Quantcast
Channel: Ұлттық зияткерлік меншік институты - Новости
Viewing all 565 articles
Browse latest View live

ДЗМҰ қызметтік бос орындары

$
0
0

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ), БҰҰ мамандандырылған мекемесі, келесі лауазымдарға білікті кандидаттарды іздестіретіндігін хабарлайды:

P4-20089-FT-Бағдарламалық шешімдердің аға әзірлеушісі және қолдау жөніндегі менеджері

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті, әкімшілік және басқару секторы,  кәсіпорындардың сәулеттік және ИКТ бағдарламаларын басқару бөлімі.

Өтінім берудің соңғы мерзімі 2020 жылдың 12 мамыры

P4-20108-FT-Бағдарламалық өзгерістер, коммуникация және пайдаланушылық тәжірибе менеджері

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаменті, әкімшілік және басқару секторы,  кәсіпорындардың сәулеттік және ИКТ бағдарламаларын басқару бөлімі.
Өтінім берудің соңғы мерзімі 2020 жылдың 12 мамыры.

 

*Бұл екі лауазымдар уақытша тағайындау үшін ашық немесе № 12/2020 басқармасының нұсқаулығына сәйкес тұрақты қызметкерлер.

 

Өтінім берудің соңғы мерзіміне қатысты маңызды ескерту:
Өтінім берушінің орналасқан жерінің сағаттық белдеуіне сәйкес, өтінім берудің соңғы мерзімі жергілікті уақыт бойынша көрсетілетініне назар аударыңыз.

Тізімді қараңыз:
https://wipo.taleo.net/careersection/wp_2/jobsearch.ftl?lang=en

 

 


Халықаралық зияткерлік меншік күнімен құттықтау

$
0
0

Құрметті әріптестер, достар!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты ұжымының атынан биылғы жылы «жасыл» болашақ инновацияларына арналған Халықаралық зияткерлік меншік күнімен шын жүректен құттықтауды қабыл алыңыздар.

Климаттың өзгеруі жағдайында «жасыл» болашақты құру - қазіргі уақыттың өзекті мәселесі.

Біз басқа елдермен тең дәрежеде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін «жасыл» инновацияны, пайдалы және экологиялық өнімді құруда өнертапқыштарды қолдаймыз.

Баршаңызға амандық, шығармашылық табыс және өркендеу тілеймін!

 

Құрметпен,

Ермек Куантыров

 

Назар аударыңыз! «Шапағат» аясында Өнертапқыштар байқауы басталды

$
0
0

Конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 26 тамызы аралығында өткізіледі.

Конкурс жыл сайын өткен жылдың қорытындысы бойынша электронды түрде өткізіледі.

Конкурсқа 2019 жылы берілген өнеркәсіп үлгілеріне, пайдалы модельдер мен өнертабысқа қолданыстағыпатенттері бар Қазақстан Республикасының құқық иегерлері қатыса алады.

Интернет-ресурсын пайдаланушылар арасында дауыс беру ағымдағы жылғы 1 қыркүйек пен 10 қазан аралығын қоса алғанда өткізіледі. Дауыстарды санау бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген, кодты растау арқылы жазылады. Дауыстар бірегей ұялы телефон нөміріне жіберілген кодты растау арқылы жазылады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін конкурс қорытындысы шығарылады. Ең көп дауыс жинаған алғашқы он жеңімпаз Конкурс жеңімпаздары болып табылады.

 

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

бірінші кезең – онлайн-конкурстың басталуы туралы хабарландыру;

екінші кезең – интернет-ресурсындa https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/zayavka-na-respublikanskiy-onlayn-konkurs-izobretateley онлайн-өтінімтерді қабылдау;

үшінші кезең – дауыс беру;

төртінші кезең – қорытындысын шығару.

Барлық қалаушыларды конкурсқа қатысуға шақырамыз! Сәттілік тілейміз!

