Семинарды «Астана медицина университеті» КЕ АҚ және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастырды.

Іс-шара «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясованың құттықтау сөзімен басталды. Спикер ретінде медицина бойынша патенттік сарапшы –Гулнар Калтаева, халықаралық патенттеу бойынша сарапшы – Ляззат Тутешова және Авторлық құқық басқармасы басшысының м.а. – Саят Шидербеков қатысты.

Семинарды тыңдаушыларға Гулнар Калтаева медициналық өнертабыстарды патенттеу рәсімі және медициналық инновацияларды дамыту үшін  перспективалық салалар туралы айтып өтті. Г. Калтаеваның  жеке тақырыбы тыңдаушыларды ДЗМҰ 2019 жылдың жахандық инновациялық индексі бойынша салауатты өмір салты: медициналық инновациялардың болашағы  бойынша  баяндамасымен таныстыру болды. Баяндамаға шолу жасап, медициналық инновацияның даму үрдістері туралы айтып, медициналық өнертабыстарды әзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Ляззат Тутешева шет елдерде өнертабысқа патент алу үшін  толық ақпарат берді. Өз сөзінде ол өнертабыстарды халықаралық патенттеу кезіндегі патент қолданысының аумақтық шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беретін стратегиялары мен шығындары туралы айтты. Сондай-ақ,  шетелдік патенттер алған қазақстандық өнертапқыштар туралы мысал келтірді. Мысалы, «Фитохимия» АҚ және ғалымдар тобы С.М. Адекеновтың басшылығымен "Арглабин"дәрілік препаратын  Еуразиялық патенттік ведомствосында, АҚШ, Грузияда, Еуропалық патенттік ведомствосында және т.б. мекемелерде патенттеді. Сонымен қатар,  Саят Шидербеков авторлық құқық туралы заңнама бойынша ақпарат берді және авторлық құқықпен қорғалатын нысандарының мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу рәсімі туралы көрсетіп өтті.

Спикерлердің баяндамалары университет оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының қызығушылығын тудырды, және спикерлер семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

 

 

ҰЗМИ онлайн-сауалнаманы іске қосты

$
0
0

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

Біз сіздерді өнертабысқа арналған өтінім сараптамасы бойынша ҰЗМИ қызмет көрсету сапасына қанағаттану туралы

онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

Бұл ақпарат біздің жұмыс әдістерінің тиімділігін талдау үшін баға жетпес маңызға ие болады.

Біз сіздің пікіріңізге өте мүдделіміз, сондықтан сіз ұсынылған сауалнаманы толтыруға бірнеше минутынызды бөле аласыз деп үміттенеміз.

Біз сізге сауалнаманың барысында жасалған барлық пікірлер қатаң түрде анонимді болады деп сендіреміз.

Сіздің бағалы пікірлеріңізді асыға күтеміз.

Жауаптар 2019 жылғы 1 қарашада сағат 15:00-ге дейін қабылданады.

Сауалнамаға сілтеме.

Назарбаев орталығында салтанатты түрде үш республикалық конкурстардың және «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

$
0
0

Бүгін 2019 жылдың 25 қазанында  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорында ҚР Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ұйымдастыруымен, республикалық конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

  1. Назарбаев Қорының оқушылар арасындағы конкурсы/ Nazarbayev Fund  Schools Challenge;
  2. «Шапағат» өнертапқыштар Республикалық-онлайн конкурсы;
  3. Оқушылар арасында «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та жасампаз бол» Республикалық онлайн-конкурсы.

