Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау IT стартаптар

$
0
0

IT шешімдерді әзірлеушілер «ҰЗМИ» РМК жүгіну арқылы өнертабыстар, пайдалы модельдерге патенттерді қоса алғанда, зияткерлік меншік обьектілеріне құқықтық қорғау алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, өтінім берілген және тиісті төлемді растайтын құжат ұсынылған жағдайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеделдетілген сараптама жүргізу қарастырылған.

Сонымен қатар 2018 жылдың 24 қыркүйегінен бастап ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға авторлық құқықтарды куәландыратын куәліктерді алу мүмкіндігі бар, авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізіліміне мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күні. Өтінімді  egov.kz веб-порталы және біздің сайт арқылы онлайн беруге болады.

 

 


Astana Hub IT стартаптар Халықаралық технопаркінде оқыту семинары өтті

$
0
0

2019 жылдың 23 желтоқсанында Astana Hub  IT стартаптар Халықаралық технопаркінде Ұлттық зияткерлік меншік институты сарапшылары «IT-шешімдерді зияткерлік меншік ретінде тіркеу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара 2019 жылдың «ҰЗМИ» РМК және Astana Hub  IT стартаптар Халықаралық технопаркімен жасалған меморандум аясында өткізілді. Өнертабыстар және селекциялық жетістіктер департаменті физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Замира Срайылтехнопарктің қызметкерлерімен тыңдаушыларын IT-шешімдерді патенттеудің процесімен таныстырды. Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының аға сарапшысы Ляззат Тутешеваөз баяндамасында шетелде патенттеудің негізгі ретін түсіндірді. Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары Саят Шидербековавторлық құқықты тіркеу жөнінде түсіндірді.

 Семинардың соңында IT мамандар және стартапшылар IT-шешімдерді тіркеу және құқықтық сауаттылық, зияткерлік меншік саласында өз обьектілерін қорғау және сақтау бойынша сұрақтарға толықтай консультациялар алды.

 

Тутешева ЛяззатСрайыл Замира
Шидербеков Саят

 

Facebook Kazakhstan қабырғасында co-working форматында кездесу өтті

$
0
0

2020 жылдың 13 ақпанында Facebook Kazakhstan қабырғасында co-working форматында өнертабыстарды шетелде патенттеу сұрақтары бойынша кездесу өтті. 

Өнертабыстарды шетелде патенттеу мәселелері туралы сұрақтарына «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілдері, Алтынай Батырбекова және Ляззат Тутешова жауап берді.

Кездесу соңында Facebook Kazakhstan қызметкерлеріне барлық сұрақтар бойынша толық кеңес берілді.

 

 

 

«ҰЗМИ» РМК делегациясының Түрік патенттер мен тауар таңбалары ведомствосына (TURKPATENT) жұмыс сапары

$
0
0

2020 жылдың 13 ақпанында «ҰЗМИ» РМК директоры Ермек Қуантыров бастаған делегация жұмыс сапарымен Анкара қаласындағы  Түрік патенттер мен тауар таңбалары ведомствосы (TURKPATENT)  президенті Хабип Асанмен кездесті.

Тараптар екі мемлекеттің патенттік жүйелерінің қазіргі дамуы туралы тәжірибе және ақпаратпен алмасты, сондай-ақ  «ҰЗМИ» РМК және Түрікпатент  арасында Меморандумға қол қою аясындағы жоспарланған өзара түсіністік туралы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Ведомстволар Меморандумға 2020 жылдың күзінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше мемлекеттер Ассамблеясының 60 мәжілісі барысында қол қоюға ниетті.

«Жасыл технологиялар» анықтамасын қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтті

$
0
0

2020 жылдың 14 ақпанында Халықаралық  жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында (ары қарай-Орталық) «Жасыл технологиялар» анықтамасын қалыптастыру» дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, қоғамдық , халықаралық қаржы орталықтары және халықаралық «Астана» қаржы орталығының салалық сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстелде : Орталықтың  Басқарма Төрағасы – Рамазан Жампиисов, НТС Орталығының өкілі және бас менеджері-Александр Брагин, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» Басқарма Төрағасы – Елдос Абаканов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел жұмысы «жасыл технологиялар» ұғымын енгізу және қалыптастыру қажеттілігін талқылауға арналды.