«Шапағат» Өнертапқыштар байқауы сілтеме:

https://shapagat.kazpatent.kz/kk/contest

 

 

Халықаралық іздеу органы және халықаралық алдын ала сараптама органы ретінде Зияткерлік меншік бойынша федералдық қызметін (Роспатент) таңдаған РСТ жүйесін пайдаланушылар үшін хабарлама

$
0
0

COVID-19 пандемиясы және оның Роспатент қызметіне әсері салдарынан, ДЗМҰ халықаралық бюросы және бүкіл әлемдегі почта жүйелері қызметіне әсері салдарынан, 2020 жылдың 30 наурызынан бастап Халықаралық іздестіру органы (ISA/RU) және халықаралық алдын ала сараптама органы (IPEA/RU) ретінде әрекет ететін Роспатент өтінім берушілерге РСТ өтінімдері бойынша хабарлармаларды, халықаралық іздестіру туралы есептерді, жазбаша хабарламаларды және халықаралық алдын ала сараптама қорытындыларын жіберу тәртібін өзгертті.

Өтінім берушілер ДЗМҰ еРСТ халықаралық бюросының қызметін пайдалана отырып ISA/RU  халықаралық іздестіру туралы есебімен және жазбаша хабарламасымен танысып, халықаралық өтінімдер бойынша іс жүргізу туралы толық ақпарат ала алады.

еРСТ қызметін әлі қолданбайтын өтінім берушілерге, тиісті есептік жазба жасау ұсынылады. Бүл қызмет туралы толық ақпарат мына мекен-жай бойынша: https://pct.wipo.int/ePCTExternal/pages/landing.xhtml

Өтінім берушілер, өтініште халықаралық өтінімге оның мекен-жайын көрсетсе отырып, ақпараттық сипаттағы хабарламаларды ISA/RU электрондық пошта арқылы алатын болады.

Халықаралық өтінімге берілген өтініште электрондық поштаның мекен-жайын көрсетпеген өтінім берушілер, оны төменде көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілген ұсынымдарға сәйкес халықаралық бюроға ақпарат бере отырып жасай алады.  https://www.wipo.int/pct/en/news/2020/news_0008.html.

Қажет болған жағдайда, өтінім берушілер ISA/RU мекен-жайына көрсетілген электрондық пошта арқылы хабарлама жібере алады pct-peo@rupto.ru.

 

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» - 2020 атағын беру бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды

$
0
0

2020 жылдың 27 мамырында «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурстық комиссияның отырысы өтті. Екі үміткер құрметті атаққа ие болды. Кандидаттардың қызметі комиссияның қарауына түскен конкурстық материалдарды қарау нәтижесі бойынша бағаланды. Конкурсқа қатысу үшін өтінішхаттарды мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер, ғылыми және өзге де ұйымдар ұсынады. Өтінімхатта үміткердің өнертабысы, олардың іс жүзінде пайдалануы және сала үшін маңызы, алынған патенттері мен авторлық куәліктердің саны, сондай-ақ өнертапқыштық саласындағы кандидаттың марапаттары, көтермелеулері және өзге де жетістіктері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Конкурстық комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының 2020 жылдың 29 мамырындағы №113-нқ бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы - 2020» атағы, ең көп балл санын жинаған екі үміткерге берілді:

Дудкин Михаил Васильевич –  техника ғылымдарының докторы, Д. Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Инженерия мектебінің профессоры;

Маемеров Мелес Макешович – техника ғылымдарының докторыАлматы технологиялық университетінің Тағамдық және қайта өңдеу технологиясы проблемалық ғылыми-зерттеу зерханасының меңгерушісі.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағы ең маңызды және кеңінен пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары болып табылатын, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында жыл сайын II тоқсанда сараптамалық ұйыммен өткізілетін конкурс нәтижелері бойынша беріледі.

Атап өтетіні, 2020 жылы конкурстық комиссияның қарауына алты конкурстық материал келіп түсті.

«Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» конкурсының жеңімпаздарын дипломдармен және естелік ленталармен салтанатты марапаттау рәсімі елімізде карантиндік мерзім алынғаннан кейін өткізіледі.