Іс-шараны құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Алькей Марғұланұлы, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Наталья Пан, «Назарбаев Университеті» ДББҰ инновациялар жөніндегі вице-президенті Ерден Құсаин, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директорының орынбасары Асель Шильдебаеваашып, жеңімпаздарды құттықтап, сондай-ақ Қазақстанның жастар және ересектер арасында  өнертапқыштық қызметті ынталандыру және көтермелеу мақсатында конкурстарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Алькей МарғұланұлыНаталья Пан
Ерден ҚұсаинАсель Шильдебаева
                                                                                      
Ербол Оспанов 

 

Бірінші Nazarbayev Fund Schools Challengeконкурсы 2019 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Назарбаев Университетінде өткізілді. Конкурстың мақсаты қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау, олардың зияткерлік қызмет өнімдерін жасауға деген қызығушылығын арттыру және  жұртшылықты жастардың шығармашылық және ғылыми жетістіктерімен таныстыру болып табылады. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының командалары қатысты. Қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілдері, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының және «Эйр Астана» Ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді. Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарынанкелген оқушылардың командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір облыстық командаларынан оқушылар жеңімпаз атанды. Қазылар алқасының құрамына Крэнфилд университетінің (Ұлыбритания) аэроғарыш мектебінің өкілдері, сондай – ақ "Samruk-Kazyna Trust"корпоративтік қорының және "Эйр Астана"ұлттық тасымалдаушысының өкілдері кірді. Үш күндік турдың қорытындысы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарынан келген оқушылар командалары, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әрбір облыстық командаларының оқушылары жеңімпаз атанды. Финалистерге жүлде ретінде 2019 жылдың 19-26 тамызы аралығында Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапар шеңберінде Ұлыбританияға бару мүмкіндігі ұсынылды.

Nazarbayev Fund Schools Challenge - 2019 жылдың жеңімпаздары

 

Екінші "Шапағат"өнертапқыштар Республикалық онлайн-конкурсыХалықаралық зияткерлік меншік күніне сәйкес 2019 жылдың 26 сәуірінде басталды.  Конкурс өнертапқыштық қызметті насихаттау және өнертапқыштық қызмет туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. 2018 жылы берілген патенттелген Өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер туралы бейнероликтер 2019 жылдың 1 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында онлайн-дауыс беру жүргізілді. Ең көп дауыс жинаған медицина, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, дизайн салалары бойынша он өнертапқыш жеңімпаз деп танылды. Ең көп дауыс жинаған «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК Коммерцияландыру және трансферттік технологиялар бөлімінің бас маманы, техника ғылымдарының кандидаты Шильдебаева Ляззат Кадырбековнаның «Ұлттық ою-өрнегі бар әйел пальтосы» атты өнеркәсіптік үлгі патенті ең көп дауыс жинаған жеңімпазы болып танылды.  (5271 дауыс).

«Шапағат» өнертапқыштар онлайн-конкурсы 2019 жылдың жеңімпаздары

 

Үшінші Оқушылар арасында "Болашақ сенің қолыңда: ойлап тап және жасампаз бол"атты үздік эссе Республикалық конкурсы 2019 жылдың 24 қыркүйегінде бастау алды. Конкурстың мақсаты-оқушылар арасында шығармашылық белсенділікті ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді насихаттау және тарату, өсіп келе жатқан ұрпаққа патенттік мәдениеттің негіздерін дарыту. Бұл байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Республика бойынша конкурсқа мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде 260-тан астам эсселер түсті. 2019 жылдың 14 қазанында конкурстың қорытындысы жарияланды. Конкурс комиссиясы Павлодар қ. Дарынды балаларға арналған «Білім Инновация» лицейінің оқушысы Ратбек Шамшитовтыңшығармасын үздік деп таныды, өз кезегінде жас жасына қарамастан, өнертапқыш атанған. Ол аутизмге шалдыққан балаларға арналған «TRAINAUT» қосымшасын жасап қазіргі уақытта Қазақстанда, Ресейде, Грузияда 90 аса отбасылар осы қосымшаны пайдаланады.

 Оқушылар арасындағы үздік эссе конкурсының жеңімпаздары

 

Іс-шара барысында сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР ҰҒА академигі, Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Николай Буктуковқа В. И. Блинниковтың "өнертабыстық және патенттік іске қосқан үлесі үшін"алтын медалі және С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 4-ші курс студенті  Асель Жумагазееваға"Болашаққа көзқарас"атты Еуразиялық патенттік универсиадасының дипломы тапсырылды. 

ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, доктор Николай Садвакасович Буктуков  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті фармацевтикалық технология өндірісі факультетінің 4-ші курс студенті  Асель Жумагазеева

 

Конкурс туралы толық ақпарат, жеңімпаздардің есімдері мен фотоесептері  «Шапағат» форумның алаңында орналастырылған shapagat.kazpatent.kz.

                                                                                                                                       

Қытайдың авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясымен кездесу өтті

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК 2019 жылдың 4 қарашасында Қытайдың (NCAC) авторлық құқығы бойынша Ұлттық әкімшілігінің делегациясы құрамында NCAC авторлық құқығы департаментінің бас директоры Ю Сике мырза, NCAC бақылау және қамтамасыз ету басқармасының директоры Жао Жие мырза, NCAC халықаралық істер басқармасының директоры Ху Пинг ханым, Қытайдың жазбаша туындыларына авторлық құқық қоғамының бас директоры Жанг Хонгбо мырза іс-сапармен келді.

«ҰЗМИ» РМК тарапынан кездесуге директордың бірінші орынбасары Калия Батаева, директордың кеңесшісі Алия Хабиденова, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстанда авторлық құқықтың обьектілерін тіркеу жүйесімен, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы заңнамада соңғы  өзгерістермен танысу болды.

Қытайлық делегация Қазақстанда авторлық құқықпен қорғалатын туындылардың тіркеу тәртібінің жетілдіруі туралы, өтініш мерзімінің 20 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқаруы, және де толық электрондық құжат айналымына көшу туралы жетістіктерін атап өтті.

Кездесу нәтижесі бойынша тараптар екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге келді.

NCAC делегациясының «ҰЗМИ» РМК іс-сапары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне авторлық құқық жөніндегі Қытай ведомствосының ресми сапары шеңберінде жасалды.

 

«ҰЗМИ» РМК сарапшылары «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК семинарына қатысты

$
0
0
2019 жылдың 8 қарашасында «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» РМК "Өнертабыс болашағы. Биотехнология және патенттер"семинары өтті.
Іс-шара "Ұлттық биотехнологиялар орталығы"Бас директоры орынбасары Касым Мукановтың және "ҰЗМИ"РМК Өнертабыстар, Пайдалы модельдер және Селекциялық жетістіктер департаменті  басшысы Гульдана Ильясованың құттықтау сөздерімен басталды. Өз кезегінде, Касым Муканов елдің экономикалық дамуын ынталандыру үшін инновациялық бмотехнологиялық және селекциялық әзірлемелерді патенттік қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Семинарды тыңдаушыларға биотехнологиялар саласындағы патенттік сарапшы Дамир Темиргалиев ҚР өтінім беру кезінде микроорганизмдер штаммдарын депозиттеу ерекшеліктеріне назар аудара отырып, биотехнологиялық технологияларды дамыту үшін перспективалы салалар туралы айтып берді. Шетелдік патенттеу бойынша патенттік сарапшы Ляззат Тутешова РСТ жүйесіне шолу жасады, сондай-ақ, халықаралық өтінімді беру және қарау, құрастыру рәсімі туралы айтты. Сонымен қатар, селекциялық жетістіктер саласындағы патенттік сарапшы  Адильхан Уромбаев селекциялық жетістіктерді патенттеудің шетелдік тәжірибесін және қазақстандық өнертапқыштардың табысты коммерцияландырылған селекциялық жетістіктерінің мысалдарын келтірді. Мысалы: мәрмәр еті бар қазақстандық селекцияның жалғыз тұқымы – Әулиекөл тұқымы; жоғары сапалы жүні бар меринос қой тұқымы- етті меринос; қазақ жылқы түрі-Жабы. Семинардан кейін "Ұлттық биотехнологиялар орталығы"Бас директорының орынбасары Касым Муканов және дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячаслав Огай «ҰЗМИ» РМК қызметкерлеріне "Ұлттық биотехнологиялар орталығы"лабораторияларына экскурсия өткізді, онда ғалымдар регенеративті медицина, ауылшарушылығы биотехнологиялары, геномика саласындағы өз зерттеулері мен жобаларын ұсынды. Семинар қорытындысы бойынша "Ұлттық биотехнологиялар орталығы"қызметкерлері спикерлердің ақпараттық және мазмұнды, мамандардың кәсіби білімін арттыруға ықпал өтетін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша семинардың маңыздылығын атап өтіп, "ҰЗМИ"РМК қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
 