Мұндай қажеттілік 2019 жылғы жүргізілген талдаудың нәтижесінде пісіп жетілді, оның қорытындысы бойынша кәсіпорындардың кеншілігі жасыл технологиялар мен олардың артықшылықтары туралы хабардар болмағаны анықталды. Кәсіпорындар оларды енгізу үшін жеткілікті  қаржы ресурстарын бөлмейді. Статистикада талдау жүргізілмейді, кейбір кәсіпорындар жасыл сияқты табиғатты қорғау технологияларын түсіндіреді. Әркім бұл терминді өзінше түсінеді. Елдегі жасыл технологияларды пайдаланатын кәсіпорындардың үлесі 1,6% -ды құрайды.

«ҰЗМИ» РМК атынан (ары қарай-ҰЗМИ) дөңгелек үстелдің жұмысына Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы – Айдын Артықова, Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаментінің басшысы – Алтынай Батырбекова қатысты.

Айдын Артықова- өз сөзінде ҰЗМИ қандай да бір өнертабыстарды жасыл технологияларға жатқызу кезінде экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық сыныптамасын басшылыққа алатынын атап өтті.  Мұнда «жасыл технологиялар» жалпы экологиялық басқару және жаңартылатын көздерден энергия өндіру сияқты салаларды қамтиды. Бүгінде жасыл технология саласында екі мыңнан астам өнертабыс патенттелді. Патенттік заңнама негізінде ҰЗМИ өнертабысқа патент беруге жеделдетілген сараптама ұсынылады, ол оң жұмыс күні ішінде формальды сараптаманы жеделдетіп жүргізуді және мәні бойынша үш ай ішінде сараптаманы жеделдетіп жүргізуді қамтиды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, заңнамалық деңгейге анықтама енгізу жасыл технологиялар нарығына қатысушылар арасында бірыңғай түсінік құруға мүмкіндік береді. "жасыл жобалар", "жасыл қаржыландыру"сияқты жаңа анықтамаларды қалыптастыруға ықпал етеді, экономикалық ынталандыру шараларын, стандарттарды және т.б. әзірлеуге көмектеседі.

 

Презентация

«ҰЗМИ» РМК директорын тағайындау

$
0
0

2020 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова  «Ұлттық зиякетрлік меншік институты» РМК ұжымына мекеменің  директоры  Ермек Куантыровты таныстырды.

Е. Куантыров әр жылдары әділет органдарында, 2017-2019 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс атқарған, «ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары лауазымын атқарған, 2019-2020 жылдары – ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаменті директорының орынбасары болған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Колумбия университетінде құқық-магистрі (LL.M.) дәрежесін иеленген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, Ербол Оспанов «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, Ұлыбританиядағы Лондон Корольдік колледжінде тағылымдамадан өту үшін осы жылдың ақпан айынан бастап оқу демалысында.

 

Оқу орталығы өтінімдерді электронды беру бойынша тәжірибелік семинар өткізді

$
0
0

Негізі цифрландыру болып табылатын үшінші жаңғыру туралы мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын және 2020 жылға арналған ҰЗМИ РМК «Зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім көлемін арттыру» іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2020 жылдың 19 ақпанында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы «Зияткерлік меншік объектілеріне электронды өтінім беру және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді.

Аталған шараға «Аврора Холдинг» ЖШС, «Kinpopark Centre» ЖШС, «National Paints Ltd» ЖШС, «UCHINA» ЖШС өкілдері және басқа жеке тұлғалар қатысты.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

«Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында «ҰЗМИ» РМК дөңгелек үстел өткізді

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК 2020 жылғы Жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2020 жылдың 21 ақпанында «ҰЗМИ» РМК «Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылкышиева, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдыкова, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және мониторинг басқармасы басшысының м.а. Меруерт Туребекова қатысты.

«ҰЗМИ» РМК ұжымы және Алматы қ. филиалы мамандары толықтай видеожелі арқылы қатысты.

Іс-шара барысында Сараптама және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының басшысы Алтынай Тайшеваның, сондай-ақ кадрлық жұмыс басқармасының бас маманы Рустембек Жумановтың сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға қарсы баяндамалары тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылкышиева Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңашылдықтар, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық туралы, сондай-ақ шаралар кешені туралы, заңнамалық бастамалардан бастап және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мен білім беру бойынша жұмыстары туралы толығырақ айтып берді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың себептері, онымен күрестің негізгі бағыттары, осы құбылысқа теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» фильмі көрсетілді.