 

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерімен онлайн кездесу өтті

$
0
0

Бүгін 26 маусым 2020 жылы «ҰЗМИ» РМК директоры Ермек Куантыров Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу саласындағы сараптама ұйымымен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, оның ішінде өтініш берушілермен электрондық өзара іс-қимыл, мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, тауар таңбаларын тіркеуге өтінімдер сараптамасы, Апелляциялық кеңес қызметі талқыланды.

Тараптар өткізілген талқылаулардың нәтижелілігін атап өтіп, осындай форматта тұрақты түрде кездесулер өткізуге келісті.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – бірінші патент авторы өмірден озды

$
0
0

 

Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұжымы, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Республикасының бірінші патентінің авторы – Еділ Ерғожаұлы Ерғожиннің өмірден мезгілсіз озуына байланысты отбасына көңіл айтады.

Еділ Ерғожаұлы өзінің қызмет еткен жылдары, ғылымның дамуына, өнертабысқа және ғылыми білімді таратуға аса зор үлес қосты. КСРО және Қазақстанның 348 патентінің авторы.

Еділ Ерғожаұлының өмірден озуы – барлығымыз үшін үлкен орны толмас қайғы.

 

ҚР ҰҒА академигі, Химия ғылымдары институтының директоры Е. Ерғожинге конкурстық негізде жеңіп алған No1 «Редоксит» Тәуелсіз Қазақстанның патентін тапсыру

                                       

Байланыс ортылығы

$
0
0

ҚР Әділет министрлігінің  «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін байланыс орталығының телефондары бір қалалық желіге біріктірілген.

Байланыс орталығына түсетін қоңыраулар автоматты түрде бос операторларға қосылады.

Байланыс-орталығының Нұр-Сұлтан қ. номері +7 (7172) 62-15-15, Алматы қ. номері  +7 (7273) 44-30-13.

 


ТМД Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің онлайн-отырысы өтті

$
0
0

25 тамызда Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Ермек Қуантыров ТМД Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің онлайн-отырысына қатысты.

Қатысушы мемлекеттердің өкілдері аймақтағы интеграциялық процестер аясында зияткерлік меншік саласын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратпен алмасты.

Әр түрлі саладағы, соның ішінде кадрларды даярлау және қайта даярлаудың, сондай-ақ мемлекетаралық келісімдер жасасу арқылы өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

 

                                                                                          

Оқушылар арасындағы «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» үздік шығарма байқауы

$
0
0

НҰР-СҰЛТАН – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (ҚАЗПАТЕНТ) оқушылар арасында жыл сайынғы «Болашақ сенің қолыңда: ойлан тап та, жасампаз бол» байқауының басталғандығы туралы жариялайды.

Байқауға Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Шығармалар (ЭССЕ) 2020жылдың 2 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, зияткерлік меншік саласындағы білімді кеңейту және жас ұрпақ арасында патенттік мәдениеттің негіздерін қалыптастыру.

Байқау шарттарымен https://shapagat.kazpatent.kz/kk/content/okushylar-arasynda-bolashak-senin-kolynda-oylan-tap-ta-zhasampaz-bol-konkursyсілтемесі арқылы танысуға болады.

Жеңімпаздардың есімдері 2020 жылдың 14 қазанында белгілі болады.

Толық ақпарат алу үшін байқау ұйымдастырушыларына +7 708 388 8099ұялы телефоны немесе s.moldabek@kazpatent.kzэлектронды поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қызметкерлері ҚР Конституциясы күніне орай марапатталды

$
0
0

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығына сәйкес, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның төрт қызметкері өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы» медальдарымен, сондай-ақ төрт қызметкер Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев бұйрығымен грамота және алғыс хаттармен марапатталды.