 

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС тренинг өткізді

$
0
0
«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері 2019 жылдың 8 қарашасында «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС зияткерлік меншік обьектілерінің құқықтық қорғау туралы сұрақтары бойынша тренинг өткізді.
Спикерлер ретінде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, Пайдалы модельдер және Селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова және «ҰЗМИ» РМК Авторлық құқық басқармасының бас сарапшысы Алия Нурахметова сөз сөйледі.
Гульдана Ильясова сөз сөйлеу барысында өнертабыс, ноу-хау, өнеркәсіптік үлгілер және тауар белгілері зияткерлік меншік обьектілерін тіркеудің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты. Компанияның зияткерлік меншігін тиімді басқару мақсатында жобаның сипатына және әзірлеушінің мүдделеріне байланысты әр түрлі қорғау құралдарын пайдаланудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Авторлық құқық туралы заңнама бойынша Алия Нурахметова толығырақ ақпарат берді. Сонымен қатар Алия Нурахметова авторлық құқықпен қорғалатын, Мемлекеттік тізілім обьектілеріне мәліметтерді енгізу рәсімін егжей-тегжейлі көрсетті.
Спикерлердің сөз сөйлеуі «ҚазМұнайГаз Инжиниринг» ЖШС қызметкерлерінің қызығушылығын танытты, және спикерлер тренингке қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 


Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 14 қарашасында ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына университет басшылығы, оқытушылар, магистранттар мен студенттер қатысты. Институт лекторлары «Қазақстан Республикасында өнертабыс пен пайдалы модель объектілерін құқықтық қорғау», «Өнертабыс пен пайдалы модельге өтінім беру процедурасы» және «Авторлық құқық» тақырыптары аясында кең ақпарат берді. Қатысушылар жоғарыда айтылған объектілерге өтінім беруге қойылатын талаптар мен оларды құқықтық қорғауға қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Семинар соңында университеттің оқу істері жөніндегі проректоры Е.А. Дайнеко мен қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, семинардың қызықты, мазмұнды және танымдылығын атап өтті.

Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті

$
0
0

Осы жылдың 14-15 қарашасында Жасыл технологиялардың: таза болашақты құру атты I Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының экологиялық ұйымдары қауымдастыгының қолдауымен, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы ұйымдастырды. 

Конфереция жұмысы аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, Неміс энергетикалық агенттігімен бірлесіп «Жасыл технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесін дамыту» атты  дөңгелек үстел ұйымдастырды. ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК атынан Гульдана Ильясова «Қазақстан Республикасында жасыл технологияларды патенттеу» тақырыбына есеп берді. Сөз сөйлеу барысында Г. Ильясова жасыл технологияларды патенттеуде өнертапқыштарды қолдау құралдары туралы айтты:

  • жеделдетілген сараптама рәсімін пайдалану мүмкіндігі;
  •  «ҰЗМИ» РМК сайтында «Жасыл технологиялар» арнайы іздеу жүргізу бөлімі мүмкіндігі, онда энергетикалық және табиғат қорғау технологиялары саласында 3 мыңнан астам патент орналастырылған;
  • ДЗМҰ WIPO Green өз жобаларын немесе технологияларды және/немесе серіктестерді іздеу мүмкіндігі. WIPO GREEN инновацияларды ынталандыру және жасыл технологияларды тарату мақсатында жеткізушілерді және экологиялық таза технологияларды іздегендерді қосу арқылы климаттың өзгеру проблемасын шешу бойынша жаhaндық күш-жігерді қолдайды. Қазіргі уақытта WIPO Green-де Қазақстанның 12 жобасы орналастырылды. («НАТР» АҚ, «КЦИЭ» АҚ);
  • Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының аумағындағы  «ҰЗМИ» РМК Фронт-кеңсесінде консультациялық қызметтерді алу мүмкіндігі.