Жиын соңында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заң шеңберінде мемлекеттік органдар мен бүкіл қоғамның белсенді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

 Жазира Жылкышиева, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары 
 Алтынай Тайшева, Сараптама және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу басқармасының басшысы 

 


Оқу орталығы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

$
0
0

Волонтер жылы аясында 2020 жылдың 21 ақпанында жас өнертапқыштарды анықтау, насихаттау, және ынталандыру, сондай-ақ олардың зияткерлік меншік объектілерін жасауға қызығушылығын тудыру мақсатында ҰЗМИ  филиалының Оқу орталығы Алматы облысы, Талғар ауданының №13 орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Ұйымдастырушылар оқушыларға өнертабыстардың жасалуы, белгілі өнертабыстарды жетілдіру, әлемнің және Қазақстан Республикасының ең қымбат брендтері туралы, автор ұғымы және авторлық құқық объектілері жайында айтып берді.

Аталған кездесуде оқушыларға «Дарынды интеллектуал» байқауы және зияткерлік меншік объектілері (патенттер, тауар таңбалары, авторлық құқық) бойынша әзірленген буклеттер ұсынылды.

Оқушылар тарапынан ҚР-ғы әйгілі брендтер және авторлық құқық объектісі ретінде әдеби шығармаларды тіркеу турасында сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында мектеп директоры Құралай Сатыбайқызы Қонысбаева зияткерлік меншік саласында жастардың білімін арттыруға осы тектес шаралардың пайдасы мен маңыздылығын атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

«Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: жаңа сын-қатерлер» аймақтық семинарына қатысу

$
0
0

2020 жылдың 25-26 ақпаны аралығында Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік Ұйымының қолдауымен «Қазіргі әлемдегі зияткерлік меншік: жаңа сын-қатерлер» атты аймақтық семинары өтті.

Семинардың мақсаты – зияткерлік меншік саласында білім беру және оқыту, заманауи мәселелер, ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастығы, Беларусь Республикасында  зияткерлік меншікті  бағалау мен есепке алудың тәжірибесі мен мәселелері, сондай-ақ жаhандық цифрландыру контекстінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және деректер қауіпсіздігі мәселелерін талқылау болды. 

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты атынан Өнеркәсіптік меншік обьектілеріне құқықтарды іске асыру туралы шарттарды тіркеу басқармасының басшысы Дархан Ныгметовқатысып, «Әділ мүдделер теңгерімі: қоғамдық және құқық иеленушілер проблемалары», «Қазіргі экономикалық және техникалық ортадағы зияткерлік меншік» екі дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

 

«ҰЗМИ» РМК «Жас өнертапқыш мектебі» практикумдар сериясын өткізуін жалғастыруда

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК өкілдерімен 28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының №3 мектеп-гимназиясында 8-10 сыныптарға арналған практикум өткізілді.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Айдын Артыкова оқушыларға, өнертабыстар деген не, зияткерлік қызметтерге не жатады, бұл нәтижелердің авторлары кім бола алады және ол үшін не қажет, зияткерлік меншік обьектілерін пайдаланушыларда қандай құқықтар мен міндеттер бар және олардың құқық иеленушілерінің заңды мүдделерін бұзбай, осы обьектілерді қала пайдалана алады деген тақырыптарды айтып өтті.

Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары Инкара Шертышева тыңдаушыларға «ҰЗМИ» РМК «Шапағат» форумы аясында жыл сайын өткізілетін конкурстар туралы айтып өтті. Кездесу соңында оқушыларға «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсының фильмі көрсетілді.

Оқушылар зияткерлік меншік обьектілерін қорғауға, авторлық құқық пен өнертабыстарды пайдалану сонымен қатар «ҰЗМИ» РМК өткізілген конкурстарға қатысты сұрақтар қойып, жоғары белсенділік танытты.

Естеріңізге сала кетейік, Волонтер жылы аясында «ҰЗМИ» РМК қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыру және қолдау мақсатында «Жас өнертапқыш мектебі» оқу практикумдар сериясын іске қосты. Бірінші практикум 2020 жылдың 3 ақпанында «ҰЗМИ» РМК базасында Нұр-Сұлтан қаласының 150 оқушысына өткізілді оған елорданың жоғары сынып оқушылары қатысты.