 

ҚР Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен

  1. Қасенов Айдын Аманжолұлы - Қаржы-экономикалық жоспарлау, мемлекеттік сатып алулар және материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Шаруашылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
  2. Тұрғамбаева Сәния Елемесқызы - «ҰЗМИ» РМК Алматы қ. филиалы Тауар таңбалары және өнеркәсіптік үлгілер бойынша талдамалық зерттеулер басқармасының бас сарапшысы
  3. Тринколенко Андрей Владимирович - Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы
  4. Құттыбаева Айтолқын Әзіретқызы - Тауар таңбалар, тауар шығарылған жерлердің атаулар және өнеркәсіптік үлгілер департаменті Өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Грамотасымен

  1. Боканова Меруерт Амантаевна - Даму және жұртшылықпен байланыс басқармасының консультанты
  2. Абдрахманова Жазира Аскаровна - Кадрлық жұмыс басқармасының бас маманы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Алғыс хатымен

  1. Нурахметова Алия Аскаровна - Авторлық құқық басқармасының бас сарапшысы
  2. Тутешева Ляззат Алмаганбетовна - Өнертабыстар, пайдалы модельдер және селекциялық жетістіктер департаменті Өнертабыстар және селекциялық жетістіктерді формалды сараптау басқармасының аға сарапшысы марапатталды.

 

Құттықтаймыз!

Корей халықаралық жастар олимпиадасы #KIYO4i2020

$
0
0

 

Корея Республикасындағы Бүкіләлемдік әйел-өнертапқыштар мен кәсіпкерлер қауымдастығы (WWIEA) 3-11 сынып оқушыларын онлайн режимінде өтетін # KIYO4i2020 Корей халықаралық жастар олимпиадасына 2 бағыт бойынша қатысуға шақырады:

 

1) Үздіктердің арасындағы үздік өнертабыс:

Идея, сызба немесе фотосуреттің кіріспесін/контурын жіберу

1-2 адамнан тұратын топтағы 3 сынып оқушылары үшін

 

2) Топтық шығармашылық жоба:

Жүктелген міндеттерді шешу;

Екі минуттық түйіндеме және презентациялық бейнебаян жасау.

3-5 адамнан тұратын топтағы 3-11 сынып оқушылары үшін

 

Тіркелудің соңғы мерзімі: 20 қыркүйек

Онлайн-бағалаудың мерзімі: 5-10 қазан

Жеңімпаздарды жариялау 12 қазанда болады.

 

Тіркелуге керек құжаттар, ақшалай жарнаның сомасы және техникалық талаптар http://en.kiyo4i.comсайтында көрсетілген.

Толтырылған құжаттарды wwiea@wwiea.orgэлектронды поштасына жіберу керек.

Банктік қызмет көрсету шартына өзгерістер енгізу туралы

$
0
0

Құрметті өтініш берушілер!

Алдағы уақытта "Қазақстан Халық банкі"АҚ-мен банктік қызмет көрсету шартына өзгерістер енгізуге байланысты "жеке кабинет"арқылы ҰЗМИ РМК қызметтеріне ақы төлеу кезінде әрбір транзакция үшін 200 теңге мөлшерінде комиссияның бірыңғай мөлшерін белгілеу жоспарлануда.

Онлайн төлем режимінде жаңа шарттарды енгізу мерзімдері туралы қосымша ақпарат жақын арада орналастырылады.

Назарларыңызға рахмет.

 

Өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалардың назарына! ҚР ӘМ «ҰЗМИ» РМК көрсететін жұмыстар мен қызметтердің бекітілген бағаларына өзгерістер енгізілді

$
0
0

«ҰЗМИ» РМК директорының 2019 жылғы 03 қаңтардағы №02 нқ бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен қызметтердің бекітілген бағаларына өзгерістер енгізілді.

Бағаны өзгерту туралы бұйрық 2020 жылғы 15 қыркүйектенбастап қолданысқа енгізіледі.

 

 
 
 

Қазақстан Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің отыз алтыншы (жиырма жетінші кезекті) отырысына қатысты

$
0
0
 

 

МӘСКЕУ - НҰР-СҰЛТАН - 2020 ж. 10-11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми делегациясының қатысуымен Еуразиялық патенттік ұйымның Әкімшілік кеңесінің (ЕАПҰ ӘК) кезекті отырысы өтті.