Сонымен қатар, Г. Ильясова дөңгелек үстелге қатысушыларды ДЗМҰ мәліметтері негізінде Қазақстандағы және әлемдегі баламалы энергетика бойынша патенттер статистикасын талдауды қоса алғанда, жасыл технологияларды патенттеу үрдістерімен таныстырды.

 

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ баяндамалармен сөз сөйледі

$
0
0

Осы жылдың  15  қарашасында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ  «Болашақтың өнертабысы. Зияткерлік меншік обьектілерін қорғау » атты семинары өтті.  «ҰЗМИ» РМК қызметкерлері  зияткерлік меншік обьектілерінің түрлері бойынша баяндама жасады, құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, инноваицялық инфрақұрылыммен өзара іс-қимыл ерекшеліктері туралы түсіндірді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік обьектілерін шетелде қорғаудың ерекшілігі, маңыздылығы және авторлық құқықты тіркеу рәсімі бойынша толық ақпарат берілді.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ  өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және селекциялық жетістіктерге 300-ден астам патент иесі болып табылады. Университеттің «Патенттік және өнертабыстық іске қосқан үлесі үшін » Еуразиялық патенттік ұйымының наградасы  В.И.Блинников атындағы Алтын медалімен марапатталған. Сондай-ақ, 2019 жылдың маусымында «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ  ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Ветеринариялық санитария» кафедрасының меңгерушісі, доцент Юрий Балджи «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына ие болды.  

Семинар соңында зияткерлік меншік обьектілеріне өтінім беру ерекшеліктеріне назар аудары отырып, агротехникалық инноваицяларды дамыту үшін перспективалы салалар қарастырылды. 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ПАТЕНТТІК УНИВЕРСИАДА «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС»

$
0
0

Құрметті достар!

Еуразиялық патенттік ұйым дарынды жастарды қолдау және зияткерлік меншік мәселеріне құзығушылықты артыру мақсатында жыл сайын «Болашаққа көқарас» атты Универсиада өткізеді. Еуразиялық патенттік Универсиаданың өткізу мерзімі 1 қаңтардан бастап 9 қыркүйекке дейін. Универсиадада орташа жалпы, орташа кәсіптік, жоғарғы білім оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың оқушылары, сондай-ақ басқа да қызығушылық танытқан екі 10 және 25 жастағы категориядағы тұлғалар қатыса алады:

  • 1 жастағы категория – 10-17 жастарды қоса санағанда;
  • 2 жастағы категория – 18-25 жастарды қоса санағанда.

Универсиаданың жеңімпазының бас жүлдесі Мәскеу қаласындағы Еуразиялық патенттік ұйымының штаб-пәтеріне танысу іс-сапары болады. Универсиада жеңімпаздары «Болашаққа көқарас» Еуразиялық патенттік ведомстваның медалімен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Универсиада жүлдегерлері «Болашаққа көқарас» Еуразиялық патенттік ведомстваның медалімен, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Универсиада туралы толық ақпарат ЕАПҰ веб порталында: https://www.eapo.org/ru/univers2019.html орналасқан.

 

Оқу орталығы семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 21 қараша күні «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институтында"тіркеу арқылы Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын құқықтық қорғау және халықаралық келісімдерге сәйкес халықаралық тауар таңбаларын тіркеу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлер атауларын, тіркеуді насихаттау, сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, тауар таңбаларын халықаралық тіркеу процедурасымен және өнеркәсіптік меншікті қорғаудың құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында өткізілді.