«ҰЗМИ» РМК қысқа курстар мен жылдық бағдарлама шеңберінде зияткерлік меншік бойынша оқытуды өткізуді жоспарлауда.

 Айдын Артыкова, Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысыИнкара Шертышева, Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының орынбасары

 

Оқу орталығы оқыту семинарын өткізді

$
0
0

2020 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК филиалында «Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілік талаптары, тіркеу рәсімі және оларға қорғау құжаттарын алу» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар бизнес құрылым өкілдері, отандық өндірушілер мен мүдделі тұлғалар үшін құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында өткізілді.

Шараға «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Химфарм» АҚ, Халықаралық білім беру корпорациясы, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өкілдері және басқа да тұлғалар қатысты.

Семинар барысында өнеркәсіптік меншік объектілеріне (өнертабыстар, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілер) сараптама жасау, тіркеу, қорғау құжаттарын беру және оларды пайдалануға қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, спикер ретінде Зияткерлік меншік иеленушілері қауымдастығының Президенті Болат Серікұлы Құрманғали «Зияткерлік меншік иеленушілері қауымдастығының көзқарасы бойынша зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар тарапынан қорғау құжаттарын және олардың телнұсқаларын алу, патенттерді күші жоқ деп тану мен олардың күшін алдын-ала тоқтату, өнертабысқа, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге берілген патенттің күшін ұзарту бойынша өтініш беру мен іс қағаздарын жүргізуге қатысты және басқа да сұрақтар қойылды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

                                                                         

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

$
0
0

 Құрметті әйелдер қауымы!

Тамаша көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын, әр күндеріңіз бақытты, қуанышты болсын. Ал көктем гүлінің иісімен бірге Сіздердің өмірлеріңізге игілік сыйласын.

Сіздерге зор денсаулық, махаббат және жақындарыңыздың амандығын тілейміз.

Сіздермен әрдайым өзара түсіністік пен келісім, тыныштық пен қуаныш бірге болсын!

 

Құрметпен,  ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК ұжымы

 

«ҰЗМИ» РМК делегациясының Түрік патенттер мен тауар таңбалары ведомствосына (TURKPATENT) жұмыс сапары

$
0
0

2020 жылдың 13 ақпанында «ҰЗМИ» РМК директоры Ермек Қуантыров бастаған делегация жұмыс сапарымен Анкара қаласындағы  Түрік патенттер мен тауар таңбалары ведомствосы (TURKPATENT)  президенті Хабип Асанмен кездесті.

Тараптар екі мемлекеттің патенттік жүйелерінің қазіргі дамуы туралы тәжірибе және ақпаратпен алмасты, сондай-ақ  «ҰЗМИ» РМК және Түрікпатент  арасында Меморандумға қол қою аясындағы жоспарланған өзара түсіністік туралы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Ведомстволар Меморандумға 2020 жылдың күзінде Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына мүше мемлекеттер Ассамблеясының 60 мәжілісі барысында қол қоюға ниетті.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

$
0
0

 Құрметті әйелдер қауымы!

Тамаша көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын, әр күндеріңіз бақытты, қуанышты болсын. Ал көктем гүлінің иісімен бірге Сіздердің өмірлеріңізге игілік сыйласын.

Сіздерге зор денсаулық, махаббат және жақындарыңыздың амандығын тілейміз.

Сіздермен әрдайым өзара түсіністік пен келісім, тыныштық пен қуаныш бірге болсын!

 

Құрметпен,  ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК ұжымы

 


МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

$
0
0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылдың 15 наурыздағы Жарлығы негізінде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК  офисіне жеке бару барысында өтінім берушілерге консультациялар беру тоқтатылады.

Консультациялар  +7 7172 621 515, 621 516, 621 591 телефон номерлері арқылы, kazpatent@kazpatent.kzэлектрондық поштасы, сондай-ақ ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК ресми сайтының онлайн режиміндегі  «Jivosite» бөлімі  арқылы  беріледі.

Сонымен қатар кіріс және шығыс хат-хабарлар сағат 10:00 ден 17:00 ге дейін ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК  бірінші қабатындағы кеңсесінің сыртқы терезесі арқылы қабылданатындығын хабарлаймыз.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

$
0
0

Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 сәуірі аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Прездентінің 2020 жылғы 15 наурызындағы Жарлығы негізінде короновирус инфекциясының (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында «ҰЗМИ» РМК директоры Е.Қуантыров 2020 жылдың 16 наурызында №82нқ бұйрыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» атағын беру байқауы басталды

$
0
0

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру Ережесінесәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ашық. Өтініштер 2020 жылдың 1 мамырына дейін i.shertysheva@kazpatent.kzэлектрондық поштасына жолдау қажет.