 

ЕАПҰ ӘК отырысы мүше мемлекеттердің өкілдері мен олардың орынбасарларының, соның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (KAZPATENT) директоры және ЕАПО АК төрағасының орынбасары Ермек Қуантыровтыңқатысуымен өтті. Сондай-ақ, отырысқа ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы департаментінің (ДИС) директоры Мейіржан Төлепов, ҚР ӘМ ДИС директорының орынбасары Әсемгүл Әбеноважәне KAZPATENT директорының орынбасары Мақпал Шугаиповақатысты.

 

Кездесу барысында қазақстандық тарап ЕАПҰ қызметінің бірқатар негізгі мәселелері және Қазақстанның зияткерлік меншік саласындағы серіктес елдермен өзара іс-қимылы бойынша өз ұстанымдарын білдірді: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында сот корпусын, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау саласындағы кадрларды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Еліміз үшін бұл мәселе өзекті болып табылады, мәселен, ЕАПҰ қатысушылары ішінде Қазақстан еуразиялық патенттерге өтінім берушілер бойынша алғашқы үштікке кіреді», - деп Е. Қуантыров атап өтті.

 

Сондай-ақ, өткен жылдың жұмыс нәтижелерін талқылай отырып, іс-шараға қатысушылар өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы Хаттамаға қол қойылған Дипломатиялық конференцияны (2019 ж. 9 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан қ.) сәтті өткізгені үшін Қазақстан Республикасына алғыс білдірді. Өнеркәсіптік үлгілерге бірыңғай еуразиялық патент алуға негіз болатын аталған Хаттаманың күшіне енуі 2021 жылдың басына жоспарланған.

 

Онлайн-отырыста ЕАПҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған шаралар да талқыланды. Атап айтқанда, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) және шетелдік патенттік ведомстволармен бірлесіп жүргізілген тыңғылықты жұмыстардың арқасында 2021 жылы ЕАПҰ Еуразиялық патенттік ведомствосы Халықаралық іздеу органы және халықаралық алдын-ала сараптама органы мәртебесін алады деп мәлімденді.

 

Одан басқа, отырыс шеңберінде ЕАПҰ ӘК шешімімен «Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін» В.И. Блинников медалімен өнертапқыш, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының және Ресей Ғылым академиясының академигі Төрегелді Шармановжәне тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev Universityмарапатталды.

 

*Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Еуразиялық патенттік конвенцияға қосылған сегіз қатысушы елдің (Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан) бірі болып табылады. Еуразиялық патенттік ұйым өзінің 25 жылдығын атап өтуде.

 

ЕАПҰ мен оның патенттік ведомствосының басты міндеті - Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің аумағында әрекет ететін бірыңғай еуразиялық патент негізінде өнертабыстарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету.


В.И. Блинников атындағы алтын медалімен және дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының сыйымен марапаттау туралы өтініштерді 1 қарашаға дейін қабылдаудамыз!

$
0
0

Құрметтеу және мадақтау мәдениетін дамыту, сондай-ақ өнертапқыштық, шығармашылық және инновациялық қызметті дәріптеу, сондай-ақ интеллектуалды еңбекті мойындау мақсатында Ұлттық зияткерлік меншік институты (KAZPATENT) келесі марапаттарға үміткерлерді ұсынуға өтінімдер қабылдайды:
1. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) алтын медалі және / немесе сыйы.
Марапат туралы толық ақпарат: https://www.wipo.int/ip-outreach/ru/awards/

2. В.И. Блинников атындағы Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПҰ) алтын медалі
Медаль туралы толық ақпарат: https://www.eapo.org/ru/documents/norm/medal_polog_2015.html
Марапаттауларға лайық үміткерлерді ұсыну құқығы министрліктерге, ведомстволарға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, ғылыми-техникалық қоғамдарға және Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдарына беріледі.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ұйым бір ғана үміткер ұсына алады!