Семинарға "Рахат"АҚ, "Балалар әдебиеті"ЖШС, «Алсад Казахстан» ЖШС,  «Legalmax Central Asia» ЖШС, «Зияткерлік меншікті дамыту және оның қауіпсіздігі агенттігі» ЖШС, «CBS Partners» ЖШС, «PGS Energy» ЖШС,  «MTI Medical» ЖШС, «ЮРИСТ» заң компаниясының өкілдері, патенттік сенімді өкілдер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинар жұмысында тауар таңбасын Қазақстан Республикасында  тіркеу, тауар таңбасына халықаралық өтінім беру, сараптама жүргізу процедурасы (алдын-ала, толық, түзетулер, нақтылаулар, қосымша және т.б.) тауар таңбасын қорғау және пайдалану мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу және зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында семинардың практикалық бөлігіне заң ғылымының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Алматы қ.) «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, ғылым саласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы  сыйлығының иегері Қ.С. Мәуленов шықырылып, ол өз кезегінде «Зияткерлік меншік құқықтарды қорғау саласындағы қазақстандық сот тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ басшылығымен кездесу өтті

$
0
0

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  2019 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ басшылығымен жұмыстық кездесу өтті.

Кездесуде «ҰЗМИ» РМК директорының бірінші орынбасары Батаева Калия Омаровнажәне ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ төрағасы Ажгалиев Талгат Булатовичсөз сөйледі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Өсімдіктердің жаңа түрлерін күзету бойынша халықаралық одағына кіру жөнінде (UPOV),  сондай-ақ селекциялық жетістіктерді атап айтқанда, өсімдіктер түрлерін патенттеудің өзара іс-қимылды оңтайландыру рәсімдері сұрақтары талқыланды.

Кездесу нәтижесінде тараптар тығыз ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыру және селекциялық жетістіктерді патенттеудің өзара іс-қимылды оңтайландыру жөніндегі мәселені неғұрлым егжей-тегжейлі талқылау үшін қайталап кездесу өткізу жөнінде келісті.

 

 

Сауалнамаға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

$
0
0

Құрметті өтініш берушілер және олардың өкілдері!

2019 жылдың қазанында біз өнертабысқа өтінімдерді сараптау бойынша ҰЗМИ қызметтерінің сапасына сіздің қанағаттанушылық деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнама жүргізген болатынбыз.

Нәтижелер респонденттердің 85%, біздің қызмет көрсетулерімізге қанағаттанғанын көрсетті.

Біз сауалнамаға қатысқан және өз пікірлеріңізді, ескертулеріңізді және/немесе ұсыныстарыңызды қалдырғандарыңыз үшін барлықтарыңызға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Алынған ақпарат  баға жетпес мағынаға ие және жұмыстың ағымдағы әдістерін жетілдіру үшін пайдаланылатын болады.


Назарбаев Университетінде Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы желісін құру және дамыту бойынша оқыту семинары өтті

$
0
0

27-28 және 29 қараша күндері Назарбаев Университетінде  үш күндік оқыту семинары өтті.

Іс-шара «ҰЗМИ» РМК  ДЗМҰ ынтымақтастығы негізінде және Назарбаев Университетінің «NURIS» инновациялық кластерімен ұйымдастырылды.

Семинардың бірінші екі күні Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жобасын дамытуға (ДЗМҰ) технологиялар мен инновацияларды қолдау орталықтарының (ТИҚО) бағдарламасына арналды, онда ДЗМҰ өкілі, бас спикер – бағдарлама координаторы Натали Монтиллот сөз сөйледі.

Натали Монтиллот тыңдаушыларға технологиялар мен инноваицяларды қолдау орталықтарын құру жөніндегі ДЗМҰ бағдарламасын таныстырды, PATENSCOPE деректер базасын пайдалана отырып патенттерді іздеуді тәжірибе мен мысалдарда көрсетті, сондай-ақ ДЗМҰ ТИҚО ресурстарын пайдалану және қол жетімділігі туралы айтты.

Ресей патенттік ведомство өкілдері Екатерина Белова және Зойя Войцеховская технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы желісін дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер инновацияны қолдаудағы патенттік ақпараттың пайдалылығы мен құндылығы, Ресей Федерациясындағы технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығының ресурстары мен қызметтер желісі туралы әңгімеледі, патенттік іздеу құралдары мен стратегияларын, Espacenet жүйесін пайдалана отырып іздеу қалай жүргізілетінін көрсетті.