Дәреже жыл сайын екінші тоқсанда, сараптамалық ұйымымен өткізетін конкурс нәтижесі бойынша тағайындалады. Комиссияның жұмыс органы сараптамалық мекеме болып табылады («ҰЗМИ» РМК).

Өтінімдерді берумен байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, комиссия хатшысы Шертішева Іңкәр Төлеутайқызына +7 705 429 91 72 телефон номеріне хабарласуды сұраймыз.

 

Ескерту: өтінімдер электрондық нысанда қабылданады!

Қазақстанның патенттік сенімді өкілдер Ассоциациясының басшысы өмірден озды

$
0
0
Ұлттық зияткерлік меншік институты ұжымы Русакова Нина Васильевнаның өмірден мезгілсіз ерте озуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына, Қазақстанның патенттік сенімді өкілдер Ассоциациясы және "Бюро Плис"ЖШС әріптес-мүшелеріне орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, шын ниеттен көңіл айтады.
Біз оны зияткерлік меншік саласында, Қазақстан Республикасының және Еуразиялық патенттік сенім білдірілгендердің ең тәжірибелі патенттік сенім білдірілген өкілдердің бірі, өз ісіне терең берілген кәсіпқой ретінде танитынбыз.
Русакова Нина Васильевна Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты және патенттік сенім білдірілген өкілдердің жаңа буынын тәрбиеледі.
Нина Васильевнаның жарқын жүзі мәңгі жүрегімізде сақталады. 

 

Жас патент иегері «Жас Өркен» конкурсының жеңімпазы атанды

$
0
0

2020 жылдың 13 сәуірінде «Жас Өркен»балалар республикалық сыйлығының екінші маусымы жеңімпаздары анықталды деп Oбьектив.kz хабарлады, бұл іс-шарада біздің қоғамдағы ең талантты балалар марапатталады. Іс-шараның ұйымдастырушылары, «Республика-Өңір-Даму» ҚҚ және «Қостанай Дарыны» Өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығы болып табылады.

Сыйлыққа 14 номинация бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 300 астам үміткер ұсынылды. Дауыс берудің бірінші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 126 номинант қатысты. Ақтық сынға 56 номинантшы өтті.

Қуантарлығы, «Жас зерттеуші»номинациясында (Юный новатор) «Күмбез тәрізді күн трекері» пайдалы модель патентінің авторы және жас өнертапқыш, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі» 11 сынып оқушысы Темирлан Рахимбаевгран-при жеңімпазы атанды.

Атап өтетін болсақ, 2020 жылдың 3 ақпанында «Волонтер жылы» қарсаңында «ҰЗМИ» РМК ұйымдастыруымен, Темирлан «Жас өнертапқыш мектебі»практикумына қатысқан. Темирлан өз баяндамасында Нұр-Сұлтан қ. мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына өнертабыс тәжірибесімен бөлісіп, аудиторияның сұрақтарына жауап берген.

Өнертапқыш жас ұрпақтың осындай конкурстарға қатысуы, бұл өзінің өнертабысын әлеуетті инвесторлар мен сатып алушыларға көрсетудің тамаша тәсілі.

Анықталғандай, Темирланның жобасы Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің назарын аударды, қазіргі уақытта жас өнертапқышқа, стартапқа әлеуетті инвесторларды тартуда жәрдемдесетін болды. Темирлан өз сөзінде, «Біз өнеркәсіптік мақсат үшін үлгіні іске асырғымыз келеді, яғни үлкен фермерлік шаруашылықтарға қажет болатын панельдері бар трекерлер. Қазір біз үлгілерімізді сынау үшін қолайлы шаруашылықтарды іздейміз» - деп атап өтті, телефонмен сөйлесу барысында.

Атап өтсек, қазақстандық дарынды жастардың шығармашылық белсенділігін біз мұқият бақылаймыз. Дарынды және талантты жастарды қолдау және еліміздегі стартап-экожүйені дамыту мемлекеттік маңызды іс болып табылады, өйткені халықтың игілігі оның шығармашылық әлеуетімен анықталады.

 

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live