Номинациясы көрсетілген ұсыныстар басшылық қол қойған және электронды түрде мөрмен бекітілген бланкіде ұсынылады. Сонымен қатар, ұсынысқа ғылыми кеңестің немесе еңбек ұжымының жалпы жиналысының хаттамасынан үзінді немесе үміткерді ұсыну туралы шешім қоса жіберіледі.

Ұсыну мерзімі: 2020 ж. 1 қарашасы.
Анықтама телефоны: +77014967675 - Ділдә Нұралина
Электрондық поштасы: d.nuralina@kazpatent.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы – бірінші патент авторы өмірден озды

$
0
0

 

Ұлттық зияткерлік меншік институтының ұжымы, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Республикасының бірінші патентінің авторы – Еділ Ерғожаұлы Ерғожиннің өмірден мезгілсіз озуына байланысты отбасына көңіл айтады.

Еділ Ерғожаұлы өзінің қызмет еткен жылдары, ғылымның дамуына, өнертабысқа және ғылыми білімді таратуға аса зор үлес қосты. КСРО және Қазақстанның 348 патентінің авторы.

Еділ Ерғожаұлының өмірден озуы – барлығымыз үшін үлкен орны толмас қайғы.

 

ҚР ҰҒА академигі, Химия ғылымдары институтының директоры Е. Ерғожинге конкурстық негізде жеңіп алған No1 «Редоксит» Тәуелсіз Қазақстанның патентін тапсыру

                                       

KAZPATENT Оқу орталығы «Тұран» университетінің студенттеріне вебинар өткізді

$
0
0
2020 жылдың 14 қазанында KAZPATENT филиалының Оқу орталығы тауар таңбаларды тіркеуді насихаттау, сараптама өткізу сатыларын түсіндіру, халықаралық тіркеу процедурасы және зияткерлік меншік қорғауда құқық қолдану тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Тұран» университетінің студенттеріне вебинар өткізді.
 
Университеттен іс-шараға қатысқан 44 адамға құттықтау сөзімен «Маркетинг және логистика» кафедрасының аға оқытушысы А. Қаирова шықты. Аталған вебинарда «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларына берілген өтінімдерге сараптама жасау процедурасы» тақырыбында Тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді талдаулық зерттеулер басқармасының аға сарапшысы А. Куренкеева баяндама жасады.

 

Учебный центр KAZPATENT провел вебинар для студентов университета «Туран»

$
0
0
14 октября 2020 года Учебным центром филиала KAZPATENT для распространения информации о регистрации товарных знаков, разъяснения этапов проведения экспертизы, а также ознакомления с процедурой международной регистрации и правоприменительной практики защиты интеллектуальной собственности проведен вебинар для студентов университета «Туран».
 
Для 44 человек из университета с приветственным словом выступила старший преподаватель кафедры «Маркетинг и логистика» А.Каирова. На вебинаре с докладом на тему «Процедура проведения экспертизы заявок на товарные знаки в Республике Казахстан» выступила старший эксперт Управления аналитических исследований по товарным знакам и промышленным образцам А.Куренкеева.

«ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау» тақырыбында вебинар өткізді

$
0
0
2020 жылдың 5, 6 қарашасында «ҰЗМИ» РМК филиалының Оқу орталығы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) студенттеріне арналған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және сақтау» тақырыбында вебинар өткізді.
 
Вебинар барысында өнертабыс пен пайдалы модель объектілеріне өтінім беру және оларға қатысты құқықтарды қорғау, өнеркәсіптік меншік объектілерінің патент қабілеттілігі, тауар таңбасына берілген өтінімді қарау және тауар таңбасын тіркеу, тауар таңбасының Мемлекеттік тізілімін жүргізу, авторлық құқық объектісіне куәлік алу мәселелері қарастырылды. Айта кету керек, қатысушылар авторлық құқық және сабақтас құқықтар тақырыбына үлкен қызығушылық танытты.
 
Вебинар жұмысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойды. Вебинар диалог форматында өтті. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, алдағы уақытта жемісті еңбек тіледі.

 

Viewing all 565 articles
Browse latest View live