Өз кезегінде «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ коммерцияландыру кеңсесінің басшысы Данияр Жумагулов көпшілікке Назарбаев Университетінде көрсетілетін қызметтер туралы инновацияларды қолдау жөнінде айтып өтті.

Атап өтетін маңыздылығы, Назарбаев Университетіндегі Коммерцияландыру кеңсесінде ашылған технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығында өнертапқыштар, студенттер, ғалымдар, бизнес өкілдері зияткерлік меншікті қорғау сұрақтары бойынша сараптамалық кеңес ала алады.

Қазақстанда технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы ұлттық желісін одан әрі дамыту бойынша семинардың екі күндік семинары дөңгелек үстелде қорытындыланды.

ҰЗМИ және Назарбаев Университетінің спикерлері 29 қарашада зияткерлік меншік обьектілерін қорғау мәселелері бойынша тыңдаушылар үшін семинар өткізді.

Баяндамалардың бірінші бөлігі Назарбаев Университетінде зияткерлік меншікті коммерцияландыру мен басқаруға сондай-ақ «NURIS» ЖМ ABC Incubation және ABC acceleration қызметтеріне арналды.

Семинардың екінші бөлігінде «ҰЗМИ» РМК Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы Гульдана Ильясова, семинар қатысушыларына өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау және халықаралық патенттеу жүйесі туралы айтты. Бас сарапшы Абзал Әбдімүтәліп тыңдаушыларға тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау туралы түсіндірді.

Соңында  «ҰЗМИ» РМК Авторлық құқық басқармасының басшысы Саят Шидербеков, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың негіздері туралы айтып өтті.

«Eurasianbrands» халықаралық патенттік орталығының директоры Куаныш Турсунов зияткерлік меншікті қорғау мәселелері жөнінде сөз сөйледі.

Үш күн ішінде тыңдаушылар қатарында техникалық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, бизнес қауымдастық, патенттік сенім білдірген өкілдер және басқа да мүдделі тұлғалар болды. Спикерлер презентациялар барысында тыңдаушылардың қойылған барлық сұрақтарына толық жауап берді.

 

 

 


                                                                                        

 

Оқу орталығы студенттерге арналған семинар өткізді

$
0
0

2019 жылдың 28 қарашасында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мен сақтаудың негіздері» тақырыбында семинар өткізді.

Қазақстандық алғашқы   IT Университет – Орта Азия аумағындағы жетекші оқу орны. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті аймақтағы IT-индустриясына халықаралық деңгейде танылған білікті мамандар  дайындауда  көшбасшы  болып  табылады.

Халықаралық ІТ Университет АҚШ-тың  Carnegie Mellonуниверситетінің құрамды бөлімі – білім берудің ең үздік бағдарламалары мен әлемдік тәжірибесі бар IСarnegie-мен тығыз ынтымақтастықта ашылды.

Сarnegie Mellon бүкіл әлемде алгоритм, компьютерлік желілер, бағдарламалау тілдері, робототехника, компьютерлік лингвистика, бағдарламалық жасақтамалар құрастыру бойынша көшбасшы ретінде танылған университет.

Аталған семинарда өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, тауар таңбаларын құқықтық қорғау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, авторлық құқық объектілері туралы да ақпарат берілді.

Қатысушылар жоғарыда аталған объектілер бойынша өтінім беру процедурасы мен құқықтық қорғауға қатысты көптеген сұрақтар қойды.

Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

 

«ҰЗМИ» РМК қызметкерлері «Назарбаев Университетінің: Astana Business Campus, Бизнес синергиясы, ғылым және білім» нетворкинг-конференциясына қатысты

$
0
0

2019 жылдың  6 желтоқсанында Назарбаев Университетінің қабырғасында,  Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу, Назарбаев Қорының басқарма төрағасы Аслан Саринжипов, Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры басқарма төрағасының орынбасары Саят Нюсупов, Tus-Holdings Co., Ltd. (Қытай) бас операциялық директоры Герберт Чен, Softbank Investment Advisers (Ұлыбритания) инвестициялық кеңесшісі Мохаммед Ахмедтіңқатысуларымен III жыл сайынғы  «Назарбаев Университетінің: Astana Business Campus, Бизнес синергиясы, ғылым және білім» нетворкинг-конференциясы өтті.

Шақырылған спикерлермен конференция барысында, Astana Business Campus ғылыми орталығының ашылуы және дамуы, университеттің NURIS үлгісінде инновациялық кластерді дамытудың артықшылығы, когнативті қалалық экожүйелерді дамыту, Финляндияның, Қытайдың, АҚШ және басқа елдердің үлгісіндегі инновациялық жүйелерді, ғылыми және технологиялық парктерді басқару әдістері туралы тақырыптар талқыланды.

«ҰЗМИ» РМК атынан конференцияға өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті және ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасы қызметкерлері қатысты.

 

 

Оқу орталық тәжірибелік семинарын өткізді

$
0
0

2019 жылдың 12 желтоқсан күні «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалының Оқу орталығы «Қазақстан Республикасында өнертабыстарды құқықтық қорғау, сақтау және коммерцияландыру» тақырыбында тәжірибелік семинарын өткізді.

Семинарға «Металлургия және кен байыту институты» АҚ, С.Д. Асфендиров атындағы ҚазҰМУ, «МиГ» ЖШС, «CloudKitchen» ЖШС,  «СИМОН 1997» ЖШС өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинар зияткерлік меншікті қорғаудың құқықтық қолдану тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізілді: сараптама жүргізу кезеңдерін түсіндіру, патенттерді күшінде ұстау, қорғау құжаттарының қолданылу мерзімін қалпына келтіру және тоқтату. Сонымен қатар филиал қызметкерлері "Зияткерлік меншік саласындағы ҚР заңнамаларындағы өзекті өзгерістер туралы"айтып берді.

Сонымен қатар, шақырылған лектор ретінде "Қазақстан Республикасындағы өнертабыстарды коммерцияландыру жолдары"тақырыбында профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ph.D Е.С. Аскаров және "Зияткерлік меншік саласындағы құқықтарды бұзудың бұлтартпау шаралары"тақырыбына Алматы қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің жетекші маманы Г.Д. Оңғарбаева сөз сөйледі.

Практикалық семинардың соңында пікірталас өткізіліп, онда зияткерлік меншік объектілеріне өтінім беру және оларды коммерцияландыру мәселелері қарастырылды.

«ҰЗМИ» қызметкерлері Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының докторанттарына лекциялық сабақ өткізді

$
0
0

«ҰЗМИ»  қызметкерлері Бас прокуратураның жанындағы құқық қорғау органдары академиясының докторанттарына лекциялық сабақ өткізді. «ҰЗМИ» РМК ғылыми-зерттеу және талдау жұмысы басқармасының  бас сарапшысы Алтын Сапарғали баяндама жасады. Өткізілген лекция барысында зияткерлік меншік құқығы саласындағы жалпы сұрақтар талқыланды. Атап айтқанда ұсынылған ақпарат «ҰЗМИ» РМК қызметіне қатысты болды, соның ішінде қызметтер көрсету, зияткерлік меншік обьектілерін тіркеу үшін сараптама жүргізу, мерзімі, осы саланы заңнамалық зерттеу, өзекті өзгерістер, халықаралық ынтымақтастық, қазіргі проблемалық аспектілерін және оларды шешу жолдары.

Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының бас маманы Нұркелді Темірхан «зияткерлік меншікті қорғау және қорғау саласындағы дауларды шешу жөніндегі сот тәжірибесі» тақырыбы жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар баяндамашылар өтінім беру, қорғау құжаттарын беру, қолданыстағы қорғау құжаттары бойынша негізгі көрсеткіштерді ұсынды.

Тыңдаушылар және Академияның қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз әсерлерімен бөлісіп және алғыстарын айтты.

                                                    

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live